жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ «Сызықтық функция және оның графигі» Алгебра 7 сынып
«Тайынша қаласының №5 орта мектебі» КММ
Алгебра 7 «Ә» сынып
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық функция және оның графигі
-
Бөлімі:
Функция. Функцияның графигі
Педагогтің аты-жөні:
Тлеутаева Багира Искаковна
Күні:
17.11.2021ж
Сыныбы: 7
Қатысушылар саны: 20 Қатыспағандар саны:-
Сабақтың тақырыбы:
Сызықтық функция және оның графигі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
7.4.1.5 y = kx + b түріндегі сызықтық функцияның анықтамасын білу, оның графигін салу және графиктің k және b коэффициенттеріне қатысты орналасуын анықтау;
7.4.1.6 сызықтық функция графигінің координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табу;Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: y=kx функциясының анықтамасын біледі.
Көптеген оқушылар істей алады: y=kx функциясының графигін салады.
Кейбір оқушылар істей алады: y=kx функциясының k коэффициентіне қатысты орналасуын анықтайды, координата осьтерімен қиылысу нүктелерін графикті салмай табады.
Бағалау критерийлері
- Графикті пайдалана отырып, функцияның анықталу облысын, мәндер жиынын анықтайды;
-Берілген теңдеуі арқылы функцияның графигін таңдайды;
- Сызықтық функция графигінің (ОХ), (ОУ) осьтерімен қиылысу нүктесінің координатасын табады.
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||
|
Сабақтың басы Өткен сабақты тексеру 7мин. |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау. I. «Миға шабуыл» стратегиясы: Сұрақтарға жауап беру 1.Қандай функция сызықтық функция деп аталады? 2.Сызықтық функцияның графигі қандай сызық болады? 3.Сызықтық функцияның графигін салу үшін қанша нүкте жеткілікті? 4. y=kx функциясы қалай аталады? 5. y=b функциясы қай оське параллель болады? |
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді. |
Дескриптор: -Өткен сабақтағы ережелерді, формулаларды қайталайды. |
Интербелсеңді тақта Слайд №3 |
||||||||||||
|
Сабақтың ортасы. 28 мин. |
II. Кесте толтыру (Слайд №4)
III. Оқулықпен жұмыс №22.6; 22.7, 136-бет IV. «Quizizz» бағдарламасы бойынша Тест орындау https://quizizz.com/join?gc=3452928&from=challengeFriends V. Жұппен жұмыс : 1-тапсырма, 1-2 сурет Суреттерді пайдаланып: а) графиктер қай ширектерде орналасқан; б) бұрыштық коэффициенттерінің таңбасын анықтаңыз; с) бұрыштық коэффициенттерін аңықтап, функцияларды формуламен беріңіз.
2-тапсырма, берілген функциялардың графиктерін салмай (ОХ), (ОУ) осьтерімен қиылысу нүктелерін табыңдар (41-бет) a) ?= 2?−3 , b) ?= −2?+ 1, c) ?= ?+ 3 , d) ?= ?−1, e) ?= −2?+ 2 f) ?= 3х+ 1 сызықтық функциялары берілген. 1) Графикті салмай берілген сызықтық функциялардың графиктерінің ордината өсімен қиылысу нүктесін табыңыз 2) Берілген сызықтық функциялардың графиктерінің абцисса өсімен қиылысу нүктесін табыңыз VI. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау 1-тапсырма ,1-сурет (34-бет) Cуретте функция графигі берілген. Графикті қолданып: а) аргументтің мәні 2-ге тең болғандағы функция мәнін табыңыз; b) функция мәні нөлге тең болғандағы аргументтің мәнін табыңыз; c)А(2;-3) және В(1;1) нүктелерінің қайсысы берілген функцияның графигіне тиісті болатындығын анықтаңыз.
2-тапсырма, карточкамен жұмыс: (6 оқушыға беріледі) -функция жазылған дайын параққа графигін салады.
|
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.
|
Дескриптор: -Әрбір функцияны графигімен сәйкестендіреді
Дескриптор:
-Аргументтің мәніне сәйкес функция мәнін табады; -функция мәніне сәйкес аргументтің мәнін табады; -тиісті болатын нүктені табады. Дескриптор: -Графиктер қай ширектерде орналасқанын анықтайды; -бұрыштық коэффициенттің таңбасын көрсетеді; -бұрыштық коэффициентін анықтайды; -тура пропорционалдықтың формуласын жазады.
Дескриптор − графиктерді сызып, белгілейді; − бос мүшелері бойынша координата осьтерімен қиылысу нүктелерін табады; |
Интербелсенді тақта Слайд№4 Дәптер Оқулық «Алгебра 7» Авторы: А.Е.Әбілқасымова Алматы «Мектеп», 2017
Quizizz.com Слайд№5
Слайд№6
Слайд№7 Слайд№8
Слайд№9
Слайд№10 |
||||||||||||
|
Сабақтың соңы. 5 мин
Рефлексия 3мин
Бағалау
Үй тапсырмасы 2 мин |
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту) 1.Сызықтық функция графигінің координаталар осьтерімен қиылысу нүктесін анықтаңдар: у=-5х+7 2.Сәйкестендіріңіз: Интербелсенді тақтадағы графиктерді формуласымен сәйкестендіреді
«Менің көңіл-күйім баспалдағы» Баспалдақтар «Керемет , өзіме сенімдімін!», «Жақсы, жаман емес!», «Маған көмек керек, білмеймін!» деп аталады.
Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша бағалау парағынан ортақ балл шығару
№22.5(1),22.9(1,3), 136-137 бет (график салып, сұрақтарға жауап беру) |
Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды
Оқушылар стикерлерге өз ойларын жазып тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.
Бағалау критерийлері бойынша ортақ балдарын есептейді
|
Дескриптор -әрбір функцияны графигімен сәйкестендіреді; -Пікір алмасады.
Бағалау парағы бойынша ортақ балл қойылады
|
Интербелсенді тақта Дәптер Слайд№11
Слайд№12
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған 14 ақпан 707
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі |






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген