Білім
беру саласы: Әлеумет
Білім
бөлімі: «Өзін-өзін
тану»
Сабақтың
тақырыбы: «Табиғатқа
қамқорлық»
Мақсаты:
Балалардың
«табиғат», « қамқорлық» құндылықтары
туралы түсініктерін кеңейту, табиғаттың
адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін
дамыту;
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
Бүгінгі
күн біз үшін ерекше сияқты. Өйткені
бізге көп қонақтар келіпті.Балалар
амандасайық.
-Сәлематсыз
ба?
-Здраствуйте?
Шаттық
шеңбері:
Армысың
шапағатты күніміз!
Армысың
мейірімді жеріміз!
Армысың,
табиғат анамыз!
Келді
сізге Өзіңіздің балаңыз.
Әңгімелеу.
Көзіңді
қалдыр-бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді
қалдыр-істен мұра шаша жүр,
Өзіңді
қалдыр-бақша өсіріп жаса нұр.
Халық
даналығы
Табиғат
дегеніміз- аң,
құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа,
жер.Біздің тіршілік ортамыз.Олар барлығы
табиғаттың бізге берген сыйы.Табиғаттың
тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық
жасау әрбір адамның міндеті.
Сұрақ-жауап.
-Табиғаттағы
жарқыраған нелер?
Жауабы:
Күн, ай, жұлдыз
-Табиғаттағы
көгілдір нелер?
Жауабы:
Аспан, өзен, көл, теңіз, мұхит.
-Табиғаттағы
жайқалған нелер?
Жауабы:
Ағаштар, гүлдер,
-Табиғаттағы
ән салған кімдер?
Жауабы:
Құстар.
-Сыбырлаған
нелер?
Жауабы:
Жапырақ
-Сыңғырлаған
нелер?
Жауабы:
сулар
-Осының
бәрі бір сөзбен не дейді екенбіз?
Жауабы:
Табиғат ана
Тыныштық
сәті:
Отырып,
көздерімізді жұмып терең тыныс
алайық.Міне, біз ой мен қиялға беріліп,
табиғат сұлулығына тамсанып келе
жатырмыз.Жап-жасыл табиғат әлеміне еніп
барамыз.Біреуіміз қып-қызыл гүл секілді
жайнап тұрмыз.Ал біреулеріміз, тұп-тұнық
мөлдір су тәрізді тап-таза болып отырмыз.
Енді біреуіміз көк аспанда еркін ұшып
жүрген құстар сияқтымыз, ойымызды еркін
айтып келеміз.Кенет жанымызға көбелек
келіп бізді қанатына отырғызып ұшып
барады.Алуан түсті гүлдер алқабына
жақындағанда бізді қанатынан түсірді.Гүл
алқабы жанында суы мөлдір өзен көз
демалтады.Судың тазалығы соншалықты
-су астында жүзіп жүрген жәндіктер, өсіп
тұрған өсімдіктер, көздің жауын алып
жатқан табиғи тастар.Одан әрі төбесі
аспан тіреген таулар, жарқыраған
күн.Әуелеп ұшып жүрген әсем құстар
неткен тамаша табиғат! Біз оған тамсана
ұзақ қарадық.Кенет алып көбелек бізді
қанатына отырғызып, балабақшамызға
қарай бет алдық, міне келдік.Сол қалпымызда
көзімізді ашып бір-бірімізге күлімсіре
қарайық.
Көрініс.
Қ.Сәрсекеев
«Табиғат-Ана» әңгімесі.
Айдар
бақтадағы ағаштарды сындырып балшықтарды
шашып ойнап жүр еді, өтіп бара жатқан
бір әжей:
-Әй
балам, ағашты, жерді мұнша неге қорлайсың?
Қайта қадірлеп күтпеймісің, ол сені
асыраушы анаң ғой- деді
Ағаш
пен Жерді анаң дегеніңе аң-таң болған
Айдар:
-Менің
анам үйде, аты-Зейнеп, -деді
-Балам,
онда Зейнеп келінге айта бар, түсіндірер-
деп әжей ұзай берді.
Айдар
үйге келді.Анасы баласының үсті-басын
көріп кейіді.Тамағын ішіп, көңілін
жайлаған соң, Айдардың есіне манағы
әжейдің айтқаны түсті.
-Апа,
мана бір әжей маған ағаштарды сындырма,
жерді босқа қопарма, олда сенің анаң
деді.Ол не дегені?
-Сен
не дедің?- деп сұрады Зейнеп.
-Менің
анам үйде дедім.
-Балам-ай,
неге осынша кір, балшық болып келгеніңді
енді білдім.Ол кісі саған дұрыс
айтқан.Жер-бәріміздің анамыз. Онсыз
тіршілік жоқ.
Айдар
әлі аң-таң. Анасы да әжейдің сөзін айтады.
-Жер-анамыз
дейтін себебіміз-ішетін суымыз, жейтін
нанымыз жердікі.Дұрыстап ұғып алшы,
тіпті адамға қажеттінің бәрі жерден
өнеді.Қағаз, қарындаш, отыратын орындығымыз
да, жиhаздарда ағаштан жасалады.
Айдар
анасын әр сөзін зейінмен тыңдады.Түстен
кейін бақшаға кіріп, сындырған ағашына
су құйып, шашып қопарған топырағын
тегістеді.Тіпті, ақырын аялап сыйпап
қояды.
Сұрақтар.
1.Айдар
жақсы бала ма? Жаман бала ма?
2.Айдардың
жақсы әдеттері мен жаман әдеттерін
бөліп айтып беріңіздер?
3.
«Табиғат- Ана»- деген сөзді қалай
түсінесіздер?
4.
Сендер Табиғат-ананың көріктене түсуіне
өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?
Ойын:
«Пайдасы қандай?»
Шығармашылық
жұмыс:
Жүректен-жүрекке.
Кәнеки,
шеңберімізге тұрып, жүрекшені бір-бірімізге
бере отырып, жақсы сөздермен игілікті
тілектер айтайық.
Мен
бәріне Денсаулық тілеймін!
Мен
бәріне Қуаныш тілеймін!
Мен
бәріне Мейірім тілеймін!
Қорытындылау.
№31
«Еркемай» бөбекжайы МКҚК
Ашық
сабақ
«Табиғатқа
қамқорлық»
Дайындаған:
Батесова.А.Е