400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ табиғатты аялайық

Материал туралы қысқаша түсінік
табиғатты қорғау керек екенін оқушыларға ұғындыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты аялайық!

Тәрбие сағатының мақсаты:Табиғат туралы түсінік беру, дүние тану пәнінен алған білімдерін жүйелеу.

Табиғатты қоғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.

Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Әдісі: СТО Көрнекілігі: Интерактивті тақта, хаттар, қағаздан қиылған үйлер. Өту барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Психологиялық дайындық «Мен қандаймын» Дамира-ақылдымын Қызығушылықты ояту Бейне таспадан табиғат көрнісін тамашалау.

Ой қозғау

- не көрдік?

Табиғат нешеге бөлінеді?

Табиғат Тірі Өлі

Мағынаны тану Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық . Табиғат -байлықтың көзі. Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді. Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендеоде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады.

Су, құс, өсімдіктер туралы слайдтан оқып беру.

Сурет бойынша әңгімелеу.

Оқушыларға суреттер беріледі сол бойынша әңгімелейді.

1. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?

2. Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді?

Суреттер арқылы топтастырады.

Ойын «Почта»

Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады.

Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы керек.

  1. хат. Адам өміріне не қажет? ( жарық, ауа, су, жылу)

  2. 2- хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? ( табиғаттан)

  3. 3- хат. Тірі табиғатты ата. ( адам, жануар, өсімдік)

  4. 4- хат. Өсімдік өсу үшін не керек? ( топырақ, су, ауа, жылу)

Слайдтан тыйым сөздер оқыту

Құстың ұясын бұзба. Жануарларды ұрып-соғып жәбірлеме.

«көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды. «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.

Әдеби мантаж 1-оқушы. Суретті боя . ненің суреті?

2-оқушы. Жыртқыш аңдардың атын жаз.

3-оқушы. Тірі табиғатқа жататындарды қорша.

4-оқушы. Семантикалық карта Көкөністер мен жемістер Бақта өседі

Ой шақыру 1. Табиғат нешеге бөлінеді?

2. Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың?

3. Құстарға қалай қамқорлық жасайсың?

4. су туралы не білесің?

Қорытынды. Табиғат байлықтарын қорғай білу –азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік. Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
683
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі