Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ:" Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы"

Материал туралы қысқаша түсінік
- сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«.Бөлім:

Функция. Функцияның графигі



Педагогтің аты-жөні:

Мухабаева Шынар Аскербековна

Күні:


Сынып: 7Ә

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.4.1.8 сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу

Сабақтың мақсаты:


  • сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздейді.


Құндылыққа баулу

Құндылықтар:

Әділдік: тапсырмаларды орындау барысында есептің шешімін дұрыс жолмен табуға, топтық жұмыс кезінде әркімнің пікірін әділ бағалауға, өз еңбегі мен сыныптасының еңбегін әділ мойындауға үйренеді.

Жауапкершілік: есеп шығарудағы қателерін талдап, өз жұмысының нәтижесіне жауап беруге, тапсырмаларды уақытылы әрі мұқият орындауға дағдыланады.

Уақыты/

кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басы


5мин

11:30-11:35

Жұмыс түрі: топтық
Әдіс: «Сөйлемді жалғастыр» айдары.
оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауына жағдай жасап, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды ұйымдастырады. Арнайы ұяшықтар арқылы оқушылар құндылықтарды даралап көрсетеді.

-сабақтың мақсатымен таныстыру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

Тақтамен тексеру

Жасанды интеллект көмекшісін тыңдап, құндылықтарға қатысты сөйлемдерді жалғастырады.

Әділ болу дегеніміз – …
– Өз ісіме жауапкершілікпен қараймын, себебі …
– Егер әділетсіздік көрсем, мен
– Әділ адамды мен … деп атаймын.
– Өз уәдемді орындамасам

Сабаққа белсенді қатысуға дайындалады.


Тақтамен тексереді

Жасанды көмекші арқылы оқушылар өздерін «Шапалақ» әдісі арқылы бағалауы










Әр дұрыс жауап үшін «Жұлдызша» арқылы бағаланып отырады Дұрыс жауапқа 1 балл

Google AI studio Veo 3 жасанды интеллектісі арқылы жасалынған бейне

Сабақтың

ортасы

10 минут

11:35-11:45

Жаңа тақырыпты түсіндіру

П.23. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы

у=кх+b х-тәуелсіз айнымалы, к, b –рационал сандар

Сызықтық функцияның графигі – түзу, демек, сызықтық функциялардың графиктері бір нүктеде қиылысады немесе параллель болады, немесе беттеседі.

Өзара қиылысатын екі түзудің бір ғана ортақ нүктесі болатыны белгілі. Сондықтан екі сызықтық функцияның графиктері болатын екі түзу қиылысуы үшін, оларға бір ғана нүкте ортақ болуы керек. Бұл жағдайда екі функция үшін, у-тің бір ғана мәніне х-тің бір ғана сәйкес келеді. х пен у-тің осы мәндері екі түзудің қиылысу нүктесінің координаталары болады. Қиылысу нүктесіндегі х-тің мәнін табу үшін функцияларды теңестіру қажет.

  1. у=3х-1 және у=3х+2 к1=к2 болса графигі параллель болады

  2. у=2х+1 және у=-4,5х-4 графигі бір нүктеде қиылысады

  3. у=5х-3 және у=- х+2 к12 =-1 графигі перпендикуляр болады

  4. у=3х+2 және у=3х+2 графигі беттеседі

Егер сызықтық функциялардың графигі болатын түзулердің бұрыштық коэффициенттері әр түрлі (тең емес) болса, онда түзулер қиылысады.

Бір координаталық жазықтықта орналасқан екі сызықтық функцияның графиктері болатын түзулердің ортақ нүктесі болмағанда ғана олардың параллель болатыны белгілі.

М ы с а лу=2х+1 функциясының графигі мен у=0,5х+4 функциясының графиктерінің қиылысу нүктесін табайық.

Ол үшін 2х+1=0,5х+4 теңдеуінің түбірін табу қажет

2х+1=0,5х+4;

2х-0,5х=4-1;

1,5х=3;

х=2.

х=2 болғанда:

у=2х+1=2•2+1=5; у=5;

у=0,5х+4=0,5 • 2+4; у=5. Демек, х=2 болғанда екі функция да 5-ке тең бір ғана мәнді қабылдайды. А(2;5) нүктесі у=2х+1 функциясының графигіне де, у=0,5х+4 функциясының графигіне де тиісті. Онда бұл функциялардың графиктері болатын түзулер қиылысады.


Мақтау, мадақтау арқылы бағалау:

Жарайсың!

Өте жақсы!

Жақсы!

Керемет!







Білім класс видеосы

Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып, Алгебра, авторы А.Е. Әбілқасымова..



5 минут

11:45-11:50

Жұптық жұмыс тапсырмалары (GeoGebra бағдарламасын қолданады)

Графиктерін салып, олардың орналасауын анықтайды:

  1. y=x+5 және y=x+2

  2. y=-x+1,5 және y=2x-3


Cызықтық функциясының графиктерін салып, олардың өзара орналасуын анықтаңдар.

y= х+5 К=1

y= х+2

Әр дұрыс жауап үшін «Жұлдызша» арқылы бағаланып отырады Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Әр есептің қадамдары бойынша бағалау

Дескриптор:

-Кесте құрады 1б

-Берілген сызықтық функциялардың графиктерін салады.1б

-Олардың өзара орналасуын (қиылысу, параллель, беттесу) анықтайды.1б

Жалпы 3 балл

Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып,

GeoGebra

платформасы

Жеке жұмыс

10 минут

11:50-12:00

Оқулықпен жұмыс. №23.11

Егер y=3x+b, y=4x+b, y=-x+b, y=2,2x+b сызықтық функциясының графиктері

  1. y=x+7,2

  2. y=-5x+9

Сызықтық функция графикерімен бір нүктеде қиылысса, b санын табыңдар.

О0ушылар:

-Кесте құрады

-Берілген сызықтық функциялардың графиктерін салады.

-Графиктердің қиылысу нүктесін табады.









Әр дұрыс жауап үшін «Жұлдызша» арқылы бағаланып отырады Оқушылар дайын жауаппен, жұпта қатар отырған оқушылар бірін-бірі тексеріп бағалайды.

Дескриптор:

-Кесте құрады 1б

-Берілген сызықтық функциялардың графиктерін салады. 1 б

-Графиктердің қиылысу нүктесін табады. 1б

Жалпы 3балл


Тақта;

Слайд;

Оқулық

7-сынып, Алгебра, авторы АЕ Әбілқасымова..-Алматы,Мектеп 2017

10 мин

12:00-12:10

Бекіту тапсырмасы. Жұлдызшаның орнына мына сызықтық функциялардың графиктері параллель болатындай сандарды қойыңдар:

1) у=7х+2 және y=*x+5

2) y=*x+2 және у=-6х3

Жұлдызшаның орнына мына сызықтық функциялардың графиктері қиылысатындай сандарды қойыңдар:

1) у=2х-2 және y=*x-1,2

2) y=*x-5 және у=0,8х+3,3

Жұлдызшаның орнына мына сызықтық функциялардың графиктері беттесетіндей сандарды қойыңдар:

1) у=9х-* және y=*x-3

2) y=*x-6 және у=6х-*


ҚБ:

Дайын жауаптар арқылы

Жұпта өзара бағалау «+», « - », қызықты



1)7 =

2)6




1)7/1


2)6




1)-3

2)6 = , =

Оқушылар:

  • Паралелльдік қасетті қолданып, жұлдызшаның орнына сан қояды

Дескриптор:

Паралелльдік қасетті қолданып, жұлдызшаның орнына сан қояды 3 балл


Әр дұрыс жауап үшін «Жұлдызша» арқылы бағаланып отырады

Слайд

Тақта

Бор


Кітап

Дәптер

Сабақтың

соңы

5

Минут

12:10-12:15

Сабақты қортындылау:

- сызықтық функция графиктерінің өзара орналасуы олардың коэффициенттеріне тәуелді болатынын негіздеу


Бағалау парақшасы арқылы оқушылар кері байланыс береді.

-Түсіндім

-Сұрақтарым бар

-Түсінбедім

Үй тапсырмаларын азып алады

Бағалау парақтары бойынша жинаған ұпайларына қарай мұғалім 1-10 баллмен бағалайды

ЖИ арқылы жасалған презентация


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12