Материалдар / Ашық сабақ Сыныптағы достық 6сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Сыныптағы достық 6сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Сыныптағы достық.Өзін өзі тану пәні . 6сынып Бұл сабақта достықтың қандай болатыны жайлы айтылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
532
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: Өзін – өзі тану

Мектебі: Ғани Мұратбаев атындағы №5 жалпы орта мектебі

Күні: 02.02.2022

: 20

Мұғалімі: Қошқарова Ы.

Сыныбы: 6 «А»

Оқушылардың саны: 20

Тақырыбы: Сыныптағы достық

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Адамдарға риясыз қызмет жасау, шынайылық, жанашырлық

Мақсаты: Оқушыларға сыныптағы достықтың маңыздылығын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға адамдарға риясыз қызмет жасаудың маңыздылығы туралы түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардағы шынайылық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды айналасындағы адамдарға, жанашыр болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

  1. https://kk.wikipedia.org

  2. http://kz-minusovki.ucoz.kz

3. bilim-all.k


Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әркеті


Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

1.Ұйымдастыру кезеңі

5 мин













  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Т – ережесі:

1.Тәртіп.

2.Талап.

3.Тыныштық.

4.Тазалық.

5.Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Топқа бөлу . Оқушыларды гүлдің түсіне қарай екі топқа бөліп отырғызамын.

Оқушылар Т- ережесін естеріне түсіреді, айтады.


Оқушылар қораптан түрлі-түсті гүлді таңдап алып, екі топқа бөлінеді.

1-топ: Адалдық

2-топ: Татулық

Т-ережесі суреті, интертақта, гүлдер түрлі-түсті

Shape1

2.Тыныштық сәті.

5 мин







Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз.

Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Рахмет!


Оқушылар көздерін жұмып, қолдарын тізесіне немесе парта үстіне қойып, түзу отырады. Мұғалімнің ойша саяхатына сапар шегеді. Баяу музыка есту арқылы теңіз түбіне саяхат жасайды.

Музыка, интертақта

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

7 мин

1. №20, «Қоңыр күз еді» мәтінін оқып келу. Мұғалім «Стоп кадр» арқылы топпен жұмыс жүргізеді.


Оқушылар үй тапсырмасын «Стоп кадр» арқылы түсінік айтады


  1. Сабақтың дәйексөзі

  2. Оқиға айту


15 мин


Оқушыларға әуен тыңдату арқылы тақырыпты ашу


(Ұл балалар бір рет оқиды, қыз балалар бір рет оқиды, барлығы бірге қайталайды)

Досыңменен дос болғанға шаттан,

Дұшпаныңпен дос болғаннан сақтан

Халық мақалы

  1. Дос алдындағы қандай парызым бар деп ойлайсыңдар?

Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

(Мұғалім сыйы) Адал дос

Жәнібек пен Азамат деген екі дос сахарада сапар шегіп келе жатып әлденеге келісе алмай керісіп қалады. Жәнібек ашуланып Азаматтың кеудесінен итеріп жібереді. Жәнібектің соққысы Азаматтың жанына батса да үндемейді. Бірақ Азамат құм бетіне «Бүгін мені жан досым кеудемнен итерді» деп жазады. Содан соң сапарларын жалғастырады. Көп ұзамай алдарынан үлкен көл кездеседі. Екеуі суға түседі. Суға түскені сол-ақ екен Азаматтың аяғына балдыр оратылып тұншыға бастайды. Жәнібек жалма-жан келіп досына көмектесе бастайды. Досын ажалдан аман алып қалады. Содан соң өз-өзіне келген соң Азамат тасқа ойып мынадай сөздер «Бүгін мені жан досым өмірімді сақтап қалды» деп жазды. Жолдасының ісіне таң қалған Жәнібек досынан сұрайды. «Азамат сен жаңа мен ренжіткенде құмға жаздың, енді тасқа жазып жатырсың»-дейді. Сол кезде Азамат досына «Құмға жазған себебім, ренжігенімді тез ұмытып кету үшін яғни құмдағы сөз тез өшеді. Ал, тасқа қашап жазғаным сенің жасаған жақсылығың мәңгі сақталсын дегенім»- депті. Осылай екі дос ары қарай кете беріпті.

Сұрақтар:

1. Қиын жағдайға түскенде достар бір-біріне қандай әрекет жасайды?

2. Қиын сәтте достардың бір-біріне жасаған әрекетін сипаттап беріңіздер.

  1. Достықтың қадірін білуге Азаматқа не көмектесті?

Тақырыпты ашу «Жан досым» әуенін тыңдау арқылы оқушылар тақырыпты ашады .




Дәйексөз: Оқушылар сұрақтарға жауап береді.







Оқушылар әңгімені тыңдайды, өз пікірлерін білдіреді. Сұрақтарға жауап береді.

Музыка, интертақта















Видеоролик , интертақта

  1. Сергіту сәті

3 мин

«Тілек ағашы » арқылы екі топқа бір-біріне тілек жазып оқыту . Оқушылардың бір-біріне деген сыйластығы артады.

Алған ағаштағы тілектерді оқиды

Тілек ағашы, стикерлер


  1. Шығармашылық

  2. жұмыс,

  3. топпен жұмыс.

7 мин

«Адал және амал дос» постер қорғайды

1-топ «Адал дос»

2-топ «Амал дос» туралы постер қорғайды.


  1. Үй тапсырмасы.

1 мин


  1. 20 – сабақ. Оқулықта берілген

4 – тапсырманы орындау.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделікке жазады.


  1. Сабақтың қорытынды сәті.

2 мин

Гүл ұсыну арқылы оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазуды өтінемін.

Сабақтың соңын «Достар» әнімен аяқтау


Оқушылар қолдарындағы гүлге өзінің ойларын жазып, қорапшаға салады.

















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!