Ашық сабақ "Табиғат құбылысы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Табиғат құбылысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал мектепке дейінгі ұйым тірбиешілеріне және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту бөліміндегі студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тобы: «Балдәурен» тобы

Күні: 29.11.2013ж

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің бөлімі: «Экология»

Тақырыбы: «Табиғат құбылысы»

Мақсаты: Балаларға табиғаттағы құбылыс – күн мен бұлт туралы түсініктерін кеңейту, жұмбақ арқылы тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту, саусақпен бейнелеуде қолдарын жаттықтыру, ойын арқылы көңіл- күйлерін көтеру.Балалардың өздерін қоршаған ортада, табиғатта күн мен бұлттың байланысы туралы білімдерін жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап алу, ойын ойнату,саусақпен сурет салдыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: балаларды шаттық шеңберіне ұйымдастыру

Қажетті көрнекі құралдар: күн мен бұлттың суреті,торғайлардың макеті,кейіпкер,ақ қағаз,дымқыл шүберек,езілген субояқ.

Билингвизм: Күн-солнце,бұлт-облоко,күз-осень.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі









Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Мейірім жылуын салайық

Жүрек жылуын салайық,

Күннің жылуын салайық

Осылардың бәрін тобымызға салайық.

- Жарайсыңдар, балалар, бәріміз орнымызға отырайық.

Таңғажайып сәт:

-Балалар, біз серуенге шыққанда аспаннан нелерді көрдік.

-Бұлттардың түсі қандай?

-Балалар біз қайда өмір сүреміз?

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз мезгілінде күн қандай болады?

-Бүгін күн қандай, күннің көзі бар ма?

-Балалар бір дыбыс естілетін сияқты,тыңдайықшы.Ненің дауысы естіледі екен қарайықшы?

-Дұрыс-ақ құстың дауысы естіледі.Қараңдаршы бізге торғай келіп отыр екен.Аузында бір нәрсесі бар секілді.

-Балалар торғайдың аузында хат бар екен, қане алып оқйықшы.

(Балалар мен сендерге тапсырмалар әкелдім.Екі топқа бөлініп,төрт бөлікке бөлінген күннің шуағы мен бұлтты құрастырып беріңдерші.Қай топ жақсы құрастырасыңдар екен.Мен қарап отырайын.

-Балалар торғайдың тапсырмасын орындаймыз ба?

-Ендеше екі топқа бөлінейік.

-Күннің жылуы үшін бізге не керек?

-Бүгін күн қандай? Ауа рай қандай? Терезеге қарайықшы.

-Күн қандай болады? Қандай пішінге ұқсас? Күннің түсі қандай?Бұлттың түсі қандай?

-Күннің көзі жарқырап шыққанда табиғат құлпырып, гүлдер, шөптер, құстар, жануарлар, адамдар ұйқыдан оянып өздерін қуанышты сезінеді.

-Аспанда күн болмаса, дала қандай болады?

Күн бізге, жылуын, сәулесін шашып тұрады.

-Балалар ненің суреті шықты?

- Жарайсыңдар балалар сендер торғайдың тапсырмасын өте жақсы орындадыңдар, торғай сендерге риза болып қоштасады.

Балалар тәрбиешімен бірігіп жасайды.

Алақанды ашайық,

Мейірім жылуын салайық

Жүрек жылуын салайық,

Күннің жылуын салайық

Осылардың бәрін тобымызға салайық.

-күн, бұлттарды.

-Бұлттың түсі көк.

-Жерде өмір сүреміз.

-Күз мезгілі

-Күз мезгілінде күн салқын болады, жаңбыр жауады.

-Күннің көзі жоқ.

-Құстың дауысы естіледі.









-Иә орындаймыз.




-Күн дөңгелек пішінге ұқсайды

-Күн мен бұлттың суреті шықты.


-Дала бұлтты болады.



-Сау бол, торғай.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі













































-Балалар мен де сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр.

-Аспан бізге не береді?

-Бұлт жерге не себеді?

-Ал жаңбыр қайда тұрады?

-Өте жақсы сендер білімді балалар екенсіңдер.

-Балалар қараңдаршы бұлт бүгін түнеріп тұр.Күннің көзі көрінбейді.(Осы кезде бұлт болып киінген кейіпкер бала шығады)

-Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Балалар бізге бұлт келіп тұр екен. Бұлт күнді тығып қойған, ұрлап кеткен екен.Бұлттан біз сұрайықшы күнді босатсын,- деп.

Егер менің жұмбағымды шешсеңдер, мен күнді босатамын.

-Балалар бұлттың жұмбағын шешеміз бе?

-Ендеше бұлттың жұмбағын тыңдайық.

Көзі жасты жылауық

Келе жатыр бір алып.

***

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады.

-Жарайсыңдар балалар сендер менің жұмбағымды дұрыс шештіңдер,мен енді күнді босатайын.(Жіп арқылы бұлтты тартып, күнді босатады)

-Балалар сендер қандай бақыттысыңдар , менің де сендермен дос болғым келеді.

-Балалар бұлтты қастарыңа қосып дос боласыңдар ма?

-Жарайды ендеше бұлт біздің балалар сенімен достасады.

-Бұлт біздің балалар суретті өте тамаша салады. Олар шетінен өнерлі. Саған арнап сурет салып бергісі келеді.

-Жарайды,онда мен балалардың сурет салғандарын тамашалайын.

Балаларды орындарына отырып,бұлттың суреті салынған ақ қағазға күннің суретін салады да бұлтқа сыйлайды.

(Саусақпен сурет салу технологиясын түсіндіру)

Сергіту сәті:

Көп отырып, шаршадық,

Қозғалуды аңсадық.

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi едi сол жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

-Балалар суретімізді салып болсақ бұлтқа сыйлайықшы.

-Өте жақсы балалар суретімізді салып болсақ, «Күн мен бұлт» ойынын ойнайық.

Мақсаты: балаларды бір-біріне кедергі жасамай шашырап жүгіруге және жүруге үйрету, тәрбиешінің белгісіне бағына ойнауға дағдыландыру, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

-Таза ауа береді.

-Жаңбыр себеді.

-Аспанда, бұлтта, өзенде,суда






-Сәлеметсің бе бұлт.


-Бұлт сен күнді босатшы.



-Иә шешеміз.


-Бұлт

-Күн






Көп отырып, шаршадық, Қозғалуды аңсадық.

Тәулiк бойы тынбайтын,

Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)

Астан-кестен жауатын

Өткiншi едi сол жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)

-Иә, дос боламыз.

Аяулым:

Бұлт мына суретті саған сыйлаймын, себебі күннің жылуы болсын деп.

Айдар:

Бұлт мына суретті саған сыйлаймын, себебі күнмен дос болсын деп.

Гүлзат:

Бұлт мына суретті саған сыйлаймын, себебі екеуің араздаспасын деп.

Дильназ:

Бұлт мына суретті саған сыйлаймын, себебі аспанымыз ашық болсын, бейбітшілік болсын деп.


Іс-әрекеттің бағалау кезеңі


















-Балалар біз не туралы білдік?

-Қандай сурет салдыңдар?

-Сурет салған сендерге ұнады ма?


-Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетімізде күн мен бұлт туралы өте көп білдіңдер, жақсы қатыстыңдар.Келген қонақтармен қоштасайық.


Енді бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің орысша аудармасын айтып үйренейік:

Күн-солнце,бұлт-облоко,күз-осень

-Күн мен бұлт туралы білдік.

-Күннің суретін салдық.

-Сурет салған ұнады.


-Сау болыңыздар.


-Күн-солнце,бұлт-облоко,күз-осень.


Күтілетін нәтиже:


Нені біледі: табиғаттағы құбылыс – күн мен бұлт туралы біледі.


Қандай түсініктерді меңгерді: қоршаған ортада, табиғатта күн мен бұлттың өзара байланысы туралы меңгерді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жұдырықты жұму техникасы арқылы саусақпен

бейнелеу дағдыларын меңгерді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан балалар саны: 15 бала










































Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.


Тобы: «Зерде» I-ші сәбилер тобы.

Күні: 14.09.2012ж

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Экология.

Тақырыбы: «Өсімдіктердің бөліктері»

Мақсаты: Өсімдік бөліктері туралы білімдерін кеңейту, табиғатты аялауға, қорғауға дағдыландыру, жыл мезгілдері туралы айта отырып, балалардың сөздік қорларын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойын.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: «Шаттық шеңбері»

Қажетті көрнекі құралдар: Жыл мезгілдерінің және өсімдіктердің суреті.

Қос тілділік компонент: Өсімдік- растение, гүл-цветок.



Іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешенің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Себепті қызығушылығын ояту кезеңі










Шаттық шеңбері:

Армысың шұғылалы Алтын күн!

Армысың мейірімді Жер-Ана!

Сәлеметсіздер ме, балалар,

Тату доспыз бәріміз.




Таңғажайып сәт:

-Балалар біз бүгін бөлме өсімдіктеріне саяхат жасаймыз.

-Мынау не?

-Бұлар бөлме өсімдіктері. Өсімдіктердің –

сабақтары, жапырақтары, гүлі және тамыры бар.



Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.









-Гүл.


Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі













































-Қане бәріміз иіскеп көрейікші.

Не деген хош иіс.

-Балалар жапырақтардың түсі қандай?

-Осы өсімдіктер көп күтімді қажет етеді.

Өсімдіктерге жарық керек. Күн сәулесі

түспейтін жерде олар өліп қалады.

өсімдіктерді үнемі суарып тұру керек

және суды жақсы сіңіріп, тыныс алу үшін топырағын қопсыттырып отыру

керек.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі

Кіп кішкене ағаштар

Үп үлкен боп өседі.

-Бөлме өсімдіктерінің шаңдарын сүртіп,

топырағын қопсыту.



-Жапырақтардың түсі жасыл.










Балалар қимылмен жасайды.


Іс-әрекеттіңбағалау кезең


















-Балалар біз бүгін қайда бардық?


-Нені көрдіңдер?


-Өсімдіктерге қалай қарау керек?


-Өсімдіктердің жақсы өсуіне не қажет?


-Балалар сендер бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне

өте жақсы қатыстыңыздар


-Бөлме өсімдіктеріне саяхат жасадық.



-Өсімдіктерді көрдік..




Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Өсімдіктер туралы толық мағлұмат алды.


Қандай түсініктерді меңгерді: Өсімдіктердің алуан түрлі болып келетінін меңгерді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өсімдіктерді аялай білу дағдыларын меңгерді.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қатысқан балалар саны



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі