400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Шындық шыңы-ақиқат 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Шындықтың биігіне –ақиқат кушімен жететінімізді түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Нургалиева Гулмира Владимировна

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылы И.Құрманов атындағы орта мектебі әлеуметтік педагог және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

6-сынып, Өзін – өзі тану пәні

Сабақтың тақырыбы: Шындық шыңы-ақиқат

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: кішіпейілділік,татулық ,сабырлылық

Сабақ мақсаты: Шындықтың биігіне –ақиқат кушімен жететінімізді түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

- Оқушыларға кішіпейіл болуға үйрету.

- Оқушыларды ұстамды болуға үйрете отырып,татулыққа баулу;

- Оқушыларды сабырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, үнтаспа

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу

Оқу құралдарына назар аудару 5Т

2.Тыныштық сәтi. Тыныс алу жаттығуы.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Б.Адамбаевтың «Сөздің атасы мен анасы» мәтінін оқу және 4-тапсырманы орындау

-Қазыбектің аулына кім келді?

-Саудагер Қазыбекке сұрақ қойғаннан кейін қандай іс-әрекет жасады?

-Қазыбектің жауабы қандай болды?

-Саудагердің іс-әрекетінен нені байқауға болдады?

-Сабырлы болудың маңызы неде?

-Өзің өзге адамды шыдамдылықпен тыңдайсың ба?

Сабақ барысын

талқылау:

  1. Дәйексөз.

«Шындық шырағы дауыл соқса да өшпейді» Ғ.Мұстафин

Ұлдар 2-рет, қыздар 2-рет , бәрі бірге айтады.




Өтірік пен шын

Т. Қажыбаев


Телефон безілдеп қоя берді.

Байыз тауып отырмайтын Меруерт жүгіріп барып телефонның құлағына жармасты:

– Әлло!

Мамасы «мені үйде жоқ деп айт» дегенше болған жоқ, Меруерт:

– Мама, мама, сені шақырып жатыр, – деп мамасының қолына телефон құлағын ұстата берді.

– Ту, жоқ деп айтпадың ба? – деген мамасы ренжіп қалды.

– Қалай жоқ деймін. Міне, барсың ғой, – деген Меруерт анасының ренішті жүзіне көзі жәудірей қарады. Өзің ылғи өтірік айтушы болма. Өтірік айтқан адам – жаман адам дейсің ғой.

Іс тігіп отырған әжесі әңгімеге араласты.

– Меруертім дұрыс айтады. Бар адамды қалай жоқ дейсін? Айналайын, өтірік айтпағаның жөн. Адамға өтірік айту жараспайды, – деп немересін тізесіне отырғызып, маңдайынан иіскеді.

Киініп жатқан мамасы өзінің ағаттығын сезді-ау деймін. Меруерттің қасына тізерлеп отыра қалды да:

– Кешір, мамаңды. Мамаңнан бір ағаттық кетіпті. Әжең орынды айтады. Өтірік айта көрме, – депқызының бетінен сүйіп, жылдам басып шығып кетті.

«Жұмысына шақырған ғой, шамасы». Мамамды ренжітіп алдым ба деп қобалжып отырған Меруерттің көңілі орныққандай болды.


-Телефонға кім жауап берді?

-Меруеттің мамасы қандай іс-әрекет жасады?

-Әңгімеге кім араласып, соңғы дұрыс шешімге алып келді?

-Қобалжып отырған Меруерттің көңілі неге орныққты?

-Үнемі шындықты айтудың маңызы неде?

-Өзің шындықпен жүресің бе?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушыларды сүйіспеншілік және мейірімділік сөздері арқылы екі топқа біріктіріп, әрбір әріпіне жақсы сөздер құрастыру.

Шындық менің досым тақырыбына жоба қорғату.

Ш - А-

Ы- Қ-

Н- И-

Д- Қ-

Ы- А -

Қ- Т-



  1. Топпен ән айту.

Адалдық өткелі
Сөзі: Ақмарал Леубаева
Әні: Жарылқасын Дәулетов


1. Сүйетініме шүбәм жоқ,
Сүймей ме деген күмән көп.
Түстім бе деген тура жол,
Көрінбейді тұман боп.

Қайырмасы:
Бақытқа толы мұң-кесем,
«Жалған» дер дұшпан «шын» десем.
Қай жаққа болсын кетер ем,
Қолымнан ұстап «жүр» десең.

2. Көзіңді жұмып тұнығым,
Соңымнан ерші, құлыным.
Өзгелер қолы жетпеген,
Өзіңмен өтсін ғұмырым.

3. Тағдырға сенбей болмайды,
Шын бақыт екі қонбайды.
Адалдық дейтін өткелден,
Көп адам өте алмайды.



  1. Үй тапсырмасы.

(98 бет) Қ.Толыбаевтың «Ақиқат» әңгімесін оқу және шындық туралы мақала жазып келу

Дәптермен жұмыс

26 - сабақ, 1- тапсырманы орындау.



  1. . Сабақтың қорытынды минуты : Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Жайлап, көздеріңізді ашуға болады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
905
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі