жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Сыртқы келбет және тазалық" 5 сынып
|
Қысқа мерзімді сабақ жоспары |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пән: |
Қазақ тілі |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Мұғалімі: |
Дүйсенова Гүлнұр Мырзағалиқызы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сынып: |
5 «А» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: |
8-бөлім: «Адамның сырт келбеті мен мінезі» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
1- сабақ «Сыртқы келбет және тазалық» |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: |
5.Т/А5. Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру,көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру. 5.Ж.3.Суреттер желісі бойынша әңгіме құрастыру. 5.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді оқиды, түсінеді және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді нақты ақпаратты табу үшін оқиды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады, қорытынды жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінді аналитикалық тұрғыдан оқиды, жинақы мәтін құрастырады, пайымдайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
Адамның сыртқы келбетінің ішкі жан дүниеге терең әсер ететінін,тазалық-денсаулық кепілі екенін түсінеді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа білімді меңгерту |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Құндылықтарға баулу: |
Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; Қарым-қатынас жасау; Жауапкершілік; Денсаулық, тазалық, әдеп нормалары көрсету құндылықтары. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс: |
Өзін-өзі тану,әдебиет |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Қажетті құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта,тақырыпқа қатысты слайдтар,кестелер |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Оқыту әдістері |
Әңгімелесу,түсіндіру,сұрақ-жауап. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Дереккөздері |
Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тілдік мақсаттары: |
Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сыртқы келбет, киім, бет әлпеті, шаш үлгісі, жеке гигиена, тазалық, сусабын, тері гигиенасы. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийі: |
Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды. Оқылым стратегияларын қолданады. Негізгі ақпараттарды сақтайды. Жинақы мәтін жазады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақ кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы |
1.Оқушылармен амандасамын. Тренинг 2.Топқа бөлу «Суреттер» арқылы жүзеге асады (суреттер бөліктерін білім алушылар алады, сәйкес келген сурет бөліктері бойынша топқа бөлінеді). 1 топ- айна суреттері арқылы 2 топ – сабын суреттері арқылы 3-топ-тарақ суреттері арқылы |
Ғаламтордан алынды 3 түрлі сурет |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы Сабақтың соңы: Үй тапсырма- сын беру: |
Білу 1-тапсырма (айтылым алдындағы): «Болжау» стратегиясы арқылы мәтін тақырыбын ашу (топтық жұмыс). Білім алушылар топқа бөлінгенде қолданған суреттерін зерделейді. Мәтіннің тақырыбын болжап ашады.
Дәйектеме: Айтылым алдындағы тапсырмаға «Болжау» стратегиясын алдым, себебі бұл оқушылардың болжау, ой қорыту дағдыларын жетілдіреді.Үстел үстінде қойылған заттардың астында «Жасырылған сұрақтар»бар.Соған әр топ жауап береді. 1-топ.Адамның сыртқы келбеті дегенді қалай түсінесіңдер?Оған не жатады? 2-топ.Сыртқы келбет пен адамның ішкі дүниесінің байланысы бар ма? 3-топ. «Киіміңе қарап қарсы алады,сөзіңе қарап шығарып салады» деген сөзбен келісесіздер ме?Адамның сыртқы келбеті маңызды ма,ішкі жан дүниесі маңызды ма?
Түсіну 6-тапсырма (оқылым ): «Хат тасушы» әдісі арқылы топ басшысы шығып,берілген мәтінді оқиды(1мин).Оқығанын топқа барып жеткізеді.Топ басшысынан басқа оқушылар ақылдаса отырып,мәтінді айтады (топтық жұмыс). Дәйектеме: Осы стратегияны алу себептерім: Оқу мақсатына сай жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды. Оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, мәтінді жүйелеу дағдыларын қалыптастырады.
Топ басшысы тыңдап, бағалау парағына смайлик арқылы бағалайды.
Қолдану және талдау 3-4-тапсырма (тыңдалым және айтылым): Мәтінді тыңдап,берілген сұрақтарға жауап береді. 1-топ.Мәтіннің бірінші бөлігінде не туралы айтылған? 2-топ.Алдаркөсе мен Қожанасыр туралы не білесің?Олар туралы қандай шығармаларды оқыдың? 3-топ.Мәтіннің екінші бөлігінде Қожанасырдың әрекеті туралы не айтар едің?Кімнің әректі дұрыс:Қожанасырдың ба?Байдың ба?Өз ойыңды дәлелде.
5-тапсырма (жазылым) Тыңдалған мәтін бойынша төменде берілген сөздердің қайсысының антонимін,синонимін,омонимін таба аласың? Кестені толтыр.
Жинақтау 2-тапсырма (жазылым): Сюжетті суреттер желісі бойынша топтық жұмыс 1.Сурет бойынша негізгі ақпараттарды саралайды.
Дәйектеме: Сюжетті суреттер желісі бойынша топтық жұмысты алған себебім: 1.Оқу мақсатына сай бұл стратегия арқылы тапсырма орындау өте тиімді және талаптарға негіз бола алады. 2.Бұл оқушылардың іздену, түйсіну, зерттеу, пайымдау қабілеттерін жетілдіруге әсер етеді, осыдан мәтін құрастыру, шағын жобалар дайындауға жаттығады.
1-топ.Сурет бойынша диалог құрастыру. 2-топ.Әр кейіпкерге ат қойып,қысқаша сипаттама жазу. 3-топ.Эссе жазу «Адамның сыртқы келбеті – жан дүниесінің көрінісі»
Сабақты қорытындылауға «Білім нысынасын» ұсынамын.Сабақта білгендерін және нені білгісі келетіндерін нысанаға жапсырады. Дәйектеме: Осы стратегияны алған себебім: оқушылар қандай білім алғанын саралап, алған білімін жүйелі түрде қорытындылайды.
«Өзін-өзі»бағалау арқылы өзіне баға беріп, оқу мақсатында жеткен жетістігін анықтайды. Дәйектеме: Осы стратегия оқушылардың өзіне сыни көзқараспен қарап, сабақ мақсатына жетуге ықпалын тигізеді, алдағы сабақтарға мақсат қоюына себептігін тигізеді деп ойлаймын.
«Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында эссе жазу. |
Ғаламтордан алынған суреттер. Интербелсенді тақта, оқулық
Нақты тапсырмасы бар жұмыс парағы, маркер
Стикер, маркер
«Өзін-өзі» бағалау шар түстері арқылы
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген