Материалдар / ашық сабақ: "Табиғаттағы күштер"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ашық сабақ: "Табиғаттағы күштер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Табиғаттағы күштер". Оқушыларды табиғаттағы әртүрлі күштермен таныстыру. Теориялық материалдарды іс-жүзіндегі материалдармен ұштастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2022
701
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:


«Табиғаттағы күштер»

Педогогтің аты-жөні:


Дюсенова Гулмира

Күні: 25.11.2021ж


Қатысқандар: 8

Қатыспағандар: 0

Мақсаты:


Білімділік: Оқушыларды табиғаттағы әр түрлі күштермен таныстыру және теориялық материалдарды іс жүзіндегі жұмыстармен ұштастырып отыру.

Дамытушылық: Әр түрлі табиғаттағы күштерге мысал келтіре білу.

Тәрбиелік: Тұрмыстағы кездесетін әр түрлі күштердің пайдалану барысында қауыпсіздік техникалық ережелерді сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:


Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі:

Оқулық,атлас,суреттер


Сабақ кезеңдері

Іс-әрекет кезеңдері: Сәлемдесу, сабақтың жоспарымен таныстыру.

Ұйымдастыру кезеңі


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Біздің такырыбымыз – осы жұмбақтардың шешулеріне байланысты. – Күш деген ұғым алғашқыда - жүкті көтеру, тасты лақтыру, садақтың жебесін керу кезіндегі бұлшық еттердің жиырулына байланысты шыққан. Бұлшық еттердің керілу дәрежесі «күш» ұғымымен бағаланатын болған. « Күшті адам», « менің күшім жетпейді» деп жатады. Ал жануарлар және табиғат құбылыстары туралы – «піл – күшті жануар», «күшті жел», «күшті ағыс» дейді. Байқасаңдар бұл жағдайлардың барлығында бір дененің екінші денеге әсері туралы айтылады. Дене басқа денелермен әсерлеспесе, өзінің жылдамдығын өзгертпейді және тыныштық қалпында қала береді. Ал әсерлесу денелердің жылдамдықтарының өзгеруін тудырады.

II Ой шақыру: «Күш» дегенде сендерге қандай ой келеді? «Күш» туралы білетін ойларыңды дәптерге жазыңдар. (жеке жұмыс).

- Жұптасып негізгі ойларыңызды ортаға салыңдар. (1 оқушы).


1-тапсырма. ІІІ – Мағынаны тану - Мәтінмен жұмыс:

1- ші топ.- Үйкелес күш.

2 – топ - Тартылыс күш.

Негізгі ойларын дәптерге жазады (жеке 10 минут).

Оқушылар «Түртіп алу» әдісі арқылы оқушылар ақпараттар алады.


Үйкелес күші. Денелердің әсерлесуін сипаттайтын физикалық шама КҮШ деп аталады Табағатта күштердің түрлері көп, солардың бірі үйкелес күші. Бұл - бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда пайда болатын күш. Үйкелес қозғалыс бағытына қарама – қарсы бағытталып, қозгалысқа кедергі жасайды. Мысалы: Еңбек сабақтарында, түрмыстық жұмыстарды істегенде – егеумен, электірлі қайрақпен, жұмыс істеп тұрған станок. Үйкелесті азайту, бөлшектерді тозудан сақтау үшін, арасын майлау қажет. Тартылыс күші - табиғаттағы негізгі күштерінің бірі.

Егер біз бір нәрсені қолдарымыздан түсіріп алсақ, ол әрдайым жерге құлап түседі. Тартылыс күш болмаса жер бетіндегі денелер (ағаш, үй, адам, жануарлар) ғарыштық кеңістікке ұшып кеткен болар еді осыдан 300 жыл бұрын ағылшын ғалымы Исаак Ньютон Бүкіл әлемдік тартылыс Заңын ашты. Жердегі барлық денелер бірін – бірі тартады. Жердің жасанды серігі Жерді айналып қозғалады, өзендердегі сулар ағады. Айдың тартылысы Жердегі теңіздер мен мұхиттардың тасуы мен тартылуын туғызады. Күн жүйесі планеталары Күнді айнала қозғалады. Мұның барлығы Жердің тартылыс күшіне байланысты. Осы күш Жер атмосферасын ұстап тұр.

Табиғаттағы әр түрлі күштер: Ауырлық күш – жаңбыр тамшылары, қар түйіршіктері, ағаштан үзілген жапырақ – бәрі жерге тартылады.

Үлкен адам отырған тақтай майысып барып, қайта жиырылады, адам құламайды. Жүк ілінген жіп созылады, ауырлық күші әсер етсе де жүк құламайды. Үй төбесіне жиналған қар, ауырлық күші әсер етсе де, құламай, тұрып қалады. Себебі, үйдің төбесінде де, тақтайда да, жіпте де СЕРПІМДІК КҮШ пайда болады.

Ауырлық күшін , серпімдік күшін ДИНАМОМЕТРДІҢ көмегімен өлшеуге болады..

Қорытынды бөлім:

РЕФЛЕКСИЯ. Оқушыларға жеке жеке бір парақ ақ қағаз беріледі – әр топ өздері оқыған күштер туралы сүрет салады 10 минут. Тақтаға шығып оны қорғайды.

Оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы:_Оқу.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!