400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Табиғат" 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге көмек ретінде жариялап отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алтыбаева Ажар Қуанышбекқызы. Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы, «№ 3 Ю.А.Гагарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. т. 8771 452 57 42 Picture 2

6 сынып. Қазақ тілі орыс мектебінде.

Сабақтың тақырыбы: Лексикалық тақырып: « Туган жер табиғаты».

Грамматикалық тақырып: «Етістіктің шақтары».

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі дамиды. Туған жер, табиғат туралы ой-өрістері кеңейеді. Сөйлем құрау, сауатты сөйлеу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, оқу, әңгімелеу, стартер әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар, аквариум, балықтар, сөздер жазылған кестелер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сынып дөңгеленіп шеңбер құрып тұрады. Оқушылармен сәлемдесу, көңіл- күйлерін сұрау. Бір- бірлеріне тілек айтады. Әр түрлі балықтарды таратып беру,сол балықтар арқылы оқушылар төрт топқа бөлініп отырады.

Әр топ спикер сайлап алады.Топтарға бағалау парағын таратып беру.

Үй тапсырмасын тексеру. Стартер әдісі. Оқушылар партада жатқан сөздерді алып етістіктің шақтары бойынша қалташаларға салады.

Спикер дұрыс, бұрыстығын тексеріп, бағалау парағына бағаларын қояды.

Жаңа сабақ. Интерактивті тақтадан табиғатқа байланысты, туған жерге байланысты суреттер көрсетіледі, суреттерді көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашу. Сұрақ- жауап арқылы сабақты бастау.

1.Суреттен не көрдік, нені тамашаладық?

2.Біз қандай елде тұрамыз?

3.Қазақстан жері қандай?

4.Табиғаты қандай?

5.Сендердің туған жерлерің?- деп ой тастау арқылы сабақтың тақырыбын тапқызу. Сабағымыздың тақырыбы: Туған жер табиғаты.

Осы тақырып бойынша алдымызға қандай мақсат қоямыз, деп сабақтың мақсатын оқушылардың өздеріне құрғызу. Тақтадағы мұғалім мақсатымен салыстыру.Ендеше осы мақсатқа бірлесе отырып жетейік деп, оқушылардың ынтасын сабаққа аудару.

Тақтада бір шумақ өлең беріледі.

Шықшы тауға, қарашы кең далаға

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға

Ол шетімен бұл шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?



1.Бір бала мәнерлеп оқиды.

2.Хормен оқыту.

3.Жатқа айту, есте сақтағандарын дәптерлеріне жазғызу.

Өлеңді тексеру критерийлері бойынша бір-бірлерін бағалайды.

Өлеңді тексеру критерийлері:

«5»- орфографиялық , пунктуациялық қателері жоқ, мазмұны толық.

«4»- 1орфографиялық ,1пунктуациялық қателері бар, мазмұны толық.

«3»- 2-3 орфографиялық , пунктуациялық қателері бар, ой толық емес.

«2»- 3-5 орфографиялық , пунктуациялық қателері бар, ой толық емес.

Сергіту сәті.

Келесі тақтада берілген тірек сөздерді бір оқушы оқып шығады. Осы тірек сөздерді қатыстырып бес сөйлем құрастырады.

Тірек сөздер: табиғат, әрбір, ағады, әсем, ыстық, жерім, сағынамын, жерім, өзен, өседі, қымбат, асқар, тау, сүйемін, өсімдіктер, мен, тамаша.

Спикер тексеріп бағалау парағына бағаларын қояды. Оқушылардан табиғат туралы, туған жер туралы мақал-мәтелдер сұрау.

ҚShape1

  1. Б

  2. А

  3. В

  4. Б

  5. Б

  6. а

орытынды ретінде оқушыларга тест таратып беру. (6сұрақ) Тест орындап болганнан кейін жауап үлгісі бойынша өз-өздерін тексереді, бағалау парағына бағаларын қояды.

Тест.

1.Туған жер сөзінің аудармасын тап?

а) моя земля

б) родная земля

в) территория

2. Табиғатқа байланысты сөздер қатарын көрсет.

а) ағында су, асқар тау

б) қасиетті тіл, құдіретті үн

в) Отан, атамекен

3. Табиғатқа қатысты мақал-мәтелді тап.

а) Отан оттан да ыстық.

б) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

в) Ағын судың арамдығы жоқ.

4.Етістіктің неше шағы бар?

а) екі

б) үш

в) төрт

5. Өткен шақ етістік қалай жасалады?

а)–п, -ып,-іп жұрнақтары арқылы

б)–ды,-ді,-ты,-ті жұрнақтары арқылы

в)–а, -е, -й жұрнақтары арқылы

6.Осы шақта тұрған сөйлемді тап.

а) Мен кітап оқып отырмын.

б) Ол мектепке бара жатыр.

в) Асан кеше театрға барды.

Бағалау парағын жинап алу. Үйге тапсырма : тақырыпқа байланысты диалог құрап келу, өз туған жері жайлы әңгімелеу.

Рефлексия. Алдарында жатқан балықтарға өз ойларын жазады. Не сәтті өтті, не сәтсіз өтті? Сонымен қатар келесі тақырып бойынша не білгілері келетіндерін жазып тақтадағы аквариумге орналастырады.

Мұғалімнің қорытынды сөзі. Біз осы аквариумдегі балықтардай бірге жүзіп, бірлесіп жұмыс істесек, біз жеңбейтін қиындық болмайды деп ойлаймын. Сендерге үлкен рахмет.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 маусым
873
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі