Мақсаты: Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие
беру. Балалардың құстар туралы
түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.
Танымдық біліктіліктерін арттыру. Балалардың логикалық
ойлау
қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік құралдар: табиғаттың балаларға арналған даналық
сабақтары атты презентациясы, түрлі-түсті
пішіндер, сюжеттік сурет,
сандық қақпа,
гүлдер, тоты құс, балықтар, су, топырақ, құм,
құмшкер, ұя, ағаш, жұмыртқа. Әдіс
тәсілі: сұрақ жауап, сергіту, ойын, тәжірибе, түсіндіру,
өлең.
Барысы: шаттық
шеңбер:
Балалар бүгінгі күн ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр.
Олай болса қонақтармен
сәлемдесейік.
Күннің көзі ашылсын, Көкке шуақ шашылсын. Құтты қонақ
келіпті, Төрімізге еніпті.
Ал, кәнекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге
Сәлеметсіздер ме,
апайлар!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Бүгін балалар
ұйымдастырылған оқу қызметіндегі
тақырыбымыз
«Табиғат тамашасы». Табиғат ана жер жүзіне жылуын,
мейірімін сыйлап тұр емеспе? Сондықтан
ешқашан жамандық жасама,
жақсылық қана
ойла. Барлығы
саған жақсылық
жасауға дос
болуға ұмтылады.Енді балалар
мен сендерге
жұмбақ жасырайын. Жұмбақ
шешімін таба
отырып, түрлі-түсті пішіндер
арқылы сюжеттік
сурет құрастырамыз. Алдарындағы
берілген пішіндер арқылы.
Егер тапсақ
бізге берілген
«сиқырлы қақпалар» ашылады.
Жұмбақ:
Таңмен көзін
ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн) Тауда өсер ,таста өсер, Көктем менен жазда өсер.
Қыста өшер.
(Шөп)
Көктемнің суретін құрастырып,
әңгіме құрайды.
Мінекей балалар «Табиғат ана»
ризашылығын білдіріп, бізге қола қақпада ашылды. Қола қақпа ішінде бізге «Ашық хат» берілген, ашып
көрейік. Бізге сұрақ-жауап берілген.
Жауап берсек «күміс қақпа»ашылады.
Балалар табиғат екі түрге
бөлінеді.
Өлі табиғат
және тірі
табиғат.
-Осы топ ішіндегі өлі табиғат
және тірі табиғатты атап шығыңдар? Тірі табиғатқа жаны бар заттар жатады. Өлі табиғатқа жаны жоқ
заттар жатады. Біздің топтағы тірі
табиғатты атаңдаршы? Тоты құс, балықтар, тышқан. Ал, өлі
табиғат ше? Ауа, алдымыздағы су, топырақ.
Мінекей балалар «күміс қақпа» ашылуда.
Балалар қараңдаршы «күміс қақпа» ішінде өлі табиғат берілген.
Енді өлі табиғатқа тәжірибе жасап
көрейік. Бүгін судың қандай қасиеттері бар екенін
білеміз. Алдарыңдағы суды ішіп көріңдер. Судың
дәмі бар ма? Жоқ. Иісі бар ма? Жоқ. Түсі
бар ма? Мөлдір. Енді стакандағы суға қант түйіршігін салып
араластырыңдар. Қант қандай күйге енеді? Қант
суда ериді. Келесі стаканға құм салып көрейік. Құм ериді
ме? Құм стакан түбінде шөгіп қалады, ерімейді.
Мінекей балалар табиғат ерекшеліктері. Табиғат ана бізге
ризашылығын білдіріп, «Алтын қақпаны» ашты. Балалар алтын қақпа
ішінде «Алтын сандық».
«Алтын сандық» ашу үшін жақсы игі іс жасаумыз керек. Сендер қандай
жақсылық жасасақ екен деп, ойлану үшін бойымызды сергітіп алайық.
Оның үстіне тәжірибе жасапта, шаршадық.
Сергіту: Өзен болып гүрілдейміз Теңіз болып толқимыз
Бұлақ
болып бұрқылдаймыз Ешқашанда сарқылмаймыз
Ғажайып сәт: Бұтағы сынған ағаш келді.
-Менің бұтағымды
бұзақы балдар сындырып кетті. Сендер маған көмектесіңдер. Бұтағымды
байлап беріңдер. Құстың салған ұясын жерге құлатып кетті.
-Балалар біз ағашқа
көмектесейік. Оның жарасын байлап берейік. Ұяны орнына
орналастырайық.
Бала:
Ұяны орнына қояды. Ағаш: Рахмет сендерге балалар!
Бала:
Апай жұмыртқа жыбырлап жатыр
Тәрбиеші: Міне ғажап. Жұмыртқадан
балапан жарып шықты. Жаңа өмір басталды деген осы.
Бала:
Апай мен осыған байланысты тақпақ айтқым кеп тұр достарыма. Өсіруге
балапан,
Құстар ұя салады. Тақия тұзақ салмайық, Қайғысына қалмайық. Әдейі
көздеп атпайық, Көп күнаға батпайық. Құс ұясын бұзбайық,
Жұмыртқасын алмайық,
Обалына қалмайық - міне ғажап алтын садық ашылды. Алтын сандық
ішінде табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтары бар.
Тәрбиеші: табиғаттың балаларға арналған даналық сабақтарын
түсіндіреді. Қортынды: Балалар не білді? Не үйренді?
Жарқырай білуді –жұлдыздан. Ізденуді –жерден.
Көк
аспаннан-самғауды Тазалықты-жаңбырдан. Гүлдерден-сүйе білуді. Көк
жиектен –арманды. Табандылықты-желкеннен.
Ал кешірімді ананың қара көзінен,
үйренейік балалар, сөзіме құлақ салыңдар.
Қоштасу шеңбері.