жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі. 1 сынып
Пәні: сауат ашу |
Мектеп: Тараз қаласы, №54 орта мектеп |
|||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Абашова Лаззат Калдыбековна |
|||
Сынып: 1 |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||
Сабақ тақырыбы |
Сыныптан тыс уақытта. С дыбысы мен әрпі |
|||
Бөлім: |
Менің мектебім |
|||
Оқу мақсаттары |
1.1.3.1 мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану 1.3.5.1 тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу |
|||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды; Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады; Көптеген оқушылар: тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер жазады Кейбір оқушылар:өз бетінше жай сөйлемдер/мәтін құрастырады және жазады |
|||
Бағалау критерийлері |
Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндайды; Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады; Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілер қолдана отырып, жай сөйлемдер жазады; |
|||
Тілдік мақсат |
Пәнге қатысты лексика |
|||
|
Асхана-столовая-dining room «Ас болсын!» Талқылауға арналған сұрақтар: 1.Дауысты дыбыс дегеніміз не? 2.Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? 3.Жуан және жіңішке дауысты дыбыс дегеніміз не? |
|||
Құндылықтарды дарыту
|
Топ ішінде жұмыс жасауда топ ережесіне бағына білуге үйрету. Тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту |
|||
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниетану, ағылшын тілі,орыс тілі |
|||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба, таныстырылым. |
|||
Алдыңғы оқу |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||
Жоспар |
|
|||
Жоспарланған уақыт есебі |
Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды өзіңіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз) |
Ресурстар |
||
Басы |
Психологиялық дайындық Балаларды реттеу Үш тілде сәлемдесу. -Сәлеметсіздерме! -Сәлеметсізбе! -Здраствуйте! -Здраствуйте! -Hello! -Hello! -How are you? -I am ok! -Көңіл күйлеріңіз қалай? -Керемет! (қолдарын көтереді) -Сабаққа дайындықтарыңыз қалай? -Тамаша! (алақандарын шапалақтайды) -Ынтаңыз ше? -Ғажап!(қолдарын көтереді) Топқа біріктіру. 1-топ. «Дыбыстар» 2-топ. «Әріптер» 3-топ. «Дауысты дыбыстар» «Миға шабуыл» әдісі бойынша сабақтың тақырыбын ашу Жұмбақ. Сізде
бар, |
Суреттер қимасы
Түрлі-түсті суреттер
Түрлі суреттер
Кесте суреттер
|
||
Сабақтың ортасы
Қызықты тапсырма
|
(Ұ) «Бағытталған оқу» әдісін қолданып, мәтінді топта бірігіп оқыту. Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндату.
Сансызбай деген бала болыпты. Оның Сандуғаш деген қарындасы бар екен. Ол екеуі бір күні тоғайға серуенге шығыпты. Тал түбінде өсіп тұрған нені көріпті? Саңырауқұлақты. Шықылықтаған дауысқа қараса сауысқан екен. Алға қарай жүріңкірегенде ағаш кесушілерге кездеседі. Сансызбай олардың сүргі деген құралына қызыға қарады. Ұстап қарап бір ағашты жонып қалып еді. алдынан сылдырап су аға жөнелді. Сандуғаш су түбіне үңіліп еді, сақина, сырға жатыр екен. Сол сақина мен сырғаға сол бойда су жағасынан бір ғажайып сандық ашыла кетті. Сақина мен сырғаны алып, соған сала қойды. Ішінен бір бүктелген қағаз алды. Оның сыртында мынандай жазу бар екен. Біреу мұны ай деді, біреу орақ деді. Мына заттардың атын қайта - қайта айта береді. Қандай дыбыс шықты? С С С.
Міне, мынау С әрпі. С с дауыссыз дыбыс. Олар әлгі бүктелген қағазды жазып көріп еді, толған жазу екен. Мен оларға көмектесіп оқып берейін. Жеке сөздер оқылады, мағынасын түсіндіремін. Сс әрпінің жазбаша түрін түсіндіремін. Ауаға жазғызамын.
Дескриптор: Мәтін бойынша түсінігін айтады Мәтінге байланысты сұрақтар қояды Кейіпкерлерге сипаттама береді Сөздерді буындап оқиды
Қ.Б: «Басбармақ» арқылы бағалау
(Т)«Әткеншек» әдісі бойынша осы оқыған мәтіні бойынша жұмыс жүргізу. Тапсырманы барлық топтар жалғастырып отырады 1-топ: мәтіннен С әріпі бар сөздерді тауып дыбыстық талдау жасайды 2-топ: мәтіннен С дыбысы бар әріптерді тауып буынға бөледі 3-топ: мәтінге байланысты сұрақтар дайындайды
Дескриптор: Мәтін бойынша түсінігін айтады Мәтінге байланысты сұрақтар қояды Мәтіндегі С әріпінен келетін сөздерді табады Сөздерді буынға бөледі Дыбыстық талдау жасайды
Қ.Б: «Бағдаршам» арқылы бағалау
1-топ:
С әріпінен келетін берілген сөздерге
сөйлем құрайды. Сағат, Сара, су. 3-топ: берілген әріптерден сөздер құрайды
Дескриптор: С әріпіне байланысты сөздер құрады Сурет бойынша әңгіме құрады
Қ.Б: «Жұлдызшалар» арқылы бағалау
Тыңдалым. Жылан қандай дыбыс шығарады? С қандай дыбыс. 1.С дыбысынан басталатын сөздер айтайық? «Баспалдақ» ойынын ойнатамын С- С- - С- - - С- - - - 2.Оқылым. СОЛ САНАТ СУ САУ САН АСАУ САНА СУАТ
Дескриптор: С дыбысынан басталатын сөздерді табады Қ.Б: «От шашу» арқылы бағалау
«Бірлесіп жазу» әдісі Дәптермен жұмыс. *С дыбысын дәптерге таңбалап жазғызамын. *Тақтаға жаздырамын. *суретте берілген дыбыстарды талдайды. Дауысты дыбыстарды бөлек, дауыссыздарды бөлек жинайды.
Қ.Б: «Басбармақ» арқылы бағалау
|
|||
Сабақтың соңы |
Рефлексия
«Бес
саусақ» әдісі Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
|
|||
Қосымша мәліметтер |
|
|
|
|
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз? Қабілеті жоғары оқушыға жеке тапсырма беремін. Кейбір оқушылар алған білімдерін өмірде қолдана алады.Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ажырата алады. Сөйлемдерден мәтін құрай алады. Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар мұғалімнің көмегімен буындап оқиды. |
Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл-күйлерін айтады.(қуанышты,көңілді, көңілсіз,ашулы) Бұл сабақ бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалауды жүргіземін. Оқушыларды мадақтап өздеріне қандай жетістіктерді,қандай кемшіліктерді байқағанын сұраймын.Сабақ барысында әр тапсырманы орындағандарына қарай жұлдызшалармен бағалаймын. Оқушыларға сабақты бағалауға байланысты өз ойын айтуды ұсынамын. |
Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары
|
||
Рефлексия |
Жауап жазылады |
|||
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? |
Сабақ мақсатына жетті. Сабақты ойын түрінде өткіземін. Ойын арқылы оқушылардың ынтасы артады, ынтымақтастық қарым-қатынасы қалыптасады |
|||
Бүгін оқушылар не үйренді? |
Оқушылар бүгін сызба арқылы сөйлем құрауды үйренді |
|||
Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? |
Сабақ жоғары деңдейінде өтеді. Себебі, тиімді әдістер қолданылады |
|||
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?) |
Саралау жақсы іске асты. Оқушыларға қызықты тапсырмалар болды. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай болды.Оқушыларға өз деңгейіне сай көмек берілді. Уақытты тиімді пайдаландым,өйткені жоспарланған барлық әдіс-тәсілдер орындалды Қарқын, дереккөздер тәсілдері іске асты. «Сөз ойла, тез ойла» әдісі арқылы диалог және қолдау көрсету тәсілі іске асты. |
|||
Уақытты қалай пайдаландым? |
Уақытты тиімді пайдаланамын. Сабақта тиімді әдістер қолдандым |
|||
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? |
Жоспарыма тағы әдістер қосамын |
|||
Қорытынды бағалау |
||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз(оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Оқушыларды сабақтың әр кезінде бағалау. 2.Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді((оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2.Рефлексия.Кері байланыс «Смайликтер» Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? 1.Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген