400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сын есімнен берілген білімді қайталау. Қазақтын би-шешендері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерден Сөйлем модуліндегі сын есім тақырыбы бойынша өткендерін сұрап, ерекшеліктеріне тоқтала кету. Белсенді әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, түйіндеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән оқытушысы: Сулейменова Алия Зейнулгабденовна

Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Сын есімнен берілген білімді қайталау. Қазақтын би-шешендері.

Сабақтың ұраны: «Шешеннің ең ұлы қасиеті- қажет нарсені ғана айту емес, сонымен қоса қажеті жоқ нәрсені айтпау»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Проблеманы шешу

Студенттерден Сөйлем модуліндегі сын есім тақырыбы бойынша өткендерін сұрап, ерекшеліктеріне тоқтала кету. Белсенді әдістерді қолдана отырып, білім алушылардың алған білімдерін пысықтау, түйіндеу.

Ә) Ақпараттық

Студенттердің ақпарат көздері, ойын арқылы білімдерін жетілдіру. Теориялық материалдарды жүйелі, тиянақты баяндауға дағдыландыру. Өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Б) Коммуникативтік

Студенттердің сұрақ-жауап арқылы ойлау қабілеттерін арттыру. Талдауға алынған мысалдар арқылы адалдыққа, адамгершілікке, білімді болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Пысықтаужәне қайталау сабағы

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: Модульдік оқыту технологиясы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, топтық жұмыс әдіс-тәсілдерін қолдану

Пәннің интеграциялық мүмкіндігі: Қазақстан тарихы, Әдебиет, Философия, Тіл білімі, Психология

Оқыту құралдары: Activ-тақта (интербелсенді тақта), POWER POINT бағдарламасы негізінде презентациялық слайдтар, аудио-видио бейне материалдары, үлестірмелі қағаздар.


Сабақтың барысы:

  1. Психологиялық ақуал:

Амандасу, аудиторияның тазалығын тексеру, студенттерді түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

  2. Біз қай модуль бойынша, қай тақырыпты өттік?

    1. Морфология бөлімі нені қарастырады?

    2. Қазақ тіліндесөз таптары нешеу?

    3. Сын есім дегеніміз не?

    4. Сын есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? (дара, күрделі)

    5. Тұлғасына қарай? (негізгі, туынды)

    6. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (сапалық, қатыстық)

  3. Пысықтау және қайталау сабағына дайындық:

Сабақтың «Алтын ережесімен» таныстыру

  • Тапсырманы жауапкершілікпен атқару

  • Берілген сұрақтарға белсенді жауап беру

  • Шығармашылық деңгейде сұрақ қоя білу

  • Өзгелердің пікірін құрметтей білу

  • Мәдениетті көркем тілде сөйлеу

  • Тыныштыққа сақтау


Кең даладасай мен сала жыра көп,

Ескілерден бізге қалған мұра көп,

Бағаласақ, қадірлесек қанекей

Сәніменен мәнін бұзбай жаратып

Сол мұраның бір бөлігі нақыл сөз.

Аталардан бізге жеткен ақыл сөз,

Мықтыларды тәу басына келтіріп,

Әлсіздерге қорған болған батыр сөз,

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Есі барға бір ауыз сөз жетеді,

Жетесізге аталы сөз айтсақ та,

Шіміркенбей бірақ аттап өтеді,-демекші


Тәуелсіз еліміздін дамуы ушін мәдени-рухани жетістіктерді келешек ұрпаққа қалдырудын үлесі зор. Халықтың даналық мұрасы сақтаудың негізі – тәрбиеде. Өскелең ұрпақтың туған тіліне деген сүйіспеншілігін оятып, сөз мәйегін ұгындырып, туған тіліміздін құмарлығын арттыруда шешендік өнердің маңызы зор. Ал сендердің «Сөйлем » модулі бойынша өткен сын есімдер тақырыбын бүгін осы қазақтың би-шешендері лексикалық тақырыбымен байланыстыра отырып пысықтпаймыз.

Сабақ пысыктау, қайталау сабағы болгандықтан, «Модульдік оқыту технологиясы» бойынша жүргізіліп отыр. Осы оқудың мақсатында мынадай жүйе алынған.







Shape1

Shape2 Философия

Қазақстан тарихы тіл білімі







Шешендік өнер

СЫН ЕСІМ




Тест жүйесімен Саясат және заң

жұмыс


  1. «Қазақстан тарихы» бөлімі:

    1. Бейне сұрақ

Сұрақты дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы М.С. Байкенова

  1. Топқа

Сұрақ: Қазақтың би-шешендері қай ғасырда өмір сүрген?

    1. Берілген шешендік сөздің ішінен сын есімдерді тауып жазыңыздар. Оларды ажыратыңыздар.

Арқан қара нардай жауыр болсын,

Мінезің қара жердей ауыр болсын,

Өкпең жоқ бауыр болсын.

Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,

Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

(Малайсары би)

  1. Бейне сұрақ

Сұрақты дайындаған Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.А.Шаяханова

  1. Топқа

Сұрақ: Сіздердің бүгінгі қайталап жатқан грамматикалық тақырыптарыңыз тіл білімі саласының қай бөліміне жатады?

  1. Берілген шешендік сөздің ішінен сын есімдерді тауып жазыңыздар. Оларды ажыратыңыздар.

Жақсымен жолдас болған,

Ел ұстанған тілектей болады,

Қыз ұстанған жібектей болады,

Жадыраған жаздай болады,

Айдын көлдегі қаздай болады,

Отау ортасындағы оттай болады,

От ортасындагы шоқтай болады,

Тұрағы алтын шырақтай болады,

Тұяғы асыл пырақтай болады...


  1. «Саясат және заң» бөлімі:

Ι топ сұрағы

    1. Бейне сұрақ

Сұрақты дайындаған тарих пәнінің оқытушысы А.А.Жетпісбекова

Сұрақ: Салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын атаңыз

    1. Берілген сын есімдерді тұлғасына қарай екі топқа бөліп жазу.

Таза, жақсы, сөзшең, өнерпаз, үлкендеу, биік, сусыз, үлкенді-кішілі, әдемі, ақ, көкпеңбек, білімдар, хабардар.

Ι Ι топ сұрағы

  1. Бейне сұрақ

Сұрақты дайындаған тарих және қоғамтану пәндерінің оқытушысы Л.А.Абубакирова

Сұрақ: Шешендік өнердің түрлерін атаңыздар

  1. Берілген сын есімдерді тұлғасына қарай екі топқа бөліп жазу.

Атақты, сұлу, жеңіл, мол, қоғамдық, пайдасыз, ақылсыз, тар, турашыл, пікірлес, мәдени, тарихи, жалақор, жағымпаз


  1. «Философия» бөлімі:

Ι топ

Төменде берілген би-шешендердің ой-пікірлерінен сын есімдерді тауып, оларды шырай түрлеріне айналдырыңыздар.

  • Білімді адам ашпай көріп, айтпай сезеді,

Білімсіз надан нені көріп, нені сезеді?

Айтайлақ би

  • Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым-әулие-әнбиелкердің мирасы; ал мал-перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың.

Әзірет әлі шешен

  • Қалам-ең жақсы ұстаз, жазылгансөз тап қазір ойлаған сөзден артық.

Цицерон


Ι Ι топ

Төменде берілген би-шешендердің ой-пікірлерінен сын есімдерді тауып, оларды шырай түрлеріне айналдырыңыздар.

  • Сараң болар кісініқабағынан танимын.

Дауы жөнсіз кісіні сөзінен-ақ танимын.

Өзі тұйық жігітті жүрісінен танимын.

Іші сұйық әйелді күлісінен танимын

Бапан би

  • Жақсы мінез, жарқын жүрек, парасат

Әм денсаулық әркімге де жарасат

Алла кімге бұл төртеуін сыйласа

Ол өмірден табар мәңгі рахат


  • Жаман болса-жақын жау

Шабан болса-атың жау

Шайпау болса- әйелін жау

Кетеген болса-түйең жау

Тебеген болса-биең жау

Тіл алмаса-ұлың жау

Бай алмаса-қызың жау

Малайсары би


  1. «Тіл білімі» бөлімі:

Көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойып, оларды мағынасына қарай ажыратыңыздар.

Ι топ

  • Шешендік тіл ғана емес, ойы......, білімі де......., тілдік сезімі......., .......адамдарға тән қасиет.

  • Төле би - өз заманының......., .......азаматы, халық қадірлейтін дәрежеге жеткен.

  • ....... болса, ағайын жақын

....... болса, інің жақын

....... болса, келінің жақын

....... болса, көршің жақын

Қазыбек би

(жүйрік, мол, күшті, ақылды, қадірлі, білімді, тату, ақылды, инабатты, сыйлас)


Көп нүктенің орнына керекті сын есімдерді қойып, оларды мағынасына қарай ажыратыңыздар.

Ι Ι топ

  • Халық аңызы-Қазыбектің дауысы................... болып қарсы алдындағы жотаға естіледі екен.

  • Атың ............болса, тіршілікте мінген пырағың, балаң........ болса, жанып тұрған шырағың. Атың ............болса, тіршілікте көрген тозағың, балаң........ болса, ғұмырлық көрген тозығың

  • Ел ағасы........... болса, елін жау түгіл, жолаушы тоңар

(Қоңыр қаздың дауысындай, жақсы, жаман, ақымақ)


  1. Сабақты бекіту:

  2. Тест жүйесімен жаттығу

Білімді бекітудің қолайлы әдісі

  1. Тәрбиелік мәнін шығару:

1.Билер мен шешендерді халық қанша уақыт өтсе де, неге ұмытпай қадірлейді деп ойлайсыз?

2.Сіз болашақта адал да, әділ сот бола аласыз ба?

3.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» дегенді қалай түсінесіз?

4.«Төрелікке таласқан екі жақтариза болу керек, жеңілген де, женген дешындықты мойындауы керек» дегенді қалай түсінесіз?

  1. Үйге тапсырма:

Шешен-билердің толғауларын жаттау. Ішінен сын есімдерді теріп жазып, тұлғасына қарай анықтау.

  1. Бағалау

Алдын-ала беріліп отырған ұпайларын есептеу арқылы әр топты, сабаққа қатысқан белсенді студенттерді тиісті бағасымен бағалау




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 қаңтар
602
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі