Ұйымдастырылған оқу
қызметінің технологиялық карта
Күні:25.04.2017
Тәрбиеші:Мухамбеткалиева
А.С
Тақырыбы: «Сырмақты
әшекейлейміз»
Білім беру
салалары:
Шығармашылық
Бөлімдері: аппликация
Мақсаты: балалардың сәндік қолданбалы
өнер мен қазақтың ұлттық бұйымдары туралы білімдерін жетілдіру.
Жапсырудағы ептілік пен дағдыларын дамыту, өз елінің тұрмыс
салттарына деген құрмет пен мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Ұжымдық
жұмыс жасауға үйрету.
Алдын-ала жүргізілетін
жұмыстар: қазақ ұлттық бұйымдарын
көрсету
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік,
сұрақ-жауап,
Қажетті
көрнекі құралдар: үлгі ретінде сырмақ
суреті
Қостілділік
компонент:/билингвальный/ ою-орнамент,
әдемі-красивый
Қызмет
Кезеңдері
|
Тәрбиешінің
қызметі
|
Балалардың
қызметі
|
Себепті
қызығушылы-
ғын ояту
кезеңі
|
Шаттық
шеңбері
Достар бірге
жүреміз,
Бірге ойнап
күлеміз.
Міне біздер
қандаймыз.
Арман, көлге, шыңға
біз
Саяхатқа
шығамыз
Бөлінбейді
іргеміз
Әрқашанда
біргеміз.
|
Балалар шеңберге тұрып шаттық
шеңберін орындайды.
|
Ұйымдастыру-шылық
ізденіс
кезеңі
|
-балалар, қазақтың үй
тұрмысында пайдаланылатын қандай ұлттық бұйымдарды
білесіңдер?
-дұрыс
айтасыңдар!
-еске түсіріп көрейік, біз
қандай ою-өрнек түрлерін білеміз?
-балалар, біз бүгін үйіміздің
өңін кіргізетін сырмақты әшекейлеп
көрейік.
-алдарына берілген түрлі-түсті
қатырмадағы оюды түрлі-түсті дәндермен әшекелейміз. Яғни
сырмағымызды әшекейлейтін боламыз.
Д/О: «Ою-өрнекті
ата?»
Мақсаты: ою-өрнек түрлерін
есте сақтау және қазақ ұлттық бұйымдарындағы оюлардың түрлері
мағынасын түсіндіруді жалғастыру.
-дұрыс «қошқармүйіз»,
«ботамойын», «қызғалдақ» «ирексу»,
«құсқанаты»
-балалар бүгін осы ою
өрнектермен әдемі сырмақты әшекейлейтін
боламыз.
Ою-өрнекпен сырмақ туралы
тақпақтарымызды айтайықшы.
|
-алаша, сырмақ, киіз,
кілем
-бүгінгі тақырып сырмақты
әшекейлеумен танысады.
-балалар ою өрнектер аттарын
естеріне түсіреді
-оюларды атап қандай мағына
білдіретінін айтады
-«қызғалдақ» оюы қызғалдақ
гүліне ұқсатып алынған
«ботамойын» оюы ботақанның
мойнына ұқсайды
|
|
- Жапсыру әдістерін
түстіндіру.
-балалар сырмағымызды
әшекейлегенде дәндерімізді дұрыс жапсыруымыз қажет. Клейді қатырма
қағазға дұрыстап жағамыз.
-ал қазір шаршағанымызды басып
демалып алайық, содан кейін жапсыруды
жалғастырамыз.
Сергіту
жаттығуы
Біз кішкентай
баламыз
Өсіп өніп
толамыз
Көкке қарап
талпынып
Күнге қолды
созамыз
Қанат қағып
ұшамыз
Қарлығаштай
қалықтап
Бір отырып бір
тұрып
Біз тынығып
алайық
-енді , балалар сырмақтарыңды
әдемілеп әшекейлеңдер, жапсыру кезінде тазалық пен ұқыптылыққа мән
беруді ұмытпаңдар
-көмек қажет балаларға жеке
көмек көрсету.
|
-сырмақты ою өрнекпен
әшекейлеу жолымен танысады
-оюларды мағынамен орналастыру
керек екенін түсінеді
-бояумын жұмыс техникасын
естеріне сақтайды
-балалар өлең мазмұнына сәйкес
қимылдар жасайды
-балалар қызығушылықпен
сырмақты әшекейлейді
|
оқу қызметінің бағалау
кезеңі
|
-балалалр, сырмақтарың өте
әдемі шыққан, көктем мезгілінде құлпырған, қызғалдақтар өсіп тұрған
алқап сияқты
-бүгін нені
әшекейледік?
-қандай оюларды
қолдандық?
-оюлар нені
білдіреді?
|
-мақтау сөз естігендеріне
қуанады
-балалар
жауаптары
|
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі:ұлттық бұйымдардың
ерекшеліктерін, олардың атауын біледі
Қандай түсініктерді
игерді:сырмақты өз бетімен сала
білуді,және оны ою-өрнектермен әшекейлеу икемділіктерін
игереді
Меңгерген дағдылары мен
іскерліктері: ұлттық бұйымдар мен елінің
тұрмыс салтын құрметтеу сезімдері мен ұлттық сана сезімдері
қалыптасады.
№5 орта жалпы білім
беретін мектебі\
Ашық оқу
қызметі
Тақырыбы:«Сырмақты
әшекейлейміз»
Өткізген:Мухамбеткалиева
А.С
2016-2017 оқу
жылы