400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сыңғырлаған қоңырау" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып бойынша Орта мерзімді жоспардың Менің мектебім бөлімі бойынша Сыңғырлаған қоңырау тақырыбы оқушылар қоңыраулардың айырмашылығы,дыбысы және музыка жайлы ой-сезімін визуалды элементтер мен музыкалық қимылдар арқылы жеткізе біледі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім: Менің мектебім

Мұғалімнің аты-жөні: С.Дильмуханова

Күні:

Сабақтың тақырыбы:


Сыңғырлаған қоңырау

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны:


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

2.1.1.2 – Музыка жайлы ой-сезімін визуалды элементтер мен музыкалық қимылдар арқылы жеткізу.

2.1.2.2 – Екпіні мен ырғағын сақтай отырып,қарапайым шулы,музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.

2.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (2-4 такт) шығару және импровизациялау.

Сабақ мақсаты


Барлық оқушылар:

-қоңырау дыбысының жазбаларын тыңдайды,талдайды;

-«Жас дәуірдің түлегіміз» (өлеңін жазған: Е.Өтетілеуов,әнін жазған: И.Нүсіпбаев) әнін үйренеді,орындайды;

-қоңырау аспабының көмегімен музыкалық композицияны орындайды:

-жасаған жұмыстарды бағалауға тырысады;

Оқушылардың көпшілігі:

-қоңырау дыбыстарының жазбаларын тыңдайды,талдайды,айырмашылығымен ұқсастықтарын табуға тырысады;

-«Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйренеді,орындайды және музыкалық шулы аспаптарды қолдана отырып,әнге сүйемелдеу құруға талпынады;

-қоңырау аспабының көмегімен музыкалық композицияны орындауға тырысады,

-өз жұмыстарын мүмкіндігінше бағалайды;

Кейбір оқушылар:

-қоңырау дыбыстарының жазбаларын тыңдайды,талдайды,айырмашылығымен ұқсастығын табады;

-«Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйренеді,мәнерлеп орындайды және музыкалық,шулы аспаптарды қолдана отырып,әнге сүйемелдеу құрайды;

-қоңырау аспабының көмегімен музыкалық композицияны орындайды;

-өз жұмыстарын бағалайды;

Бағалау критерийі

-әннің әуенін таза,сөздерді анық,мәнерлі орындайды;

-музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеу ырғағын шығарады;

-өз жұмыстарын таныстыра және бағалай біледі;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Музыканы тыңдай отырып,шығарма сипатын,аспаптардың дыбыс бояуын,музыканың көркемдеуіш құралдарын,динамикалық белгілерді анықтайды.Сәйкес терминдерді қолдана отырып,музыканы талдайды және талқылайды,өз жұмысына түсінік береді және оны іске асуы үшін ұсыныстар енгізеді.

Талқылауға арналған сұрақтар:

..........музыка сипаты қандай?

Неге олай ойлайсың...........?.....сәтті орындалды?

Құндылықтарды дарыту

Халық,классикалық,заманауи,музыканы тыңдату және тәрбиелік мәні зор әндерді орындату арқылы оқушыларға мәдени құндылықтарды дарыту.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек дүниетану

Бастапқы бөлім

Алдыңғы бөлімде алған білімдері

Сабақтың жоспары

Жоспарланғануақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Сабақтың басы


Топқа бөлу

Түрлі-түсті стикерлер арқылы 3 топқа бөлу.

1-тапсырма. Тыңдау және талдау

Оқушылар:

-Қоңырау дыбыстарының жазбаларын тыңдайды.

-Талдау,айырмашылығымен ұқсастығын табады.

-Мына сұрақтарға жауап береді:

-Қоңырау қандай дыбыс шығарады?

-Үш қоңыраудың дыбыстары бірдей ме,әлде ерекшеліктері бар ма?

-В.А.Моцарттың «Волшебная флейта» шығармасында қоңырау дыбысы қандай сипат береді? Өз түсінігін сыныптастарына айтып беру.


Нота хрестоматиясы,фонохрестоматия,оқулық,қоңырау аспабының дыбыс жазбалары

Сабақтың ортасы







2-тапсырма. Орындау.

«Жас дәуірдің түлегіміз» (өлеңін жазған:Е.Өтетілеуов,әнін жазған И.Нүсіпбаев)- талап бойынша үйрету.

Оқушыларға тапсырма:

-Әнде не туралы айтылады?Сыныптастапрмен бірге талқылау.

-Әнді талаптарына сай үйрену,орындау.

-Әннің көңіл күйі қандай?

-Ұрмалы және музыкалық,шулы аспаптарды қолдана отырып,әнге сүйемелдеу құру.

3-тапсырма. «Венн диаграммасы» Қоңыраулардың айырмашылығы мен ұқсастықтарын табу.

Дескриптор

Аспаптарды суретке қарап талқылайды

Аспаптардың айырмашылығын айыра алады.

Аспаптардың ұқсастықтарыны табады.



Нота хрестоматиясы,фонохрестоматия,оқулық

Ұрмалы және шулы аспаптар,фишкалар рахтық суреттер.

Венн диаграммасы

Сергіту сәті


Сергіту сәті


видеожазба

Сабақтың соңы

Орындау

Оқушыларға ұрмалы,музыкалық және шулы аспаптарды қолдана отырып өздерінің композицияларын орындауды ұсыныңыз.

Балаларға арналған шулы аспаптар

Кері байланыс









Берілген кері байланыс арқылы рефлексия жасайды

«Бағдаршам» кері байланыс


«Бағдаршам» кері байланыс

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Тыңдалған музыкаға сүйемелдеу жасау барысында мұғалім кейбір оқушыларға көмек ретінде ырғақ үлгілерін үсына алады.

Ән үйрену барысында кейбір оқушылар мұғалім көмегінежүгінбей орындай алады.

Бақылау:

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша;

Ән орындау кезінде бір-бірін өз ара бағалайды.



Ден саулық сақтау техгологиялары


Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері



Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды,неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
2931
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі