400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Табиғат — біздің досымыз»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру. Балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 Ұйымдастырылған оқу қызметтінің жоспары.

Батыс Қазақстан обылысы Ақсай қаласы. № 10 «Алтын бесік» бөбекжайы Тәрбиеші.

Раханова Гулзия Умирзаковна

Өтпелі тақырып:«Балабақша»

Тақырыбы: «Табиғат — біздің досымыз»

Мақсаты: Балаларға табиғат, тіршілік, қоршаған орта арасында байланыс жайлы  түсініктерін қалыптастыру. Балаларға өлі және тірі табиғат жөнінде мағлұмат беру. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, қадірлей білу және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, сұрақ – жауап,түсіндіру.

Көрнекіліктер: Күз туралы слайд-суреттер, үлестірмелі карточкалар, интербелсенді тақта.

Билингвальді компонент: Күз – осень, жапырақ – лист, жаңбыр – дождь.

Іс- әрекет кезеңдері.

Тәрбиешінің іс-әркететі

Балалрдың іс -әркететі

Мотивациялық- қозғаушылық

Қызығушылығын арттыру.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар! 
Шаттық шеңберін құрайықшы. 

Балабақшам менің

Жаңа қадам жасадым.

Қош болып тұр,бесігім.

Балабақша есігін
-Балалар барлығы қимылмен орындап шығады.

Ойын: «Балабақша қызметкерлерін атау»

Шарты: Суретке қарап балабақша қызметкерлерін атап көрсету.


Сәлеметсіз бе!



Қимылдарын қайталап айту.


Суретпен жұмыстану.

Ұйымдастыру- іздестіру

-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?

Атап айтып шығайықшы.

-Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып шығайықшы.

-Күз туралы кім тақпақ біледі?
Балалар,  мен сендерге жұмбақ жасырамын,  мұқият тыңдаңдар.

Бір жерінде ыстық,

Бір жерінде суық.

Бір жерінде күн,

Бір жерінде түн. Керемет алып неткен

-Иә, дұрыс айтасыңдар, міне мынау – «жер шары»

— Жер шарының пішіні қандай?

Біз қазір сіздермен «Жер шары» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты бойынша мен қолымдағы допты бір балаға лақтырып, «жер шары» деп айтамын қағып алған бала жер шарында кімдер? Нелер? мекендейтінін шапшаң айтып допты кері лақтырады. Мысалы: «Жер шары» десе бала «адам» деп жылдам жауап беруі тиіс.

— Жарайсыңдар балалар!  Адам, құстар,жануарлар, жәндіктер, аңдар, ағаштар, гүлдер, таулар. Бұның барлығын бір сөзбен айтқанда не деп айтамыз?

— Дұрыс айтасыңдар, біз бүгін сіздермен осы табиғат ұғымымен тереңірек танысамыз.

Табиғат аясында жүргенде ережеледі айтып жүру.

Табиғат ананы ластамай тазалықты сақтай білуіміз керек.

·         Тағы қандай ережелерді білесіңдер?

Ғажайып сәт: (Табиғат құбылыстарының  

дыбыстарын тыңдау)

— Балалар  не  естідіңдер? Ненің  дыбысы  деп  ойлайсыңдар?

Осы  құбылыстардың  барлығы  табиғат   құбылыстарына  жатады. Табиғат – бізді  қоршаған  орта, туған  елім, ауа, күн  мен   жер   және су,  орман  мен  жануарлар.

Табиғат     екіге  бөлінеді: тірі табиғат   және өлі   табиғат.

Тірі  табиғатқа:  ағаш, шөп, гүл, адамдар, аңдар, құстар жатады, олар  өседі, дем алады, көбейеді, денесінде жаны бар.

Өлі  табиғатқа: су, тас, құм, ауа  жатады, олар өспейді, дем  алмайды денесінде жаны жоқ.

Бірақ осы тірі табиғат пен өлі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.

(Балаларға орманның суретін көрсету)

Балалар біз бүгін орманға саяхатқа барамыз.

1 тапсырма: Балалар, бұл осы тірі табиғаттың бірі аңдардың іздері. Қараңдаршы табиғат аясында неше түрлі аңдар жүреді екен.

— Тақтадан жердегі аңның ізінің, қай аңдікі екенін түсіндіріп көрсету. (4 түрін)

2 тапсырма: Балалар қараңдаршы экранда сылдырап ағып жатқан не екен?

— Дұрыс, бұл су.

-Ал судың қандай пайдасы бар?

Су — балалар өлі табиғатқа жатады, ал біз адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп. Демек, өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен тығыз байланысты екен.

Балалар сендердің алдарыңда стакандар тұр. Судың құрамы қандай екен бәріміз назар аударайықшы.

1) Судың құрамы сұйық болады;

2) Су түссіз болады;

3) Судың дәмі болмайды;

— Жарайсыңдар балалар! енді мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар.

Бар ма, жоқпа, оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің? Ол не ?

— Жарайсыңдар, балалар! Ауа бізге не үшін керек?

— Ауаның түсі қандай?

— Қолмен ұстауға болама?

— Балалар айналаға қараңдаршы, біз ауаны көреміз ме?

1-тәжірбие: Әр баланың қолына айна беріледі. Балалар айнаға үрлеп, ауаның бар екеніне көз жеткізеді.

2-тәжірбие: Балалар енді мұрнымызды қолымызбен жауып, аузымызды ашпай көрейік.

— Көрдіңдер ме балалар ауасыз тыныс алу мүмкін емес екен.

Табиғат аясындағы ағаштар, әсем гүлдер, тіпті бөлмеміздегі гүлдер де  ауадағы шаңды жұтып, бізге таза ауа жіберіп отырады екен.

Ендеше, балалар шаршаған шығарсыңдар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:Әуенмен би

— Ендеше алған білімдеріңізді байқау үшін қазір «Таңдап алда, атын ата» дидактикалық ойынын ойнауға шақырамын.

Ол үшін ғажайып дорбаның ішінен өлі және тірі табиғат бейнелерін таңдап алып, алған заттарыңның атын атап,оларды өзінің тиісті фланеграфқа апарып орналастырасыздар.

Жылдың төрт мезгілгілі бар

-Көктем,жаз,күз қыс

Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтып шығады.

Өз тақпақтарын айтып шығады.



Рефлексивті – түзетушілік

— Балалар сендерге орманға саяхат ұнады ма?

— Балалар біз табиғат аясында нені білдік?

— Тірі табиғатқа нелер жатады екен?

— Ал өлі табиғатқа ше?

Балалар, барлығың  да  бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар

Сұраққа жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек

Суретке қарап сөйлем құрап айтуды менгерді

Нені игерді

Тірі табиғат туралы түсінікті игерді.

Нені біледі

ауасыз тыныс алу мүмкін емес екендігін біледі.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
681
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі