жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Сыныптағы достық 6 сынып
Авторы: Алпысбаева Шолпан Сабитовна
Шымкент қаласы №129 жалпы орта білім беретін мектебі
Өзін-өзі тану мұғалімі
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Сабақтың тақырыбы: 20 - сабақ. Сыныптағы достық.
Дружба
Friendship
Құндылық:Қиянат жасамау, дұрыс әрекет
Қасиеттер: Тұрақтылық, адалдық,шыншылдық
Сынып 6 «А»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері: - оқушыларға адамды риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру. - оқушыларға дұрыс шешім қабылдай білу, шынайы қасиеттерін дамыту; - оқушыларды айналысындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу. |
|
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» оқушыларды жағымды күйге келтіру. Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады . Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз : Күн нұрлы сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңіздің, эмоцияңыз бен тілек – қалауыздың шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сауле шашуда. Қолымыз тек жақсы ,игі істер істейді, және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр саулесін шашуда.Қолымыз тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана естиді. Нұр көздерімізгеде жетті, көзімізге тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды. Сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға , мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей , ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын ... Ғаламның барлық түпкір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз : «мен нұрлымын ....Нұр менің ішімде ... Мен нұрмын». Осындай Нұр ,Махаббат және тыныштық күйде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз . Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет 5 Т – ережесін еске түсіреміз. 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5.
Татулық. Топқа біріктіру: «Қағаз жүрекшелер» арқылы сәйкес келетін түстермен біріктіремін. 1 топ Адалдық 2 топ Шыншылдық 3 топ Жауаптылық 4 топ Мейірімділік « Лездеме » әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау: 1. №19 – сабақ. Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №20, «Қоңыр күз еді» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.Мәтіндегі «Сен өзіңді басқамен салытырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 2.Ұстаз оқушы бойынан қандай қасиетті көре білді деп ойлайсыңдар? 3.Қазақтың Чеховы деп кімді, қай жазушыны айтып тұрғанын білесіңдер ме? 4.Адам қандай қасиеттері арқылы рухани – адамгершілік биігіне көтеріліп, кемелдікке жете алады? |
Плакаттар, маркер,стикер үйлестіру.
Баяу әуен қойылып
Үй тапсырмасын талқылау.
Мәтіннің авторы Қалихан Ысқақ
|
Жаңа сабақ: Ой қозғау: Мұғалім сыйы. (Достық туралы бейне ролик көрсету)
1. Қиын жағдайға түскенде достар бір-біріне қандай әрекет жасайды? 2. Қиын сәтте достардың бір-біріне жасаған әрекетін сипаттап беріңіздер 3.Сіздер осындай ұқсас мысалдар білесіздер ме? Айтып беріңіздерші?
Сабақтың дәйексөзі Досыңменен дос болғанға шаттан, Дұшпаныңмен дос болғаннан сақтан
деген нақыл сөзін оқушыларға айтқызу,сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіру және жаттап келу. Дәйексөзді 3 рет қайталайды, ұлдар,қыздар Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?
|
Халық нақылы
|
Дәптермен жұмыс: 4-тапсырма Достарыңның, сыныптастарыңның алдындағы жауапкершіліктерің туралы тізбектеп жазу. 5 .Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс, жеке жұмыс.Постер қорғау I топ : «Достық» тақырыбында ребус құрастыру және «достықты» бейнелейтін суретті салу. IIтоп: «Менің сыныбым – менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу. IIIтоп: «Дос», «Достық», «Татулық», « Жолдас» туралы мақал-мәтел жазу және мағынасын түсіндіру. IV топ: Үлкен тұлғалардың қанатты сөздерін мұқият оқып, мән –мағынасын түсіндіріңдер Міржақып Дулатов: «Дос емес дос сыртынан жамандаған». Махмұд Қашқари: «Дос адам маңайыңды жұмақ етер». Әл-Фараби: «Өрге жүзген өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен». Жүсіп Баласағұн: «Көңіліңе қарай – дос таңда, күшіңе қарай – жүк таңда»
|
8- мин
|
6. Топпен ән айту Достар әні! Әні: Айжігіт Асанов Сөзі: Фариза Оңғарсынова Ақ, қарамыз, сарымыз, Тату доспыз бәріміз. Достық жайлы ән салып Шырқатайық, қане, біз
Жүзімізге қараңыз, Бал-бұл жанған баламыз. Бізге қымбат күн шуақ, Бізге қымбат анамыз.
Күннің нұрын сүйеміз, Қырдың гүлін сүйеміз, Бізді ойнатып, тәтелер Күлдіргенін сүйеміз. Балдырғанбыз арай жүз, Бал-бұл жанып қараймыз, Ойыншықтар біздерде. Көп болғанын қалаймыз, Таласпаймыз біз бірақ, Отырмаймыз тұнжырап. Қуысамыз көгалда, Жүгіреміз құлдырап
Ән саламыз күнде біз, Шаттық толы іргеміз. Біз мәңгіге достармыз, Біз мәңгіге біргеміз.
|
Акт пайдалану
6 минут |
7. Үй тапсырмасы: 1. №20 – сабақ. Оқулықта берілген 5– тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №21, «Жайын ілерде» мәтінін оқып келу. |
|
8. Соңғы тыныштық сәті: Адам бойындағы жақсы қасиеттері, адамгершілік нормалары, әлемнің татулығы достықтан бастау алады. Сол бастау сендердің боларыңда қалады деп сенемін. Кішіпейіл адам әрдайым басқа адамдардың сүйіспеншілігіне құрметіне ие болады. Қарым – қатынас барысында оның ойын, ниетің, іс–әрекетің, мінез-құлқың жақсылыққа толы болсын. Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп жүрегімізге сақтайық. Бүгінгі сабақ қызықты болдыма? «Білім ағашы» Білім ағашына стикер ілу. Түсіндім- жасыл, сұрағым бар- сары, түсінбедім - қызыл
|
5-минут |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген