жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Табиғатқа саяхат "
|
№7 ЖОББМ. Сынып: 1 «ә» Мұғалімі: Бирниязова А.М. |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. |
|||||||||||||||||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. 1.1.7.1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету |
|||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
|||||||||||||||||
|
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
|||||||||||||||||
|
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|||||||||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, ана тілі сабағы |
|||||||||||||||||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Бейнежазба «Сиқырлы әліппе», «Көңілді күй» , таныстырылым « Ә дыбысы мен әрпі». |
|||||||||||||||||
|
Тілдік құзыреттілік |
Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі. Табиғат- природа-nature ; саяхат-путешествие- travelling; |
|||||||||||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||||||||||||
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут Топтық жұмыс Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру. |
1.Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Орнымызға отырып Жаңа білім алуға , Алға қалдам бастаймыз. – Балалар, өткен сабақтарды еске түсіріп, қайталап өтейік -Сауат ашу оқу іс-әрекетінде біз нені үйренеміз?- әріптер мен дыбыстарды. -Әріп дегеніміз не?- Дыбыстың таңбасы. -Әріпті не істей аламыз?- оқимыз, жазамыз, көреміз. - Дыбысты не істейміз? – естиміз, айтамыз. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?- екіге; дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс. -Дауысты дыбыстар түрлері?- тілдің қатысына қарай жуан-жіңішке болып бөлінеді. -Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?- үшке; қатаң, ұяң, үнді. 2. «Шашылған әріптер» ойыны- кеспе әріптерді «қатаң», «ұяң», «үнді», «жуан», «жінішке» дыбыстарға бөліп әрқайсысын өз ұяшықтарына орналастырыңдар. и, й,
- Бүгін біз тағы бір дыбыс және оның таңбасымен танысып, жазып, оқып үйреніп білім қоржынын толықтырамыз. Ол үшін қазір оқылатын әңгімені мұқият тындап құпиясын неде екенін табуымыз керек. Тыңдалым. Әне, әкем әдемі әтеш әкелді. Әтеш әуеде әндетті. Әтеш әуені әлемге әйгілі. -Осы мен оқыған мәтіндегі сөздерден қандай ерекшелік байқадыңдар?- -Барлық сөзер «Ә» дыбысынан басталып тұр. Жарайсыңдар, ендеші бүгінгі сабақта қандай дыбыспен танысымыз?-Ә дыбысы. - «Әтеш әуеде әндетті»-дегенді кім түсіндіріп бере алады?-«әуеде» биік, жоғары. «Әтеш әуені әлемге әйгілі» -бұл сөйлемнің мағынасын кім түсіндіріп береді?- «әуені»- әні, «әлемге йгілі» барлық жерге таныс (біледі). Әуен, ән- мәндес сөздер. - Тыңдалған мәтінді қалай атауға болады?- «Әтеш әуені», «Әдемі әтеш», «Әйгілі әуен» т.б. -Әңгіме не туралы болды?-Әтеш.
-Әтеш сөзіне фонетикалық талдау жасау Әтеш- 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын, 1 тасымал. Ә- д/ы, жіңішке т-д/з, қатаң е-д/ы, жіңішке ш-д/з,қатаң. -өздегі буын санын қалай анықтадық? – шапалақтап сөзді айтқан кездегі дауыс толқынын санап және сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. |
Доп.
таныстырылым « Ә дыбысы мен әрпі». Кесте, кеспе әріптер. |
||||||||||||||||
|
Сабақтың ортасы
|
Айтылым (Ә дыбысының қалай (таңбаланып) жазылатыны көрсетіледі ). - Ә әрпі қандай дыбыс?- (қолымызды иек астына қойып Ә дыбысын айтып көрейік) дауысты , жіңішке дыбыс . -Балалар, бүгін біз қай әріп және дыбыспен танысытық?-Ә әрпі және дыбысымен. Қандай текшемен белгілейміз?- қызыл текшемен. -Балалар,әтеш туралы не айтала аламыз ?- ол үй құсы, үй құстарын біз баптап бағамыз, қыста суыққа ұшырамас үшін қора жасаймыз ... . -Үй құстары немен қоректенеді, адамдарға деген пайдасы қандай? -Үй құстарына жем шашып, ыдысқа су құйып, ұя салып маңайын тазартып балапандарына қамқор болу керекпіз. -Әтеш үй құсы және табиғаттың бір бөлігі болып табылады, ал біздің оқып жатқан бөлім де қалай аталады ?- «Табиғатқа саяхат» деп аталады. Сабақ тақырыбына қатысты сөздерді үш тілде айтып үйрету: табиғат- природа-nature ; нейча саяхат-путешествие- travelling; травеллин -Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?- қыс.( Үй құстарын жылы қорады бағып баптап жатырқ) -Оқулықтағы суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген? -Қыс мезгілі. -Олай болса суреттің көмегімен табиғат аясына серуенге шығып қайтайық (суретпен жұмыс) -Балалар қалай киінген? Не істеп жүр?-Балалар жылы киініп, қысқы ойындар ойнап жүр. -суреттің алдыңғы жағында тұрған балаға «Ә» дыбысы қатысты есем берейік.Ол кіммен және не істеп жүр?- Әкесімен бірге аққала жасап жүр. -Аққалаға қар үйіндісін домалатып жүріп қандай сөздерді жинап алған?- ән, сән, дән, дәрі, тәтті. -Балалар, Ә әрпі кездесетін сөздерді білеміз бе?- ... - - Олай болса «Сиқырлы әліппе» көмегімен саяхатқа шығайық, Ә әрпіне қатысты қандай жаңа сөздермен таныстырар екен, зер салып тыңдап, үйреніп алайық. -«Сиқырлы әліппеден» қандай жаңа сөздер үйрендік? –әткеншек, әріп, әуен, әнші, әйнек, әуежай т.б. – ( текшелермен сөз құрап, жазып көрсету; әуен, әнші, әйнек ). ТЖ -Ә дыбысы сөздің басында, ортасында келеді.
Оқылым. №2 Оқулықта ерекшеленіп берілген сөздерді тізбектеп оқу. 3. Сөздерден сөйлел құрастыр. - Сөйлем туралы не білеміз? Сөйлем нені білдіреді? Балалар парақшадаға сөздерлен сөйлем құрастырыпғаннан кеййіе, сөйлемдерді жүйелі орналастыруын ұйымдастыру. Әкем туған күніме шана сыйлады. Мен қатты қуандым. Әкеме рахмет айттым. Шана әдемі. -Енді құрастырылған мәтінді қалай аяқтауға болатынын усынуларын сұрау. Қыста шанамен сырғанаймын.
|
Таныстырылым
Аудиожазба «Сиқырлы әліппе»
оқулықпен жұмыс.
Оқулықтағы табиғат бейнеленген суреттер.
үлестірілмелі материал
|
||||||||||||||||
|
Сергіту сәті 1 минут |
«Көңілді күй» бейнежазба кейіпкерлерімен қосылып билеу. |
Сергіту сәтіне арналған жинақ. бейнежазба |
||||||||||||||||
|
Қызықты тапсырма 3 минут
Аяқталуы 13 минут |
Жазылым. 4. Ә ә жазба әрпімен таныстыру. Ә ә әрпінің жазылун ( жазу элементтерін) көрсету. Дәптермен жұмыс. Үлгі бойынша Ә бас және ә кіші әріптері жазылады Ә әрпі қатысты сөздерді үлгі бойынша жазып, дыбыстық талдау жасайды. 5. ЖЖ. «Мәтіндегі сөздердің мағынасын түсіну» Бағалау критерийі: Білім алушы Сөздердің лексикалық мағыналарын ажыратады. Мәндес сөздерді анықтайды. Тапсырма Сөздерді оқыңыз және суретпен сәйкестендіріңіз. Дескриптор: Білім алушы - сөздердің мағынасын анықтайды; - мәндес сөздерді табады және суретпен сәйкестендіреді. 6. Жаңылтпашты оқы және жаңылмай айтып көр. Келген малшы Әрі әнші, Әрі аңшы. -Жаңылтпаш не туралы, малшы деген кім? |
дәптерлер.
|
||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 2 минут
|
Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді «басбармақ » әдісімен көрсетеді.. Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім
|
Смайликтер
|
||||||||||||||||
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының
сақталуы |
||||||||||||||||
|
Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. |
Оқушылар шапалақтап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Смайликтермен мадақтау. |
Дүниетану, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||||||||||||||||




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген