Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Табиғатқа қамқорлық" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: КММ "№13 орта мектебі".

Мерзiмі: №28 сабақ

Тақырып: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Мейірімділік, қамқорлық, ақниеттілік.

Мұғалiм: Ескермесова А.К

Класс: 4 "А"

Оқушылар саны: 15


Мақсаты: оқушыларға табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсіндіре отырып жалпыадамзаттық қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.

Міндеті:

1. Оқушыларды мейірімділікке баулу.

2. Оқушылардың бойына қамқорлық қасиетін дамыту.

3. Оқушыларды айналасына ақниеттілікпен қарауға тәрбиелеу.


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

1.Тыныштық сәтi. 5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

2.Жағымды күйге келу

Шұғылалы әлем.

Осындай әлем бар,

Қызықты,

Шуақты.

Әлемде әр ел бар,

Бақытты,

Қуатты.

Ондағы балалар

Жайдары,

Көңілді.

Бәрі де керемет!


Үй тапсырмасын тексеру.

28 -сабақ 130 бет. "Табиғат - ана" мәтінін түсініп оқу.

1. Табиғат-ананың ұлдары қандай болған?

2. Анасы ұлдарына қандай өсиет айтты?

3. Ұлдар адамдарға не үшін қызмет етіп келе жатыр?

  • Табиғат-ананың адамдарды бақытты етуінің сыры неде?

  • Өміріңде үнемі қамқорлық жасап жүрген адамға кезіктіңіз бе?

  • Өзің ақниеттілігіңізді қалай көрсетіп жүрсің?


Дәйексөз

«Таза болса табиғат- аман болар адамзат.»

Халық даналығы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?


Сергіту сәті

«Достығымыз берік», 5 мин Мақсаты: топтың ынтымақтастығы артады. Қолдың ұшымен ручканың ұшын ұстап тұрамыз да орнымыздан тұрамыз,отырамыз,бір орындық ауысамыз.



Мұғалімнің сыйы:

Бақытты мекен

Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты. Ұлдары әкелерін қатты жақсы көретіні соншалық, әкелерінің ұзақ та сау өмір сүруін армандап, оның жолын қайдан табамыз деп ұзақ кеңесіпті. Әрі ойланып, бері ойланып, ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болыпты.

Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан», ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен, ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.

Ұлдарына дән риза болған қария үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты. Қария бақытты, баянды ұзақ ғұмыр кешіпті.


1. Қарияның неше ұлы болған?

2. Ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тапты?

3. Қария қайда өмір сүрді?

- Ұлдар денсаулықтың мекенің неге табиғаттан іздеді?

- Табиғатқа қамқорлық жасау барлық адамның қолынан келе ме?

- Сендер табиғат-ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосып жүрсіңдер?


Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. Табиғат құбылыстарына байланысты жер, су, ауа атаулары бойынша 3 топқа бөлінеміз.

Сахналау

Менің табиғатқа қамқорлығым


Топпен ән айту. 3 мин

Ақ көгершін

Сөзін жазған: Н.Баймұхамедов

Әнін жазған: А.Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін,

Қолғанат құс сен едің.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Ел тілегін алып ұш

Мұхиттың арғы жағына.


Сенен көзін алмайды

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына


Үй тапсырмасы

29-сабақ, 133-бет. Э.Шимнің "Көктем иісі" мәтінінің мазмұнын айту.


Сабақтың қорытынды минуты

- Бүгінгі сабақта айтылған жақсы сөздерді, жақсы ойларды жүрегімізде сақтайық және де әр кез бір-бірімізге жақсы тілек тілеп жүрейік.

- Күндеріңіз сәтті де сәнді өтсін! Рахмет!Сау болыңыздар!









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.11.2018
766
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12