Ұйымдастырылған оқу
қызметінің тенологиялық картасы
№2 «Аққулар» мектеп алды
даярлық тобы
Сабақтың тақырыбы:
«Табиғат-біздің
досымыз»
Сабақтың
мақсаты:табиғат туралы балалардың
түсініктерін қалыптастыру;
Білімділік: қарапайым экологиялық білім
беру,табиғатты қорғауға танымдық қызығушылықтарын
арттыру;
Дамытушылық: табиғатқа деген қамқорлық
қатынасын,есте сақтау,ойлау қабілеттерін
дамыту;
Тәрбиелік: табиғат әлеміне
адамгершілікпен және қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, табиғатқа
деген сүйіспеншілігін арттыру;
Әдіс-тәсілдері:әңгімелесу,түсіндіру,тәжірибе
жасау;
Көрнекілігі:
Алдын ала
жұмыс:
Билингвальды
компонент:су-вода, ауа-воздух, самал
жел-легкий ветерок
Шаттық
шеңбері:
Табиғат біздің
анамыз,
Табиғатқа
баламыз,
Табиғатқа
қамқормыз,
Байлығын біз
қорғайық,
Әдепті болып
әрқашан,
Жақсылық
жасайық,
Келген бүгін
қонақтарға,
Иіліп сәлем
айтайық.
Тәрбиеші:-Балалар сендер қай елде
тұрасыңдар?
-Қазақстанда.
Слайд
көрсету.
Қазақстан елінің табиғаты бай
және ерекше ендеше интерактивті тақтаға назар аударайық.Біздің кең
байтақ дала да, шалқыған өзен-көлдер, жайылған ормандар,асқар
тауымыз бар екен.Балалар табиғат 2ге бөлінеді:Өлі табиғат және тірі
табиғат.
Тірі
табиғатқа: ағаш,шөптер,гүл,аңдар,құстар,адамдар.Олар өседі,дем
алады,көбейеді,денесінде жандары бар.
Өлі
табиғатқа: су,тас,құм,ауа жатады.Олар
өспейді,дем алмайды,денелерінде жандары жоқ.Бірақ екеуіде тығыз
байланыста екен.
-Балалар кім табиғат туралы
тақпақтар біледі?
Даниал: Күнде,суда,ауада,
Жан-жануарлар
барлығы.
Орман,теңіз
тауларда,
Табиғаттың
байлығы.
Су
туралы:
-Балалар экранға қараңдаршы
сылдырлап ағып жатқан не екен?
-Судың дыбысы
екен.
-Балалар мен сендерге судың
пайдасын түсіндірейін.
Су-өлі табиғатқа
жатады.Адамдар суды ішеміз бізге пайдасы өте көп.Су 3 түрлі
жағдайда кездеседі қайнағанда буға айналады,аязда қатып мұзға
айналады,мұз еріп қайтадан суға айналады.Су туралы тыйым
сөздерді,мақал-мәтелдерді кім біледі?
1.Қайнаған су-буды
көрсетемін.
2.Қатып-мұзға айналғанын
көрсетемін.
3.Мұз еріп қайта суға
айналғанын көрсету.
Мақал:
Алишер: Су ішкен құдығыңа
түкірме!
Ханшайым: Суды оңды-солды
төкпе!
Айша: Суды
ластама!
Назым:Сусыз өмір
жоқ!
№1 Сумен
тәжірибе:
Тәрбиеші:Балаларға ыдыстағы мөлдір суды
татып көрейік,дәмі бар ма?
Тәрбиеші:-Балалар енді суға тұз салып
көрейік, оның дәмін көрейікші,- ащы екен.
Тәрбиеші:-Балалар менде екі түрлі ыдыс
бар, пішіндері әртүрлі.Бұлардың ішінде су
бар.
Тәрбиеші:- Судың пішіні
қандай?
Балалар: Әр
түрлі
Тәрбиеші:Су қандай ыдысқа құйылса, сол
ыдыстың пішініндей пішінге айналады.
Ғажайып
сәт:
-Балалар қараңдаршы,біздің
топқа шар ұшып келіпті.
Ауа
туралы:
-Шардың түсі
қандай?
-Сары
түсті.
-Балалар шардың ішінде ауа бар
екен?Ауа не үшін керек?
-Дем алу
үшін.
-Ауаның түсі жоқ,бізге
көрінбейді екен.Ауаны қолмен ұстай алмаймыз.Ауа дәмсіз,
иіссіз,мөлдір түссіз.Менің қолымда шар бар, ол шарды кім үрлеп
береді? Шарды Тамиржан үрлеп береді. Ауа туралы кім
жұмбақ айтып береді.
Жұмбақ:
Ахмади: Бар ма,жоқ па,оны анық
білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп
жүрмейсің.(Ауа)
Тәрбиеші:-Балалар ендеше барлығымыз
мұрынмен тыныс алып көрейікші.
Тәрбиеші:-Балалар біз мұрнымызбен не
істедік?
Балалар: Біз мұрнымызбен дем
алдық
Тәрбиеші: Біз немен
демалдық?
Балалар -. Біз ауамен тыныс
алдық
Тәрбиеші:Балалар ауа бізге көріне
ма,қолға ұсталама,қане ұстап көрейікші?
Балалар:Ауа қолға
ұсталмайды.
Тәрбиеші:Алдымыздағы желпуішті өзімізге
қарай желпіп көрейікші.Не байқадық?
Балалар:Желпуіш қағазда желпіп,желден
ауаны байқайды.
Тәрбиеші: Мен мұндамын мен сенің
айналаңдамын деп,ауа қозғалып беттеріңе жұмсақ леп беріп жатыр.Ауа
тағы қай жерлерде жасырынып жатуы мүмкін?
-Балалар бізде өзімізді ғалым
деп сезініп,тәжірибе жасап көрейік.Ауа бөлмеде көрінбейді.Ауаны
көру үшін,оны «Ұстап
ал» тәжірибесін
жасаймыз.
№ 2 Ауамен
тәжірибе:
Тәрбиеші:Целлофан қалтаны балаларға
тартып,ішіне ауа толтырып аузын бекітуін айтамын.Ауа толған қалта
жастыққа ұқсайды.Енді қалта аузын шешіп, ауаны жіберейік
кішкене,қалта бос болып қалады.Осылай 2-3 рет
жасаймыз.
Балалар: Целлофан қалтаны үрлеп,уаға
толтырады.Қалта аузын шешіп,ауаны босатады.2-3рет
қайталайды.
Тәрбиеші:
-Қалта қандай
көлемде?
-Қалтада не
бар?
Біз не туралы білдік?Ауаның
түсі бар ма екен?
Балалар:
-Қалта үлкен
болды.
-Қалтада ауа
бар.
-Ауаның түсі
түссіз.
Тәрбиеші:Біздің келесі әжірибеміз
«Көңілді көпіршіктер» деп аталады.
Балалар:Шыны ыдыстағы суға түтікше
арқылы үрлейді.
Тәрбиеші: Не
байқадық?
Балалар: Ауа
көпіршіктерін.
Тәрбиеші: Ол ауа қайдан
келді?
Балалар: Ауаны үрлеп,жұтқаннан
келді.
Тәрбиеші -Ауа көпіршіктері қайда
кетті?
Балалар: Ауа көпіршіктері жоғарыға
көтеріліп,бөлмеге тарады.Себебі ауа суда
жеңіл.
Тәрбиеші:Балалар,бойымызды бір
сергітіп,бір тынығып алайық.
Сергіту
сәті:
Самал жел бізді
желдетші,
Күн нұры бізді
жарқырат,
Таза ауа бізге дем
берші,
Мөлдір су бізді
салқындат.
Тәрбиеші:Балалар,біздің табиғатымыз өте
керемет.Сулары,таулары,жері қандай тамаша
қандай сұлу.Табиғаттың маңызды
бөлшегі ағаштар.Айтыңдаршы,ағаштың адамдарға қандай пайдасы
бар?
Балалар: ағаштар жеміс береді,көлеңке
болады,таза ауа береді.
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар,ағаштар
көлеңке болып қана қоймай ауаны тазартып тұрады
екен.
Дидактикалық ойын: «Ағаш
құрастыр»
Мақсаты:балалар ағаштың сұлбасына
жапырақтарды орналастырып береді.
Тәрбиеші:Дұрыс, балалар,ағаштар улы
түтіндерді бойына сіңіріп алып,бізге таза ауаны жіберіп
тұрады.Сондықтан ағаштарға,табиғатқа қамқорлық жасап,оларды
сындырмай көп өсіруіміз керек.Ағаштар,гүлдер көп егіп оларға қамқор
болуымыз керек.
Күтілетін
нәтиже:
Нені
біледі:Шарда,целлофанда ауаның бар
екенін білді
Игереді: Суды,ауаны,ағаштардың барлығы
иөлі табиғат екенін игерді.
Меңгереді:тәжірибе жасауды
меңгерді.
-