Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сусыз өмір жоқ" 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қажетіне жарайды деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті


Күні : 21.11.19

Мұғалімі: Г.Аметова

Сынып: 5 Т2

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Сусыз өмір жоқ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.Т5.Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау;

5.Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау.

Бағалау критерийі::

Барлығы: жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды.

Көпшілігі: тірек сөздерді орынды қолданады

Кейбірі: мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: тіршілік, ауыз су, тұщы су, су жетіспеушілігі, таза энергия, ағза, т.б.

Құндылықтарды игерту

Оқушылардың су ресурсына қатысты мәселені түсінуі арқылы жүзеге асырылады. Еңбексүйгіштік оқушылардың жеке және жұпта белсенді жұмыс жасауында көрініс табады


Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану пәні


АКТ-ны қолдану дағдылары:

PowerPoint таныстырылымы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Дереккөздер


Сабақтың басы



5 мин

Қызығушылықты ояту

Оқушылар тақтада берілген сөздерді адам өміріндегі маңыздылығына қарай ретпен орналастырады.

Ұсынылатын сөздер: тамақ, ұйқы, су, киім, жұмыс, байлық

Ой шақыру

Оқушылар таныстырылым суреттеріне қарап отырып, сабақ тақырыбына болжам жасайды.

Жетекші сұрақтар арқылы сабақ тақырыбын анықтайды:

  • Су не үшін қажет?

  • Суды қай жерде тұтынамыз?

  • Тірі ағзалар сусыз өмір сүре ала ма?

  • Сусыз өмір бар ма?

Оқушылар сабақтың мақсаты, бағалау критерийі, дескрипторлар- мен танысады.

PowerPoint таныстырылымы

Сабақтың ортасы


30 мин

























Мағынаны тану Жаңа сөздер: тұщы – пресный, тапшылығы – нехватка, ағза – организм, мұздықтар – ледники, тасымалдайды – транспортирует.

1 - тапсырма ТЖ

«Мұғалім-оқушы» ойыны

Топтарға екі түрлі мәтін таратылады. Оқушылар қарамен берілген тірек сөздер арқылы тақырыбын анықтайды. Мәтін мұқият оқылған соң, топтан таңдалған мұғалім келесі топқа мазмұнын түсіндіреді. Топ мүшелері мұғалімнің басшылығымен жаңа мәтінді мазмұндап беруі тиіс.

А мәтіні

Су – тіршілік негізі. Сусыз өмір жоқ. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның 3 пайызы ғана ішуге жарамды тұщы су. Осы судың 2 пайызы мұзыдықтарда сақталған. Сондықтан адамдар тек 1 пайызын ғана пайдалана алады. Сол себепті жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.

Бүгінде таза су тауарға айналды. Германия елі тұщы суды Швециядан сатып алса, Америка Канадан сатып алады.

Ғалымдардың айтуынша, болашақта судың бағасы мұнай бағасынан бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта ауыз су тапшылығы үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.

Ә мәтіні

Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Эмото: Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады, - деп жазады.

Мысалы, су дене температурасын сақтайды, ағзаға оттегі мен минералдарды тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Бүйрек пен бауырдағы қалдықтарды тазалайды.

Жалпы, ересек адамдардың денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады екен.

Егер адам денесінде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.

Бағалау: «басбармақ» әдісі

2-тапсырма ТЖ

Мәтін мазмұны бойынша постер әзірлеу, қорғау

Бағалау: «басбармақ» әдісі

3-тапсырма Ж

Мәтіннен сан есімдерді теріп жазу (интерактивті тақта арқылы сан есім ережесін еске түсіру)


Дескрипторлар:



  • ~Мәтінге тақырып қояды;

  • ~Мәтінді мазмұндайды;

  • ~Постер әзірлейді;

  • ~Сан есімдерді теріп жазады.


Қалыптастырушы бағалау

«Мимика» ойыны

Берілген сөздерді ым арқылы түсіндіреді: бас жуу, гүл суару, суға жүзу, шай ішу, су шашып ойнау, кір жуу.

Үлестірме қағаздар

































































Қима қағаздар

Сабақтың соңы

5 мин

«INSERT» әдісі бойынша кері байланыс жүргізіледі

«V» - бұрыннан білемін

«+» - мен үшін жаңа ақпарат

«?» - білгім келеді







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2020
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12