400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Табиғатпен үйлесім 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Туған өлкенің табиғатын сақтау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жамбыл облысы, Жуалы ауданы

Мектеп №15 мектеп-лицейі № 27 – сабақ

Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үйлесім

Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: қоршаған ортаға қамқорлық, тілалғыш болу, батылдық.

Мұғалім : Салтанат Қадырбекқызы Сынып: 3

Сабақтың мақсаты : Туған өлкенің табиғатын сақтау әр адамның міндеті екендігін түсіндіру. Сабақтың міндеттері Білімділік: - табиғатты қорғауда үлкендердің орны ерекше екендігін үйрету; Дамытушылық : -тілалғыштыққа баулу; Тәрбиелік: - батылдыққа тәрбиелеу.

Ресурсоқулықдәптер, түрлі-түсті қалам.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. (5 «Т» -ны сақтау)

Жағымды көңіл-күйге ену. «Жайлауға – Ата-Әжеміздің жайлауына барамыз».


Үй тапсырмасын сұрау.

«Табиғаттың панасымыз» Музафар Әлімбаевтің

Елік қырда ауырса, Аю байғұс аяғын

Жоқ қой ауруханасы. Алса жырып, қанатып

Қос өкпесі қабынса, Жарасын кім таңады,

Қайдан табар дауасын?! Кім бар бағып-қағатын?

Ағаш өзін қиғанды Қыста бар ма шымшықтың

Ат сияқты тебе алмас, Жемге толы қоймасы?!

Гүл де жұлқып-жұлғанды Дала кезген тұмсықты

«Неге өйтті?» - деп сөге алмас. Достар жайын ойлашы...

Түйіп айтар сөзіміз:

Табиғаттың панасы –

Біздің мына өзіміз –

Адамзаттың баласы!

Сазды әуен Хрусталь- ный грусть


Дәйексөз

Табиғат тал бесігің – аялай біл.

Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.



Әңгімелесу Спандияр Ақаев

Жақсы ата – орман,

Жақсы бала – қорған

  • Торғайдың бастапқыда жағдайы қалай еді?

  • Зейнеткер кісі тоғайға қандай қамқорлық жасады?

  • Атайдың немерелері қандай істермен шұғылданды?

  • Ел ішінде қандай нақыл сөз қалыпты?

  • Табиғатқа неліктен қамқор болу керек деп ойлайсыңдар?

  • Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасап жүрсің?


Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма: «Құс жолы» аңызын оқып, түсінгеніңді суреттеп бейнелеу.

2- тапсырма: «Табиғат тәрбиесі» мәтінін оқып, мазмұны бойынша кестені толтыр.

«V»

Мен білемін

«+»

Мен үшін жаңа

«-»

Мен басқаша

ойлаймын

«!»

Мені таңғалдырды

Илеу- құмырсқаның үйі екенін,

Омарта – араның үйі екенін








Топпен ән айту Ертегілер әлемі Айгерім Қалаубаева Ғажайып түс көрдім, Қ/сы: Ертегілер, ертегілер,
Таң ата мен бүгін, Неге мені ертпедіңдер,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім, Әлемдеріңнің ғажап күйін
Нұрына шомылдым бүгін. Шертпедіңдер сендер?
Жұлдыз, айы көркем, Ертегілер, ертегілер,
Әдемі еді неткен, Неге мені ертпедіңдер,
Құстары сөйлейді, Әлемдеріңнің ғажап күйін
Бұлттары тербейді, Шертпедіңдер сендер?
Мен оянып кеттім, әттең!
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.


Үйге тапсырма. Келесі сабақ: «Қос қарлығаш» Бақытжан Ауданбаев өлең жолдарын жаттап келу.


Сабақтың қорытынды сәті. Бүгінгі сабақтан алған игі қасиеттерімізді жүрегімізге қондырып барлығымыз бірге Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде. Дұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бүкіл әлемде .




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
2096
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі