Ашық сабақ Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал өзіме керек, көмегі көп
Материалдың қысқаша нұсқасы



Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Тақырыбы: Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?

Білім беру саласы : «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Сабақтың оқытылу мақсаты : Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т.б.) бақылауға қатыса алады; • табиғат құбылыстарын атай алады; • табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады; • жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін көрсете алады.тілдік мақсат дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Билингвальды компонент : табиғат құбылысы – природное явление – a natural phenomenon негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Табиғат, құбылыс, мезгіл, табиғат құбылысы және т.б.

Іс –әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс –әрекеті

Мотивациялық -қозғаушылық

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-2 мин.

(Ұ) «Нөсер» өлеңінің көмегімен дұрыс әсерлі көңіл күй жасау. Найзағайлар атылды, Жерге бұршақ шашылды. Нөсер жауып бір кезде, Жұртты әуреге салдырды.

Қозы-лақтар маңырап, Бұзаулар да аңырап. Айналаға қарасаң, Көрінбейді атырап. Нөсер жаңбыр жауады, Сай-саладан ағады. Жердің бәрі балшық боп, Бассаң, балқып барады. (Ұ) Балалар, табиғат дегеніміз не? Есімізге түсірейікші. табиғат – жанды және жансыз денелерден тұратын бізді қоршаған әлем. Бүгін біз сендермен табиғат құбылыстары туралы айтатын боламыз. Табиғат құбылыстары дегеніміз не? Қалай ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. (Ұ) Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады. (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады)

Табиғаттағы құбылыстар бейне- ленген суреттер.

Амандасу.

Ойын ойнау.

Суреттерді тамашалайды.

Ұйымдастыру -іздестіру

Өзекті мәселелер. Жұмбақтарды шешу арқылы табиғат құбылыстары туралы түсінік беру. Қанаты жоқ, ұшады, Аяғы жоқ, жетеді. Аузы жоқ, ұлиды (Боран). Арыстан арқырады, Орман жарқырады (Найзағай). Қанаты жоқ – ұшады, Аяғы жоқ – қашады (Жел). Қыста ғана болады, Ұстасаң, қолың тоңады (Қар).

Жұмбақтардың жа- уабына байланысты суреттер.

202

Сырылдатады шәйнегін, Ұнатпаса да жұрт, мейлі. Тереземіздің әйнегін Жуады, Бірақ сүртпейді (Жаңбыр). Балалар, қандай табиғат құбылыстарын білесіңдер? Табиғат құбылыстарына анықтама беріп көрейікші. табиғат құбылыстары – әр маусымда болатын табиғи өзгерістер (жаңбыр, қар, жел, боран, найзағай т.б.). (Ұ) «табиғат құбылыстары» тақырыбында сурет бойынша әңгімелеу – Балалар, суреттен нені байқадыңдар? – Қандай табиғат құбылыстарын атай аласыңдар? – Бірінші суретте қай мезгіл бейнеленген? – Күз мезгілінде ауа райы қандай болады? – Екінші суретте не бейнеленген? – Көктем мезгілі бейнеленген. – Көктем мезгілінде қандай табиғат құбылысы болады? – Күн күркіреп, жаңбыр жауады. – Ал, қыста қандай құбылыс болады? – Қар жауады. (Ұ) «Байқағыштық» деген жаңа ұғым бойынша жұмыс. Табиғаттағы табиғат құбылыстарын бақылату. Серуенде аулаға шығып табиғат құбылыстарына бақылау жасау. (Пт) Суреттер арқылы табиғат құбылыстары туралы мағлұмат беру. – Табиғатта болып тұратын өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады. Олар: жел, боран, кемпірқосақ, қар, жаңбыр, бұршақ жауу т.б. (Ұ) Аспандағы бұлтты бақылаған кездегі әсерлерін айтады. (Пт)

1-сурет: «Бұлт». Бұлт та табиғат құбылысы екенін түсіндіру. – Бұлт – ұсақ су тамшылары. Биік аспанда қалықтап жүреді. Ауа райы жылы мезгілдерде жаңбыр болып жауады. Ал суық кезде бұршақ және қар болып жерге түседі.

Жыл мезгілдерінің суреті.

Сурет.

203

2-сурет: «тұман». – Тұман – табиғат құбылысы. Ол да ұсақ су тамшылары. Ол жерге таяу жиналады. Қатты тұман көлік қатынастарына бөгет жасайды. Мысалы: ұшақтар ұша алмайды т.б. 3-сурет: «Жаңбыр». Жаңбыр – бұлттан бөлініп жерге түсетін су. Байқағыш адамның қасиеттері қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді: • нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі; • елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі; • сұрақтарды қоя білуі; • бақылау қорытындылары бойынша өз ойларын жеткізе білуі; • бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі. (Ұ) Өзекті мәселелер. Жаңбыр қайдан пайда болады? Неге қыста қар жауады деп ойлайсыңдар? Күн қай кезде ыстық болады? Найзағай қай мезгілде жарқылдайды? Күзде неге көп жаңбыр жауады? ҚОрытынДы: Әр мезгілдің өзіндік ерекшеліктеріне қарай өзіндік табиғат құбылыстары болады. Ауа райына байланысты олар өзгеріп, құбылып отырады. Мысалы, күзде жауын-шашын көп болады. Ал, қыста күн суық болғандықтан қар жауады. Қар аспан әлемінен қар түйіршіктері болып жерге түседі. Көктемде күн жыли бастайды, бірақ күн күркіреп, найзағай жиі жарқылдайды. Ал, жаз мезгілінде күн өте ыстық болады. (Ө) «МЕН БАҚЫЛАП ҮЙРЕНЕМІН» практикалық жұмысы. Бақылау нәтижелері бойынша бірлескен қорытынды шығарылады: Табиғат құбылыстары – жыл мезгілдеріндегі маусымдық өзгерістерге байланысты ауысып отырады. (Ұ) Өзекті мәселе. «Табиғат құбылысы» дегенді ғылыми тұрғыдан қалай түсіндіресіңдер? (Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізіледі.

Сурет.

Сурет.

Жыл мезгіліне қарай бақылау түрін таңдау.

Сергіту сәтін жасайды.

Жұмбақтарды шешеді.

Суреттерге қарап әңгімелеу.

Тақырыпқа сай сурет салу;бояу

Рефлексифті -түзетушілік

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау

 

 Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек :Берілген сұрақтарға жауап беруді

Нені игереді : өз ойларын анық,жүйелі айтуға.

Нені біледі : жаңа сөздердің мағынасын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2021
1410
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі