жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Табиғатпен үндескен сыбызғы" 2 класс
Сабақтың тақырыбы: Табиғатпен үндескен сыбызғы.
Сабақтың мақсаты: Музыка аспаптары, соның ішінде ұлттық музыка аспаптары туралы мағлұмат беру.
Білімділік мәні : Аспаптардың құрылысы мен түрі, неден жасалатынын ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып, эстетикалық бағыт беру және ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы ұлттық өнерін танып, білуге, ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .
Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология,бейнелеу.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Топқа бөлу, жұмбақ шешу.
Ел қорғайтын ерлікке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа,елдікке
Әуенімен шақырған. (Дабыл)
***
Ырғақпенен тоқылдап,
Сылдырмағы шулайды,
Бақсылардың қолыңда
Безек қағып тулайды ( Асатаяқ)
***
Құлақ тосып тыңдасан,
Қос арғымақ, шапқандай.
Күйге ойнатып қоштасан
Жүйрік әуен
тулайдай. (Тұяқтас)
Үй тапсырмасы: Ежелгі музыкалық аспаптар: дабыл, дауылпаз, асатаяқ, қоңырау, даңғыра
Ән айту: Қалаулым . Халық әні
( Ұрмалы аспаптардың сүйемелдеуімен орындалады)
Күй тыңдау: (3 топқа тапсырма)
Көрғұлы Дәулеткерей
Жаңа сабақ:
Қамыс, қурай.
Ағаштан.
Түтікше боп ысылған.
Үрмелі, ойықты,
Дыбысы нәзік сызылған. (сыбызғы)
Әңгімелеу
Табиғатқа үнсіздікпен құлақ түрсең. Түрлі дыбысты, тіпті әуен-сазды ести аласың.
Ертеде мал бағып жүрген бақташылыр көл жағалап келе жатып, бір дыбысты естиді. Ол дыбысты іздесе, көл жағалауынан сынған қамысты көреді. Қамыс желдің тербеуімен әуендесіп тұр екен. Бұл дыбысқа қайран қалып, сол қамысты кесіп алады. Қамысты үрлеп көрсе әдемі дыбыс шығады.
Қазақ халқы осы аспапты – сыбызғы деп атайды. Оны қуыс талдан жасап,оған үш саңылау ойған. Оны жасау оңай болғанмен,ойнау жеңіл болмаған.
Бұл аспапта көбіне бақташылар мал бағып жүрген кезде жалғыздықты жеңу үшін ойнаған, ал кешкілік уақытта сыбызғы жыр-аңыздарды сүйемелдеуге пайдаланылған. Уақыт өте келе осы аспапқа бірнеше тесік жасап. Құбылтып түрлі әуенге салып ойнайды. Қамыс тез сынғыш болып келгендіктен оның сыртын қойдың ішегімен қаптап қоятын болған.
Сыбызғы да үріп ойнайтын аспаптарға жатады. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3 - 4 ойығы бар.
Сыбызғының үш түрі бар:
жез сыбызғы
ағаш сыбызғы
қурай сыбызғы.
Қурай көпке дейін шыдамағандықтан әрі дыбыс қуатын жан-жақты дамыту үшін сыбызғы аспабын ағаштан жасаған. Сыбызғы аспабының бұл түрін кеуіп, қатайған қарағай, қайың сияқты қатты жынысты ағаштардың бұтағы жоқ жерінен кесіп, сыртқы жағын жонып, ортасынан бөлу арқылы жасайды. Ішкі жағын ойып, тазартып, желімдеп, қайта біріктіреді.
Қурайдан жасалған сыбызғының үні қоңыр, әуезді болып шығады.Қурай сыбызғыда күй орындаған кезде аспап өзегін сумен бүркіп, оған ерекше күтім жасаған.
Жез сыбызғы аспабында басқа халықтарда кездесетін темірден жасалған үрмелі аспап тектес темір мен ұзын жез түтікшілерді пайдаланады. Ағаш және қурай сыбызғыларға қарағанда жез сыбызғы төзімді болып келеді. Алайда, оның дыбысы қурай және ағаш сыбызғыларға қарағанда сазы өзгеше болып шығады
Сыбызғы тәріздес музыкалық аспаптар көптеген халықтарда бар. Қырғыздар да шоор, башқұрттарда қурай деп атайды.
Біліп ал!
Бұғышақ -көне саз аспабы. Марал және бұғы мүйізі не сүйектерінен жасалады. Мүйізді үңгіп, үрлейтін жағындағы ұшына дыбыс шығару үшін тілше салынады. Ол дыбыстың еркін, күшті шығуына ықпал етеді. Ұзындығы 28-30см.
Бұғышақ аспабын шеберлер әр түрлі етіп жасайды. Мүйіз ішін тазартып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді.
Аспап ертеде аңшылар арасында кең таралған. Марал мен бұғы өсірушілер аңдарды бір жерге жинау үшін аспапты пайдаланған. Аспаптан шығатын үн бұғы мен марал дауысына ұқсайды. Сондай-ақ, аспапты аңшылар бір-бірінен адасып қалғанда не болмаса аң-құстың қайда тұрғанын білдіру үшін қолданған. Бұл аспапты ел арасында «бұғы шақырғыш», «бұғы сыбызғы» деп те атайды.
Үрмелі аспапты, сонымен қатар, әскербасылар қолданған. Ол сарбаздарды бір жерге жинап, шайқас алдында олардың рухын көтерген.
Топқа тапсырма:
Үскірік
Сазсырнай
Тастауық
Сазсырнай – сопақша келген, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай саздан жасалған үрмелі аспап. Бұл аспапты кішкентай балалар мен жасөспірімдер ермек үшін пайдаланған, диапозоны аса үлкен емес. Сазсырнайда ойнай отырып, балалар аң-құстар мен табиғат дыбыстарын шығарған.
Шеңбер аумағы 15-18 см, жалпы ұзындығы 10-12 см болады. Ертеде 3-4 ойығы болса, қазіргі таңда 5-6 ойықтары салынады. Ойықтарды саусақпен басып, ерінге қиыстау тақап, үрлеп ойнайды. Сазсырнай үні жағымды, қоңыр әрі жұмсақ болады. Сондай-ақ, аспап дыбыс тембрі, күші, әуезділігі ауа толқынының дұрыс жетуіне байланысты.
Аспапты сапалы саз-балшықтан жасайды. Сазды илеген соң, оны біркелкі пішінге келтіріп, кептіреді. Кептірілген саз белгілі бір температурда қызған пеш ішіне салынып, күйдіріледі. Кейін дыбыс ойығы салынып, сыртқы жағын оюлармен өрнектейді. 1971 жылы Отырар қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстары жүргізілгенде табылған болатын. Қазақ жерінің көп аймақтарында кең таралған.
Тастауық – қазақтың үрмелі музыкалық аспабы. Бұл аспап саздан құс-аң бейнесінде жасалады. 1-3 саңылау тесігі болады. Саздан жасалған аспап балалар үшін ермек,ойыншық ретінде пайдаланылған. Бұл аспап боран мен желдің,аң-құстардың даусын жақсы салады.
Бұл аспапты саздан
жасаған. Берік болуы үшін сазға жылқы қылын немесе жүн қосқан.
Біз тастауық жайында көптеген деректерді Қазақстанның батыс
аудандарынан жинадық, өйткені бұл жақта ол 1940 жылдарға дейін
қолданылып келіпті. Шеберлер саздан және тастан жасаған аспаптар үш
немесе төрт ойықты болып келген.
Саз сырнай мен үскіріктен тастауықтың түрі мүлде өзгеше тауыққа
немесе балапанға үқсайды.
Музыканттар көкек, тау-құдірет сияқты құстардың, сондай-ақ аңдардың
даусына салып ойнаған. Олармен халық әндерін де орындайтын
болған.
Үскірік – қазақ халқының ертеден келе
жатқан үрмелі аспаптарыныңбірі. Дауысы қаһарлы қыс мезгіліндегі
ызғарлы желдің дыбысына ұқсағандықтан, оны ел арасында «Үскірік»
деп атап кеткен. Кейбір аймақтарда аспап «Уілдек» деген атпен
таралған.
Үскіріктің сипаты, болмысы, ойналу мен жасалу әдіс-тәсілдері біраз жылдар бойы белгісіз болып кеткен. 1974 жылы Маңғыстау өлкесінде қазба жұмыстары жүргізілген кезде, көне қоныс мекенінен табылған. Қазақтың музыка аспаптарының шығу тарихын зерттеуші-ғалым Болат Сарыбаев шексіз еңбегінің арқасында аспап ұлттық аспаптар оркестрі мен фольклорлық ансабмльдерінде пайдалана бастады.Бұл күнде үскірік аспабы ұлттық аспаптар оркестрі мен фольклорлық ансабмльдерінде кеңінен қолдануда. Әсіресе, шығармада кездесетін судың сылдыры, желдің уілі, құстардың сайрауы, қамыс-қорған суылы, ағаш-талдың сыңсуы сияқты дыбыстарды үскірікті үрлеу арқылы шығарады.
2- тапсырма топқа:
Бояума қағаздармен жұмыс ( раскраска)
![]()
Музыкалық сауат:
Тембр (дыбыс бояуы) арқылы әр аспаптың дыбысының алуан түрлілігін естіп білеміз. Бояулардың әртүрлі болатыны сияқты, дыбыс та әртүрлі болады. Дыбыс бояуы тембр деп аталады.
Музыка тыңдау: Сармалай - ертеде сыбызғы аспабына арнап күйлер шығарған атақты күйші . Ол Орал жерінде туған. Сармалайдың күйлерінде адам мен табиғат, жануарлар өте әсем бейнеленген. Сыбызғы ойнау дәстүрін жеткізуші- Ысқақ Уәлиев болған.Ысқақ сегіз жасынан бастап сыбызғы тартуды үйренген екен. Онын, әкесі Уәли атақты сыбызғышы Сарымалайдың шәкірті болыпты. Бұл аспап алғаш 1934 ж. қазіргі Қазақтың мемлкеттік академия халық аспаптары оркестрінде пайдаланылды.
Қазір сыбызғының жетілдірілген түрі фольклорлық-этнографиялық ансамбльдер мен оркестрлерде (“Сазген”, “Шертер”, “Отырар сазы”, т.б.) қолданылады.
Күй тыңдау: «Сыбызғы сарыны» Халық күйі
Жаңа сабақты бекіту.
|
|
С |
А |
З |
С |
Ы |
Р |
Н |
А |
Й |
|||
|
Ү |
С |
К |
І |
Р |
І |
К |
|
|||||
|
Д |
А |
У |
Ы |
Л |
П |
А |
З |
|
||||
|
|
Т |
А |
С |
Т |
А |
У |
Ы |
Қ |
|
|||
|
|
|
Ү |
Р |
І |
П |
|
|
|
|
|
|
|
Саздан жасалған аспап.
Уілдек атанған аспап.
Ұрмалы аспап.
Жылқы қылын қосып жасаған аспап.
Сыбызғыны қалай орындаймыз?
Үй тапсырмасы: «Табиғатпен үндескен сыбызғы» ( мазмұндау)
Аспаптар суретін салу.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген