400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: Сурет салу.Тақырыбы: « Жау- жау жаңбыр»

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ.Білім беру саласы: Шығармашылық Бөлімі:Сурет салу. Тақырыбы: « Жау- жау жаңбыр» ортаңғы топ.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Ортаңғы «Ботақан» тобы


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы:  « Жау- жау жаңбыр»

Мақсаты: Дайын салған суретті бояуға үйрету. 

Міндетті: 1.Сызықтарды қағаз бетіндегі кеңістікті дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру, балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін іс-әрекетте бере білуге үйрету, қарындашты ұстай білу дағдыларын дамыту.

2.Табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3. Балаларды тазалыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көгілдір түсті майлы қарындаш, әрбір балаға ақ қағаз (жоғарғы бөлігіне бұлттар бейнеленген) сүрткіш.

Сөздік жұмыс: жаңбыр тамшылары

Қостілдік компонент: Жаңбыр – дождь.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету, әңгімелеу.

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері

Педагогтың іс - әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Есеп

+ -

Мотивациялық –қозғаушылық

Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, жұмбақ айтып береді, оның шешімін табуды ұсынады. Тырс-тырс тамады, тереземді қағады.

-Бүгін күн қандай? Ашық па?

Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма? Балалар, бүгін күн салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса, жаңбыр жауады.

-Тақтадағы суретке қараңдаршы, бұл не? Түсі қандай?

-Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

-Кәне, тыңдап көрейік.

Тәрбиеші үстел үстін саусақтарымен тысырлатып, жаңбыр дыбысын бейнелейді. Ой, жаңбыр қалай қатты құйып жауып кетті. Енді екі алақандарынды тізелеріңе қойып, шапалақтап көріңдер. Балалар тәрбиешімен бірге аяқтарын тарсылдатып дыбыс шығарады, бұл жаттығулар балаларға жағымды көңіл күй сыйлайды.



Балалар жұмбақтың шешуін табады.


Жаңбыр




Ауа райы білгендерін айтады.








Бұлт

Көк


Тырс-тырс балалар тамшылар дыбысын тыңдайды.


Балалар да тәрбиеші әрекетін қайталап жасап көреді. Балалар тәрбиешінің айтқанын қайталайды.




Ұйымдастыру-іздестіру


Енді көк майлы қарындашты пайдаланып қағазға жаңбыр тамшыларын түсіреміз. Қараңдар, бұлттан төмен қарай тамшылар түсіп келеді. Бірнеше үзік қысқа сызықтармен салып көрсетеді. Қағаз бетіне шашырата салуды қадағалайды. Жұмыстарына басшылық жасап, аяқтаған жұмыстарын мадақтайды.

Көк майлы қарындашты алып, сурет салуға кіріседі.


Балалар сендер шаршаған боларсыңдар онда бір сергіп қалайық.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кішкентай ағаштар

Үп үлкен болып өседі.


Балалар қағаз бетіне шашырата жаңбыр тамшыларын бейнелейді.











Балалар сергіту сәтін қимыл арқылы айтып жасап істейді.



Рефлексивті-түзетушілік

Рефлекциялы түзету кезеңі

Тәрбиеші балалардың салған суреттерін мадақтайды. Көрме ұйымдастырады.

Балалар өздерінің еңбектері туралы әңгімелеп береді, достарының салған суреттерін тамашалайды.



Балалар салған суреттеріне қызыға қарайды.



Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек:

табиғат құбылыстары жайлы қарапайым түсініктерді

Нені игереді:

жаңбырдың жауу түрлері және оны қағаз бетіне түсіру ерекшеліктерін


Нені біледі:

 қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын үзік сызықтар арқылы салуды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.02.2022
2413
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі