400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге көмекші құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Сауат ашу

Күні:13.04.2018.


Сынып: 1

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

Сабақтың тақырыбы

Мектеп: Карманов ЖОББМ- балабақшасы

Мұғалім: Жексенова Ақбота Мәлікқызы

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Саяхат

Табиғатқа саяхат. Әә дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Әріпті таниды, ажыратады, сөздерді оқиды, мәтінмен танысады.

Оқушылардың көпшілігі: Әріптерді дыбыспен сәйкестендіреді, буындап, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, мәтіндегі кейіпкерлерді анықтайды.

Кейбір оқушылар: Дыбыстық талдау жасайды, мәтінді түсініп оқып, автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін ұғып, ой түйеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ән, сән, дәрі, тәтті, әтеш сөздерінің мағыналарын ұғады.

Тәулік - уақыт өлшемі, бір күн.

Сәуір - ай аты.

Дәуір - уақыт өлшемі, ғасыр.

Ән - музыка-music, сән-мода-modern, дәрі-лекарство-medicine, тәтті- сладкий-sweet, әтеш-петух-hed

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық-жауапкершілік, өмір бойы білім алу, шығармашылық

Пәнаралық байланыс

Музыка - дыбыстар әнін айтады.

Бейнелеу өнері - отбасы мүшелерінің суретін салу.

Дүниетану - табиғатпен байланыстыру.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылым, жұмыстары, музыка, интербелсенді тақта

Алдыңғы білімдер:

«Әріптер» әдісі арқылы өздері білетін әріпке сай, сөз ойлап,оны музыкамен орындайды. Сындарлы оқыту:«з» дыбысын қорытындылап, «ә» дыбысына бастау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Достым, саған сәттілік!» ширату

Алақай-ау, алақай,

Алақай-ау, алақай,

Бұдан былай мен енді

Емеспін жай балақай!

Осыдан да көлемді

оқи алам өлеңді

Бардым мен де мектепке

Оқушымын мен енді!

– Балалар, бүгінгі сабағымызға сәттілік, өзімізге сәттілік!







Сабақтың ортасы


3 минут
























4 минут


























5 минут
























7 минут

«Шеңбер» әдісі-«Әліппе» ойыны

Мақсаты: алдыңғы білімдерін жаңа біліммен ұштастыру.

Әр оқушының қолында бір-бір әріптен болады. Әрбір әріпті атап «дауыссыз, дауысты» екендерін дәлелдейді.Осы әріпке байланысты сөз ойлап, оны музыка ырғағымен орындайды. Әр әріпті шатыстырмай, өз орнына қояды(көк, қызыл үйлер). Енді жуан дауыстыларды үйшіктің жоғары, ал жіңішке дауыстыларды жұптастыра отырып төменгі жағына орналастырыңыздар.

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

  • Әріптерді таниды және ажыратады.

  • Дыбыстың дауысты, дауыссыз екенін біледі.

Дескриптор:

Білім алушы

- дауыстыны қызыл, дауыссызды көк үйге орналастырады ;

- дыбысқа сай сөз айтады.

ҚБ-Мұғалімнің қолпаштауы арқылы кері байланыс беру.



Магнитті әріптер, магнитті тақта, қызыл, көк үйшіктер

Ж.Ж-Болжамды оқыту

Бүгінгі сабағымызға жаңа бір әріп келіпті. Ол «А». Неге олай болды деп ойлайсыз?«А» әрпінің жіңішке жұбы ол «Ә».Ендеше жаңа сабағымыздың тақырыбы «Әә дыбысы мен әрпі»

Әріпті дыбыстау. Ә дыбысына ереже құрастыру. Буын құрастыру, ә дыбысының сөз ішіндегі орны туралы ереже шығарады.

Оқылым.

Т.Ж- оқу түрлері

Мақсаты: буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу.

ән әке дәрі сә уір

сән Сәкен дә рі гер Дә уір

дән тәтті тәу лік Ә сет.

1.Осы сөздерді дауыстап оқу

2. Осы сөздерді сыбырлап оқу

3.Осы сөздерді әндете оқу


Түсініп оқуда: тәулік, сәуір, Дәуір.


Тақтамен жұмыс: «әтеш» сөзіне дыбыстық талдау

ҚБ-«Бағдаршам» әдісімен топтардың бірін-бірі бағалауы(түсті фишкалар)


Ж.Ж- «Сөз құра»

Тапсырма


Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда.

Рисунок 3

Бағалау критерийі:

Білім алушы:

  • Ә ріптерден сөз құрайды;

  • Суретпен сәйкестендіреді.

Дескриптор:

Білім алушы

- дәрігер сөзін құрайды;

- әтеш сөзін құрайды;

- Дәурен сөзін құрайды;

-Әр сөзді суретпен сәйкестендіреді.

ҚБ- «Білезік кигізу» әдісі арқылы жұпта кері байланыс беру.





оқулық













Т үсті фишкаларРисунок 4




Саралау тапсырмасы

Мақсаты: Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну.

А) Суреттегі бейнелерді ата

В) Иллюстрация бойынша мәтін құрастыр

С) Мәтіннен қандай ой түйдің, қорытынды жаса.

«Диалогтық оқыту»арқылы ашық сұрақтарға жауап беру:

- Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атаңыз?

-Құрт әтешті көрген бойда неге қашты деп ойлайсың?

-Әтеш қандай жағдайға тап болды?

-Мұндай жағдайға тап болмас үшін әтеш өзін қалай ұстау керек еді деп ойлайсыз?

-Мәтіндегі жағдай сіздің өміріңізде болуы мүмкін бе?

-Сонымен мәтіннен қандай ой түйдіңіз?

ҚБ-мұғалімнің смайлик арқылы бағалауы




















Сергіту сәті

2 минут


5 минут

Көз, сергек!

Бейнероликпен қосылып, көзге жаттығу жасау

Бейнеролик

Жазылым дағдысы:

«Көркем жаз» әдісі

Мақсаты: оқушының әріпті әдемі және каллиграфияға сай жазуына ықпал ету.

Ә бастыру және жазу

ә бастыру және жазу

Дәл қатармен жазу

ҚБ-мұғалімнің түрлі жапсырма түріндегі бағалауы

Дәптер


Жапсырма суреттерРисунок 5






Сабақтың соңы








4 минут
















3 минут


Айтылым:

(ЖЖ) ҚБ: Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

Тапсырма

Көп нүктенің орнына қойылатын әріпті тауып, сөзбен сәйкестендіріп сызыңыз. Сөздерді оқыңыз.

Дескриптор:

Білім алушы

- көп нүктенің орнындағы әріпті анықтайды;

- сөздерді қатесіз оқиды.

ҚБ. «От шашу» (төменнен жоғары шапалақтау)

(жұптар өзара бірін-бірі бағалады)


Рефлексия. «Аралдар» әдісі - Жардағы смайликтер бойынша оқушы өзін бағалайды

Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді

Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды) қолданады.

Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.



Кері байланыс- «Еркін микрофон»

Н е себепті екінші аралда қалдың? Қай тапсырма қиындық келтірді?

Бүгінгі сабақта қандай тапсырма сізге оңай болды әрі ұнады?

Бүгінгі сабақта қандай құндылықтарды қайталадық?



Қалыптасты

рушы бағалау


















Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау тапсырмасы:






Барлық оқушыларға қиындық келтірмейтінтапсырма:

А) Суреттегі бейнелерді ата (құрт, әтеш, етік)

Дарынды оқушыларға арналған тапсырма:

С)Мәтіннен қандай ой түйдің, қорытынды жаса (артық іске араласпау, ешкімге кедергі келтірмеу)

Саралау тәсілдері

Тапсырма

тәсілі сыныптағы оқушыларға жеңіл, орташа, күрделі деңгейдегі тапсырмалар берілді.

Мыс: Мәтіндегі суреттердің орнына тиісті сөздерді тауып қоя білді.

Дереккөздер

Сабақ кезінде оқулық, дәптермен жұмыс, интербелсенді тақтамен қолдандым.

Қарқын

кейбір оқушылар басқа оқушыларға қарағанда жылдам жұмыс істейді.

Диалог және қолдау

«Диалогтық оқыту»арқылы ашық сұрақтарға жауап беру:

-Мәтіндегі басты кейіпкерлерді атаңыз?

-Құрт әтешті көрген бойда неге қашты деп ойлайсың?

-Әтеш қандай жағдайға тап болды?

Қорытынды Жардағы смайликтер бойынша оқушы өзін бағалайды Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді.

Оқудың түрлерін (буындап оқиды, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқиды, түсініп оқиды) қолданады. Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсінеді.

Бағалау

Сабақ кезінде ҚБ мен кері байланыс жүргізілді Мұғалімнің қолпаштауы арқылы кері байланыс беру, «Білезік кигізу» әдісі арқылы жұпта кері байланыс берілді.



Сабақтағы критериалды бағалау түрлері:

- Мұғалімнің қолпаштауы;

-«Бағдаршам» әдісімен түсті фишкалар арқылы топтардың бірін-бірі бағалауы;

- «Білезік кигізу» әдісі арқылы жұпта кері байланыс беру;

- Мұғалімнің смайлик арқылы бағалауы;

- Мұғалімнің түрлі гүлді жапсырма түріндегі бағалауы;

- «Аралдар» әдісі - Жардағы смайликтер бойынша оқушы өзін бағалауы

- «Еркін микрофон» әдісі арқылы оқушылардың жалпы сабаққа рефлексиясы


Интербелсенді тақтаны шамадан тыс пайдаланбау, партада отыру ережесін еске салу, саусақ моторикасы, көзге жаттығулар жасату




Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатттарын тақырыпқа сай алынған.

Сабақ мақсатына жетті.

Сабақ құрылымы жүйеге сай сақталған.

Уақытты тиімді пайдаланды.



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1: оқушылардың сабаққа қызығушылығы

2: әртүрлі тәсілдер пайдаланып,бала назарын өзіне аудара білді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: диалогтық оқыту

2: жұптық жұмыс

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі