жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Т дыбысы мен әрпі
|
Күні: Сынып: 1 «Д» |
Қатысқандар саны:19 Қатыспағандар саны: 0 |
||
|
Мұғалім: |
Курмашева Амина Берикбаевна Форт-Шевченко мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі. |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9Дыбыс пен әріпті тану және ажырату. 0.1.2.2. Педагогтің сұрақтарына толық, анық жауап қайтару. 1.1.4.1 Мәтіннің мазмұның тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. |
||
|
Сабақтың мақсаттары: |
Барлығы:Т дыбысы мен әрпін түсіндіреді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
|
Жетістік критерийлері: |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
|
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі, музыка,хореография сабағы |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба ,бейнежазба, суреттер,дидактикалық материалдар, таныстырылым. |
||
|
Тілдік құзыреттілік |
Т дыбысы мен әрпі. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
1. Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру |
(Бүгін біздерге көптеген қонақтар келіп отыр екен). 1. Шаттық шеңбері «Ойлан тап» ойыны.(Доп лақтыру арқылы өткен ережелер еске түсіріледі.) «Айтылым»дағдысы, «Ой қозғау»стратегиясы Сұрақтар: 1.Сауат ашу оқу іс-әрекетінде нені үйренеміз? 2.Әріп дегеніміз не? 3.Дыбыс нешеге бөлінеді? 4.Дауысты дыбыс қалай айтылады? 5.Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? 6.Дауысты дыбысты қандай текшемен белгілейміз? 7.Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз? Дескриптор: - Өткен ережелерді еске түсіреді; - Толық, нақты жауап береді; |
Шаттық шеңбері Доп
|
|
|
Топқа бөлу
Өткен сабақты қайталау
2. Негізгі бөлім
|
2. «Мектепке жол» тақырыбы аясында топқа бөлу 1 топ-«Табиғат» 2 топ-«Мектеп» 3 топ-«Ақпарат»
Ойын «Сөз ойла,тез ойла» (Бейне жазбадағы ата-ананың сұрақтары арқылы өткен әріптерді еске түсіру) Тыңдалым, айтылым дағдысы. Үш тілдік «А»-аққу-лебедь-swan «Н»-нан- хлеб-bread «Л»-лақ- козленок-goat «Р»-раушан-роза- rose «О»-ожау-черпак-gupsy Орамал-платок-handkerchief Ойыншық-игрушка-toy Орындық-стул- chair Дескриптор:
3. Жаңа сабақ. Тыңдалым. Айтылым. Жұмбақтар шешу. Кішкентай боп өз-өзін зор тұтады, Сөйтіп пілдің өзін де қорқытады. (тышқан) Бұлаңдаған құйрығы, Бір алдарлық қулығы. (түлкі) Өзі үлкен жануар, Үстінде екі тауы бар. (түйе) Дескриптор -Жұмбақтың шешуін табады; -Сөздерді буынға бөледі; - Жаңа әріппен танысады;
1 топ-табиғат 2 топ-мектеп 3 топ-ақпарат
Дескриптор -кеспе әріптерден сөз құрастырады; -дыбыстық талдау жасайды; 5 . Оқулықпен жұмыс.Оқылым. Топтық жұмыс «Дерижер» әдісі 1топ –дауыстап 2 топ-сыбырлап 3 топ-билеп Кейбір оқушылар жеке оқиды.
6.Жазылым. «Түртіп алу» әдісі Дәптерлеріне «Т» әрпінің жазба түрін жазу(Ауада, интер.тақтада жазып көрсетіледі) Дескриптор: - каллиграфиялық нормаларды сақтап жазу; - Дұрыс отыра жазу ережелерін сақтау; |
Таныстырылым,
Бейне жазба
Әріптер жазылған суреттер
Кеспе әріптері
Оқулық Музыка
Дәптер |
|
|
Сергіту сәті |
7. Ойын «Дыбысты анықта» («О» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтау, ал «Т» әрпін айтқанда аяқтарымен тоқылдату тапсырылады) Дескриптор: -шатаспай, мұқият тыңдап, орындау тапсырылады;
9. Сабақты пысықтау. Топтық жұмыс Тыңдалым.Айтылым. «Орналасу орнын тап» ойыны Суреттер арқылы 1 топ-ата, 2топ-тон, 3топ- тал сөздері құрастырылады. (әріп,дыбысты ажырату,дыбыстық талдау жасау)
Дескриптор:
10. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. |
Музыка |
|
|
3.Сабақтың соңы |
Рефлексия (кері байланыс) Сабақтағы іс-әрекетті баспалдақ сатылары арқылы төмен,орташа,жоғары көтерілу арқылы алу. Түсінбедім. Сұрағым бар. Түсіндім. |
Стикерлер |
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? |
Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
|
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) |
Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|
Форт-Шевченко мектеп-интернаты
Ашық сабақ тақырыбы: «Менің мектепке баратын жолым. Т дыбысы мен әрпі»
Мұғалім: Бастауыш сынып мұғалімі: Курмашева Амина
Сыныбы: 1 «Д» сыныбы
Пәні: Сауат ашу









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген