Материалдар / Ашық сабақ "Табиғат сұлулығы" 4 сынып

Ашық сабақ "Табиғат сұлулығы" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат сұлулығы тақырыбында ашық сабақ өткіздім,Оқушыларды үш топқа бөлдім,Қалалық,далалық,индустриялды пйзаж.БИС технологиясын,өрмекші тәсілін қолдандым,Оқушылар әр топ өзқдерінің тапсырмаларын орындады,бояу үйлесімін таба білді.Бағдаршам мен бағаладым.Кері байланыс алынды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Наурыз 2022
491
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Бөлім:

Бөлім 1А Визуалды өнер



САБАҚ:

Мектеп: Байзақ ауданы Амангелді орта мектебі


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Парманова Дания


Сынып: 4

Қатысқандар саны:

келмегендер


Сабақтың тақырыбы:

Пейзаж жанры. Табиғаттағы қозғалыс.



Осы сабақта қойылатын оқу мақсаттары

4.2.1.1

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану.


Сабақ мақсаты



  • Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін ауа перспективаның басты ережелері анықтап, топта талқылайды (білу және түсіну)

  • перспектива заңдылығын сақтай отырып,табиғатты бейнелеуін сипаттайды, түсіндіреді, нобайын орындайды.

  • Түс үйлесімділігін қолдану арқылы шығармашылық жұмысты орындайды, түсіндіреді (қолдану.бағалау)


Бағалау критерийі

Ауа перспективаның басты ережелерімен танысады

  • Табиғат бейнелеуде ауа перспектива заңдылығын сақтайды

  • Шығармашылық жұмысты орындайды


Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминология:

Перспектива, ауа перспективасы, дымқыл техникасы

Перспектива

Перспектива

Prespective

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің сериясы:

  • Ауа перспективаның ережесін толықтай айтады


Дағдыландыру құндылықтарды

Оқушылардың өнерге деген қызығушылығын дамыту

Жауапкершілікке баулу

Оқушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу


Пәнаралық байланыс

Өнер, тарих,ағылшын тілі


АКТ ны қолдану дағдылары

Дерек көздеріненинтернет желісін қолдана алады.


Жоспар

Жоспарланған сабақтың кезеңдері

Жоспарланған іс әрекет

Ресурстар




Сабақтың басталуы

(5 минут)








Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырамын.

Өткен сабақты пысықтау.Сұрақ-жауап арқылы.

-Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?

-Бейнелеу жанрының түрлері қаншау?

-Перспектива заңдылықтарының қандай тұрлерін білесің?

Жаңа сабақты бастамас бұрын назарымызды тақтадағы бейне роликке аударайық.

1.Бейне роликтен не көрдіңдер?

2.Не түсіндіңдер?

Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Пейзаж жанры. Табиғаттағы қозғалыс.

Пейзаж жанры табиғатты бейнелеу

Топқа бөлу.Пейзаждың түрлерімен бөлемін.\

3 топқа бөлемін.

1 топ -«Дала табиғаты»

2 топ – «Қала табиғаты»

3 топ – «Индустриалды табиғат» Оқушылар үш топқа бөлініп отырады.

Shape1

Пейзаж түрлері



Shape2

Shape3 Shape4

Picture 4 Picture 5





қ ала пейзажы индустриалды







дала табиғаты

Пейзаждың салу жолымен таныстырамын.













Бұл картинада жалпы не бейнеленген?

Бұлкартинадатабиғаттыңқандайкүйібейнеленеген?

Табиғаттың күйін қалай анықтай алдыңыз?

Алдағы бейнелеу жоспары нқандай түстер арқылы табамыз?

Алдыңғы жоспардағы заттарды бейнелеудің ерекшеліктері неде?

Жұмыстың қандай материалдармен орындалғанын айқындау.



Қазақстанның табиғаты бейнеленген картиналар /






Сабақтың ортасы











































































Бейнелеу өнерінде алдыңғы план, ортаңғы план және артқы план деп алынған ұғымдар пайдаланылады. Алдыңғы планда барлық заттар барынша көлемді,олардың жарық-көлеңкесімен болуы мейлінше бір-біріне қарама-қарсы болып қабылданады.Ортаңғы планда мұның бәрі барынша жұмсарады,ал артқы планда ауа мұнарына тұтаса жымдасып кетеді. Сурет салуды былай үш планға бөлу шартты түрде алынған. Ауа перспективасын бірінші болып байқап, өз шығармаларында бейнелеген Қайта өрлеу дәуірінің атақты итальян суретшісі Леонардо да Винчи /15 ғ./ Ауа перспективасының өзіндік заңдылықтары бар,

1 заңдылық - жақын тұрған заттарды нақтылап,алыстағыны жалпылама бейнелейміз,

2 заңдылық - жақын тұрған заттардың контур сызығы қаттырақ басылады,алыстаған сайын айқындығын жойып, мұнарланады,

3 заңдылық – алыстаған сайын ашық түсті заттар қарайып , қара түсті заттар бозарып көрінеді.

4 заңдылық – жақын тұрған заттар /контрастты/көлемдірек,алыс заттар жазық болып көрінеді,

5 заңдылық – алыстаған сайын заттар ауа түтінімен бүркемеленіп,сұрқай болып көрінеді.



1–ші Тапсырма: «Миға шабуыл» әдісі

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін перспективаның басты ережелері анықтап, топта талқылайды

1. перспективасының ережесі қандай?

2.Көкжиек сызығы дегеніміз не,бақылаушының көзқарасына қарай ол қалай өзгереді?

3.Сызықтық перспективаның негізгі заңдарын атаңдар

Бағалау критерийі.Перспектива заңдылықты қолдана отырып,табиғатты кезеңмен бейнелейді.

Дискриптор.

  • перспектива заңдылығын дұрыс қолдана отырып табиғатты бейнелейді..

  • Шығармашылық жұмысты орындайды

Бағалау.Талға жапырақпен бағалаймын.


2 –ші тапсырма(топтық жұмыс) «Кім жылдам, кім тапқыр?» әдісі

1 топқа қала пейзажын, 2 топ индустриалды пейзажды, 3 топ дала пейзажын реттілікпен орындап білімін көрсетеді.

Бағалау критерийі.

Табиғатты перспектива заңдылықтарды қолдана отырып бейнелейді және бояу үйлесімін тауып бояйды.

Дискриптор.

Ауа перспектива заңдылығын сақтай отырып,табиғатты бейнелеуін сипаттайды, түсіндіреді, нобайын орындайды


Бағалау. Басбармақпен бағалаймын.


3-ші тапсырма«Галереяға саяхат» әдісі


«Галерияға саяхат» оқушылардың біткен жұмыстарынан көрме ұйымдастыру.

Бағалау критерийі. презнтация жасап дәлелдеме ұсынады.

Дискриптор

Оқушылар өздерінің жұмыстарын аяқтап өз ойларын тұжырымдайды, корғайды. Шығармашылық жұмысты қорытындылайды.

Бағалау.Күлекештермен бағалаймын.




Суретшілер жұмыстарының көшірмелері

И.Айвазовский, И.Шишкин, И.Левитан, А. Куинджи, К.Коровин А.Саврасов, А.Пластов, Жорж Сера, К. моне, Уке Ажиев, М. Кенбаев, К. Бекмағанбетов,Ә. Қастеев, М. Тельжанов,С.Кульбеков, Н. Хлудов, Шарденов Ж.,Анар Абжанова













































Сабақтың соңында






Қосымша ақпарат

Саралау – кең қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Барынша қабілетті оқушылар үшін қандай жұмыс түрлерін жоспарлап отырсыз?

1–ші Тапсырма: «Миға шабуыл» әдісі

Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін ауа перспективаның басты ережелері анықтап, топта талқылайды деркөздер, тапсырма арқылы сараланды.

2 –ші тапсырма(топтық жұмыс) «Кім жылдам, кім тапқыр?» әдісі

1 топқа қала пейзажын, 2 топ индустриалды пейзажды, 3 топ дала пейзажын реттілікпен орындап білімін көрсетеді. Қарқын, диалог және қолдау арқылы сараланды.

3-ші тапсырма«Галереяға саяхат» әдісі

«Галерияға саяхат» оқушылардың біткен жқмыстарынан көрме ұйымдастыру нәтиже арқылы сараланды



Б ағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлай-сың?




Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтау
Құндылықтар







1.Жұмыс орнына қажетті құралдарды бекітілген тәртіппен қойып шығу.


Бастапқы кезең

Алдын ала материалдарды зерттеу бойынша өзіндік жауаптар.

Оқушылар алдында тапсырма қою үшін дайындалған, табиғи және композициялық материалдар арасында айырмашылықты түсінуді көрсететін жазбаша тізімдер

Ортаңғы кезең

Жеке оқушылардың тәжірибеге үлесін бақылау және ауызша пікірді қамтамасыз ету

Қорытынды кезең

Оқушылардың тәжірибеге тең топтық пікір білдіруі





Рефлексия

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме?

Берілген уақытты тиімді, дұрыс пайдалана алдым ба?

Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?


Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралыанағұрлыммаңызды сұрақтарға жауап беру керек.


Қысқаша бағалау



Қандай екі зат барынша жақсы болды (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:


2:


Қандай екі зат сабақты жақсартты (сабақ беру мен игеруді қарастыру)?

1:


2:


Менің келесі сабағым өтетін сынып пен жеке тұлғаларға қатысты осы сабақта мен не игердім?













Shape5 Shape6 Shape7

















770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ