400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Сыныптағы достық 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге, өзін-өзі тану пән мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: С.Әбдіжаппаров атындағы ЖОМИ

Күні: 04.02.20ж

№: 20

Мұғалімі: М.Сатыбалды

Сыныбы: 6 «Б»

Оқушылардың саны:

Тақырыбы: Сыныптағы достық

Құндылығы: Сүйіспеншелік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.

- Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

-Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресустар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

    1. Тәртіп.

    2. Талап.

    3. Тыныштық.

    4. Тазалық.

    5. Татулық.
      Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!

Сәлемдесу,

түгелдеу,

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Абай Құнанбайұлы «Ғылым таппай мақтанба»

1. №19 – сабақ. Оқулықта берілген 2 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №20, «Қоңыр күз еді» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

    1. Мәтіндегі «Сен өзіңді басқамен салытырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

    2. Ұстаз оқушы бойынан қандай қасиетті көре білді деп ойлайсыңдар?

    3. Қазақтың Чеховы деп кімді, қай жазушыны айтып тұрғанын білесіңдер ме?

    4. Адам қандай қасиеттері арқылы рухани – адамгершілік биігіне көтеріліп, кемелдікке жете алады?

Сыныптарыңда ұстаз бен шәкірт арасында осыған ұқсас оқиға болды ма?


Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ -жауап

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам.

Халық мақалы

  1. Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңда?

  2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Дәйексөзді талдап,

өз пікірлерін білдіреді.

4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы)

Бейнекөрсетілім.

1.Бейнекөрсетілім не туралы болды?

2.Құмға не деп жазды достың бірі?

3.Неге олай жазды?

4.Достық ұғымын балай түсіндірер едің?

5.Досың туралы айтып берші.

Мәтінді оқушылар кезекпан оқиды.

Сұрақ -жауап

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Оқушылар төрт топқа бөлінеді.

Тапсырма: «Мақалды аяқта»

1 – топ: «Ынтымақ»

  1. Тірлік, тірлік түбі – ....

  2. Ағайын тату болса – ат көп,
    Абысын тату болса – ... ....

  3. Теңге – тиыннан,
    Ынтымақ – ....

  4. Ынтымақ түбі — ....

Бірлік, ас көп, ұйымнан, игілік.

  1. Бір жеңнен қол шығар,
    ... бас шығар.

  2. Қырық кісі — бір жақ,
    ... кісі — бір жақ.

  3. Ынтымақ — бұзылмайтын ...,
    Қосылып еккен ағаш — орман.

  4. Аздың азаншысы болғанша,
    Көптің ... бол.

Бір жағадан, қыңыр, қорған, қазаншысы.

  1. Күш — ....

  2. Саусақ ... —
    Ине ілікпейді.

  3. Итпен ит ырылдасса
    Тамағының тоқтығы.
    Жігітпен жігіт қырындасса
    ... жоқтығы.

  4. ... күші — бірлікте.

Бірлікте, бірікпей, ынтымағының, тірліктің.

2-топ: «Бірлік»

«Менің сыныптастырым» постер қорғау

3-топ: «Татулық»

Достық туралы өлен шығару, топтық жұмыс.













Топпен ән айту.

Бір досың керек екен

Жабығып қалғанымда, 
Таусылып талғамымда, 
Арылып ауыр мұңнаң 
Бір сәтке алдануға.   
 
Қайырмасы: 
Қасымда бір болатын, 
Жасысам сынға алатын, 
Жапанда жаяу қалсам , 
Аямас мінген атын. 
Көңілге нұр беретін, 
Өмірге бір келетін, 
Не көрсе бір көретін, 
Бір досым керек екен. 
  
Жалғыздық батқанында, 
Атпай бір ақ таңымда, 
Көңілім тұманданып, 
Құлазып жатқанында, 
  
Қайырмасы: 
Қасымда бір болатын, 
Жасысам сынға алатын, 
Жапанда жаяу қалсам, 
Аямас мінген атын. 
Көңілге нұр беретін, 
Өмірге бір келетін, 
Не көрсе бір көретін, 
Бір досым керек екен.
 
Шаттығым кернегенде, 
Елге дес бермегенде, 
Шарықтап сөйлегенде, 
Қолыңды сермегенде. 
 
Қайырмасы: 
Қасымда бір болатын, 
Жасысам сынға алатын, 
Жапанда жаяу қалсам, 
Аямас мінген атын. 
Көңілге нұр беретін, 
Өмірге бір келетін, 
Не көрсе бір көретін, 
Бір досым керек екен.
 Достарың керек екен

(бейнеклип)

Мұғалім әнді оқушылармен бірге орындайды

7. Үй тапсырмасы.

1. №20 – сабақ. Оқулықта берілген 4 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №21, «Жайын ілерде» мәтінін оқып келу.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Сабаққа белсене қатысып,сырбөліскені үшін алғыс айту.





Таныстым

МДОІЖО : Ш.Мамутова

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
623
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі