Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сыныптағы достық 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға татулық, бірлік, ынтымақ туралы ұғындыра отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзiн-өзi тану сабағының жопары


Мектеп: БҚО, Орал қаласы, М.Б.Ықсанов атындағы №36 ЖОББМ

Тақырыбы: Сыныптағы достық №20

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық, татулық, бірлік.

Мұғалiм: Абиева Асемгуль Бахытжановна

Сынып: 6

Уақыты:


Сабақтың мақсаты: оқушыларға татулық, бірлік, ынтымақ туралы ұғындыра отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылардың дос, достық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Достықты бағалай білуге үйрете отырып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіру;

  • Оқушыларды бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

Ресурстар, дәйексөз,

стикер қағазы.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

5 «Т» -ны сақтау:

Тәртіп,

Тыныштық,

Тазалық,

Татулықты

Талап сақтауға шақыру.

Жағымды көңіл-күйге ену.

Жағымды қүйге келу.

«СУ АСТЫ ПАТШАЛЫҒЫНА САЯХАТ»

Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.



2.Үй тапсырмасы

1-тапсырма, «Дос», «достық» тақырыбында эссе жазып келу.


3.Дәйексөз

«Айнымас досы бар адам- ең бақытты адам»

Халық нақылы

  • Жалпы балалар дос дегеніміз кім?

  • Айнымас дос дегеніміз ше?

  • Досқа адал, қамқор болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы тиіс деп ойлайсыңдар?

  • Сыныптағы ұлдар мен қыздардың арасындағы өзара сыйластық қандай қасиеттерді арттырады?

  • Не себепті адал досы бар адам – ең бақытты адам?


Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жазгызады.

Мұғалім сыйы

Бейнефильм карайды

Bilimland.kz

Мен және менің достарым. Достық дегеніміз не?

Сұрақтар:

  • «Дос», «достық» дегеніміз не?

  • Достар арасында сенім мен құрмет қайткенде тереңдей түседі?

  • Достар арасында ізгі қарым-қатынасқа кедергі келтірмеу үшін не істеуіміз қажет?

  • «Досы көппен – сыйлас, досы жоқпен – сырлас» деген сөзді қалай түсінесің?



4.Әңгімелесу Қалихан Ысқақ

Қоңыр күз еді

  • Мәтіндегі « сен өзіңді басқамен салыстырма. Кімнің қандай білігі бар, ол маған бес саусақтай белгілі» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Ұстаз оқушы бойынан қандай қасиетті көре білді деп ойлайсыңдар?

  • Қазақтың Чеховы деп кімді, қай жазушыны айтып тұрғанын білесіңдер ме?

  • Адам қандай қасиеттері арқылы рухани-адамгершілік биігіне көтеріліп, кемелдікке жете алады?Неліктен?

  • Сыныптарыңда ұстаз бен оқушы арасында осыған ұқсас оқиға болды ма? Әңгімелеп бер.

Сиқырлы қобдиша

Сұрақтар жазырынған қобдтшаларды алып сұрақтарға жауап береді

5.Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Сыныптастарыңның, достарыңның алдындағы жауапкершіліктерің жайлы тізбектеп жазып, пікірлеріңді ортаға салыңдар.

5-тапсырма: Жанбай Өзденбаевтің «Дос» өлеңін оқып, достық туралы ойларыңды бөлісіңдер.

  • Досыңа ойланбастан көмек бере аласың ба?

  • Сенің жеңісіңе досың қуанышын білдірмеді, сенің әрекетің?

  • Досыңның басына бір ауыртпалық түсті, сенің әрекетің?..т.б.

6-тапсырма: Төмендегі қанатты сөздерге ойыңды айтып бер.

  • «Дос емес дос сыртынан жамандаған» Міржақып Дулатов

  • «Дос адам маңайыңды жұмақ етер» Махмуд Қашқари

  • «Көңіліңе қарай – дос таңда, күшіңе қарай – жүк таңда»

Жүсіп Баласағұни

4-тапсырма: Буриме әдісі төмендегі сөздерге ұйқастырып өлең жолдарын жазу

1-топ:

............................жеңісін

...........................достарым.

...........................жемісін

...........................достарым

2-топ:

............................кездерде

...........................достарым.

...........................өзгеге

...........................достарым

3-топ:

...........................қосумен

...........................досым-ау.

...........................досыммен

...........................осынау


6.Топпен ән айту Жан-досым Т.Молдағалиев

Iздегенде табылатын қасыңнан,
Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.
Көрiспесек қызғаныштан жүдейтiн,
Кiм бар екен бала күнгi досыңнан!
Қ-сы: Жан досым, үстем болсын мерейің,
Әрқашан жеңiсiңді көрейiн,
Сырымызда бiтпесiн,
Жырымызда бiтпесiн, жырымызда бiтпесiн!
Қос бұтағы секiлденiп ағаштың,
Қатар жүріп сырымызды санаштық.
Жол тапсақ та бiрге жүрiп жол таптық,
Адассақта бiрге жүрiп адастық.
Өмiр өзi арқамызға жүк салып,
Бәрiмiздi қияларға жұмсады.
Қатар ұшқан құска ұқсадык әлде бiз,
Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.


7.Үйге тапсырма:

Келесі сабақ: «Қоршаған ортаға қызмет етемін» тақырыбында жоба жоспарын жасап келу.


8.Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып , барлығымыз бірге

Cүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде.

Cүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.05.2020
869
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12