жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ. Сызықтық функция және оның графигі. 7-сынып
С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Сызықтық функция және оның
графигі
Математика пәнінің мұғалімі: Идияева Айтолқын
Сынып: 7 «Г»
2021-2022 оқу жылы
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Функция. Функцияның графигі |
Мектеп:С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Идияева Айтолқын |
|
Күні:19.11.21ж |
Қатысушылар саны: |
|
Сыныбы: 7 «Г» |
Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сызықтық функция және оның графигі |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: |
7.4.1.6 сызықтық функция графигінің координата
осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу; |
|
Сабақтың мақсаты: |
y=kx функциясының анықтамасын біледі. y=kx функциясының графигін салады. y=kx функциясының k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтайды. |
|
Бағалау критерийлері |
- Сызықтық функция ұғымына сипаттама береді; - Сызықтық функцияның берілу тәсілдерін біледі; - Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді. |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 2 мин. 3мин. 3мин.
5мин.
7мин.
5мин. |
І Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. 2.Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру.Әдемі көңіл-күй тілеп сабақты бастаймын ІІ Үй тапсырмасын тексеру 1. «Маған көрсет» әдісі бойынша үй жұмысын тексеремін. №3.50. Графигі төмендегі сызықтық функциясының графигіне параллель болатын тура пропорционалдықтың графигін көрсетіңдер.
2.Топқа біріктіру: І топ ІІ топ ІІІ топ Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземін. Үш топқа жеке сұрақ қойып, жауабы арқылы топтың атын анықтаймын. 3.«Тауып көр» әдісі. 1.Тәуелсіз айнымалының әрбір мәніне тәуелді айнымалының бір ғана мәні сәйкес келетін тәуелділікті ата 2.Тәуелсіз айнымалы қалай аталады? 3.Координаталық жазықтықтағы абсциссалары аргументтің мәндеріне тең, ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең нүктелердің жиынын қалай айтады?
Топпен жұмыс ІІІ Жаңа сабақ Жаңа тақырыпты топта бірге оқулықтан оқып танысуды ұсынамын. Жаңа тақырыпқа байланысты тапсырма беремін. Сәйкестендіру тесті
Оқушыларға қосымша к-мен в-ның таңбаларына байланысты мәлімет беремін |
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды. «Маған көрсет» әдісі бойынша оқушылар үй жұмысын слайдтағы дұрыс жауаптармен салыстырып тексереді, дұрыс жауапқа сәйкес нұсқаны көтереді.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді. Функция Тақтаға кез-келген функция жазып көрсетеді. Аргумент Тақтадағы функция ішінен аргументті көрсетеді. График Тақтадағы функцияның графигін сызып көрсетеді. Әр топ ережелерді ұстанып, өз міндеттерін орындайды.
Берілген графиктер арасынан сызықтық функция
графиктерін анықтап, көрсетеді. Тапсырмаға ауызша жауап
береді.
Жаңа тақырыпты топта бірге оқулықтан оқиды. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс беру үшін сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды.
Флипчартқа түсіреді , топта қорғайды. Оқушылар тақырыпқа байланысты мәліметпен танысып, ереже жазылған қима қағаздарын алады. |
смайлик Дескриптор: -Өткен сабақтағы ережелерді қайталайды. Дескриптор: параллель болатын тура пропорционалдықтың графигін көрсетеді. өзін-өзі тексереді. Әр оқушының жауаптары бағалау парағына түсіп отырады. Жалпы балл-4
смайлик
Дескриптор: Сызықтық функция анықтамасын табады Тәуелсіз айнымалыны табады Бұрыштық коэф табады Бос мүшені табады Графигі түзу болатынын біледі Ширегін табады Топтар бір –бірін бағалайды |
2-Слайдта сұрақ 3-Слайдта сұрақ 4-Слайдта сұрақ Топтың атауы жазылған белгі 5-слайд
А аАА
В В
С С
жетондары 6-слайдта сызбалар
7-слайд Әр топқа флипчарт , маркер, түрлі түсті фломастер беріледі
14-слайд Қима қағаздары |
|
Сабақтың ортасы. 8мин.
7 мин |
ІҮ Оқулықпен жұмыс. «Табыс ағашы» әдісі бойынша деңгейлік тапсырмалар ұсынамын. Оқулық бойынша саралау тапсырмалары А деңгейі жасыл алма №3.49. Тура пропорционалдықтың графигі қай координаталық ширектер арқылы өтеді? 1)у=3х 2) у=-0,3х 3) у= - х 4) у=0,2х В деңгейі сары алма №3.52. Мына функциялар графигі Оу осін қай нүктеде қиып өтеді және қай координаталық бұрыштан үшбұрыш қиып өтеді?
3)у= 3х+5 4)у= - 0,5х – 4 С деңгейі қызыл алма №3.54. Суреттің әрқайсысында к-ның мәнін анықтап, формуламен жаз.
Тақтамен жұмыс «Күзгі жәрмеңке» әдісі арқылы тақтамен жұмыс жасату. Тақтада тапсырмалар тұрады, әр затқа сәйкес есеп беріледі. 1) дәптер: у=-0,4х+1,5 сызықтық функциясы графигінің ординаталар осімен қиылысу нүктесінің координаталарын тап. 2) y = 3x – 6 функциясының графиигі қай координаттық ширектерде орналасқан? 3) маркер: y = 0,1x – 0,9 сызықтық функциясы графигіне параллель болатын сызықтық функция жазып көрсет . 4) қалың дәптер: y = -5x + 4 функциясының графиигі қай координаталық бұрыштан үшбұрыш қиып өтеді? 5) қалам: Суретте көрсетілген сызықтық функцияның графигі бойынша k және b коэффициенттерінің таңбаларын анықта?
|
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.
Оқушылар қалаған затқа сәйкес тапсырманы тақтада орындап, дұрыс орындаған жағдайда жәрмеңкеден заттай сыйлық алады
1. х |










Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген