15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ «Табиғи материалдан – сабаннан сыйлықтар жасау»
Технология
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Табиғи материалдан – сабаннан сыйлықтар жасау»
Өткізген: Джамалиев Б.М
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға жапсырмаларда пайдаланатын дәнді өсімдік сабақтарын жұмыста қолдануды,сабанмен жұмыс тәсілдерін үйрету,сыйлықтар жасауға баулу;
Дамытушылық мақсаты:теориялық білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен дамыту.Сабанмен жұмыс жасау туралы алған білімдерін,дағдыларын нығайту;
Тәрбиелік мақсаты:қазақ халқының өнерін,салт-дәстүрін бағалай білуге,әсемдікке,ұқыптылыққа,төзімділікке баулу.Эстетикалық жағынан дамыған,ойлау қабілеті терең тұлға тәрбиелеу
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың көрнекілігі:сабаннан жасалған түрлі сувинерлердің жасалу үлгілері көрсетілген технологиялық карта
Керекті құрал-жабдықтар: қайнатып үтіктелген сабан,калька қағазы,қайшы,желім
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы,бейнелеу өнері,математикамен,өмірмен байланыс
Сабақтың барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды еңбек сабағына даярлау.Зейінін сабаққа аудару
-
Өткен сабақты қайталау /сұрақ-жауап/.
Өткен сабақта табиғи материалдармен жұмыс істеу туралы,оны пайдалану үшін не істейтінімізді оқығанбыз. Сондықтан өткен сабақты еске түсірейік.
а. Табиғи материалдарға не жатады?
ә. Сабанды жұмысқа қалай дайындаймыз?
б. Сабанмен жұмыс істеу әдістерін кім айтады?
3. Жаңа сабақты меңгеру /түсіндіру/
- Оқушылар,осы жұмыстарды жасау үшін қандай құрал-жабдықтарды пайдаланатынымызды сөзжұмбақ арқылы шешейік
Сөзжұмбақ
1.Табиғи материалдың түрі?
2. Табиғи материалдың 2 түрі?
3.Қиюға арналған құрал?
4. 5-9 сынып оқулығы?
5. Еңбек сабағында қолданылатын карта?
6.Қағаз бетіне түсірілетін карта?
4. Сарамандық жұмыс.
Сувинерлік «Биші» және «Баба» бейнесін құрастыруға арналған
Нұсқау картамен жұмыс.
Кіміспе нұсқау(инструктаж).
Орындау кезеңі(негізгі бөлім)
а) Нұсқау карталар бойынша сабанмен жұмыс істеп жатқандығын
тексеру.
б) Кемшіліктері болса түзету, көмектесу.
в) Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
5. Қортындылау кезеңі (сұрақтар қою арқылы).
6. Бағалау.
7.Үйге тапсырма беру. Жұмыс орнын жинастыру.
Технология
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Токарь станогында ағаш өңдеу.Оқтау жасау»
Өткізген: Джамалиев Б.М
Сабақтың тақырыбы: Токарь станогында ағаш өңдеу. Оқтау жасау
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
1.Білімділік: Оқушыдарды ағаш өңдеу станогымен таныстырып,оларға бұйым әзірлеуді үйрету
2.Дамытушылық: оқтау әзірлеу барысында оқушылардың дағдыларын,шеберліктерін арттырып,станоктажұмыс істеуге дағдыландыру,іскерлік қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік:алған теориялық білімдерін сарамандыққа ұштастырып,жұмысты талдай білуге,нақты орындауға,шығармашылықпен жұмыстануға,әсемдікке тәрбиелеу
Сабақтың құрал-жабдықтары:
1.Технологиялық карта
2. Ағаш өңдеу станогы
3. СТД ағаш өңдеу станогы
Сабақтың құрылысы:
-
Ұйымдастыру бөлімі- 2-3 минут
-
ТҚЕ (техникалық қауіпсіздік ережесі) қайталау-3 минут
-
Жаңа тақырып-10-15 минут
-
Сарамандық жұмыс-20-25 минут
-
Бағалау-3 минут
-
Қорытындылау-3 минут
-
Сабақты аяқтау-2-3 минут
-
Ұйымдастыру бөлімі
-
Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау
1.Ағаш жонустанлгында жұмыс істеу кезінде қандай қауіпсіздік ережесі сақталуы тиіс?
АЖС – да жұмыс істеу кезінде бұйымды мықтап бекіту керек. Жұмыс барысында станокта бөгде дыбыс болмауы тиіс. Әзірленетін бұйымның айналатын жақ бөлігіне солидол майын жағу керек.Тоқ жүретін сымның дұрыстығын әр жұмыстың алдында тексеріп алған жөн.Электр аспабы жерге қосылу керек.Жерге қосылмаған жағдайда электр аспабымен жұмыс істеуге тыйым салынады.Станокта жұмыс істейтін қашаулар өткір қайралған болу керек.
-
Жаңа сабақ.
Технологиялық карта
|
|
|
||||||
|
Реті |
Бұйым атауы |
Саны |
Материалы |
Мөлшері,мм. |
|||
|
1. |
Оқтау |
1 |
Ағаш |
40 Х400 |
|||
|
Рет саны |
Жұмыстың орындалу тәртібі |
Қажетті құрал-саймандар |
Үлгісі |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
||||
|
1. |
Бұйымды жасауға қажетті дайындаманы таңдап ал да.әдіп мөлшерін есептеп,ұзындығы бойынша кесіп ал.Мөлшері:50х50х500 |
Верстак,сызғыш,бұрыш-тама,қолара,қарандаш |
|
||||
|
2. |
Бұйымның бір ұшының ортасын тап та,белгіле.Екінші ұшын да белгіле. 8 мм-лік тесік тес,оның тереңдігі 88 мм болсын |
Ұста үстелі,сызғыш, қарандаш,бұрғы |
|
||||
|
3. |
Бұйымның қырларын сүргіле |
Верстак,сүргі |
|
||||
|
4. |
Бұйымды токарь станогына бекіт |
токарь станогы,ағаш,тоқпақ кілт |
|
||||
|
5. |
Бұйымның сыртқы диаметрі |
токарь станогы,қиғаш қашау,өлшеуіш |
|
||||
|
6. |
Бұйымның екі шетінен тұтқасын жонып шық |
Қиғаш,дөңес қашау |
|
||||
|
7. |
Бұйымның бетін зімпара қағаз арқылы ажарла |
Зімпара қағаз |
|
||||
|
8. |
Екі шетіненкесіп алып,бұйымның сапасын тексер |
Қолара,сызғыш,үлгі сызба |
|
||||
V. Бағалау. VI. Қорытындылау.
Ізгілендіру диаграммасы: Не білдім? Нені үйрендім?
VII. Сабақты аяқтау. Класты жинау.
|
Білемін |
Үйрендім |
Білгім келеді |
|
Станокта ағаш өңдеуді |
Оқтау әзірлеуді |
Түрлі бұйымдарды станокта әзірлеуді |
Мортық №34 негізгі мектебі
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Джамалиев Б.М.
«Қыздар сұлу көрінер өнерімен»
Сайыстың мақсаты: игі салт,озық дәстүрді білу,әдептілік,инабаттылық,өнер секілді асыл қасиеттерді бойға сіңіру.
Сайыста 5 оқушыдан 2 топқа бөлінеді.Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
1-кезең: салт-дәстүрге байланысты мақал-мәтел мағынасын топ басшылары түсіндіреді.
2-кезең: табақ тарту дәстүрі.
3-кезең:I топ-жұмбақ жасыру,II топ-жұмбақты шешіп,соған мақал- мәтел айту (керісінше)
4-кезең: өздері тоқыған бұйымдарын көрсетіп түсіндіру.
5-кезең: Ұлттық киімдерді сипаттау.
Көрнекілік: тақырып ілу,плакат,түрлі шар.
Жүргізуші: Армысыздар,құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Шешеннің тілі ортақ,шебердің қолы ортақ» дегендей,қазақ қыздарының өмірдегі,өнердегі шеберлігін шыңдауға ортаға бүгінгі кештің күәгерлерін шақырамыз.
«Өнер қуып шеберлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін,
Сайысқа түскен он шебер кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін»
Қонақжайлылық,мейманды қабылдау ата-бабаларымыздан қалған аса қастерлі салтымыз,әрі дәстүріміз.
Салт-дәстүрдің көрінісі қонақжайлылық туралы айтылған мақал-мәтел мағынасын түсіндіру
1-кезең
Жүргізуші:1топқа сұрақ. « Барымен базар», « Құдайы қонақпын» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жауап. Келген адамды кеудесінен итермей, жылы шыраймен қарсы алып, шамасы келгенше сый-құрмет
көрсетіп аттандыру парыз.
II топқа: «Қырықтың бірі-Қыдыр» дегенді қалай түсінесің?
Жауап. Қонақты қума,оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса, екіншісінен құт келеді дегенді білдіреді.
1топқа:»Қонақпен бірге құт келеді» деп неге айтқан? Қонақ күту рәсімдеріне не жатады?
Жауап. а) Қонақты қарсы алу;
ә)Шай жабдығына кірісу;
б) Қонақтың өзіндік сыбағасын дайындау.
II топқа: «Адам болар бала қонаққа үйір»
Жауап: Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады.
2-кезең. Жүргізуші:Табақ тарту дәстүрі. Қазақта қонаққа тартылатын табақтың түрлері көп.
Қазақ дастарқанының өзіндік тарихы және дәстүрі бар.Қазақтың ұлттық тағамдарының дені еттен жасалады.Келген қонаққа арнайы мал сойылмаса,өкпелеп кететіндері де болған.Піскен етті ұсыну үшін немесе басқа да той табаған жасау үшін ет аспаздық бөліктерге бөлінбестен,жіліктелген күйінде дастарқанға қойылады. «Ойы байдың сөзі бай», «Жасында байқары жоқтың,үлкейгенде айтары жоқ» дегендей,халқымыз жас шағында көп нәрсеге зер салып,байқап жүруге бағдар береді. Ендігі кезекте сайысқа түскен оқушыларымыздың «табақ тарту рәсімін» байқайық. Үстелде үлестірмелі қағаздарда жасырулы тапсырмалар тұрады.Соны алып кеспе қағаздағы суреттер бойынша табақ жасайды.
-
Бас табақ /аса қадірлі қонаққа тартылады /
Кәделі мүшелер:бас,жамбас,ортан жілік,белдеме,сүбе,қабырға,жылқыдан қазы-қарта,жал-жая.
2.Сый табақ – бас табақтың кәделі мүшелері салынады.
3.Орта табақ – ортан жілік,жауырын,тоқпан жілік,қабырға,омыртқа салынады.
4. Күйеу табақ – асықты жілік,төс.
5. Келін табақ – ұлтабар,жүрек,сүбе,қабырға.
6.қыз табақ – жүрек,бүйрек,тіл,қабырға.
7. Қол жіліктерді ата /жауырын,тоқпан,кәрі жілік/
8. Аяқ жіліктерді ата / асық,жамбас,ортан жілік/
9. Астың пісуіне байланысты ұлттық уақыт өлшемдерін ата?
1.Ас пісірім – 2-3 сағаттың мерзімі.
2.Ет пісірім – 2-3 сағат шамасы.
3.Ет түсірім – асқан ет пісетіндей уақыт.
4. Ет қайнатым – қазанға салынған ет қайнайтындай мерзім.
10. Азық-түлікке қатысты өлшемдерді ата?
Бір асым /ет/, бір елі /қазы/, бір жапырақ /ет/, жұдырық басындай /ет,қазы/
3-кезең. Сөздің көркі мақал-мәтел мен жұмбақ (кесте)
4-кезең. Жүргізуші:
«Өнер,білім,еңбекке
Жақын болар ұрпақпыз
Он саусағы майысқан
Шебер болар ұрпақпыз.
Тұла бойы тұнған бір
Өнер қуған ұрпақпыз» - дегендей,екі топ өздерінің тоқыған бұйымдарына жеке-жеке тоқталып,тоқылу технологиясын түсінддірулері тиіс.
5-кезең. Жүргізуші:
Ата салтым,асыл мұрам,ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын,
Сан ғасырда қалпын бұзбас,қадірлі
Өткенімді бүгінгімен жалғадым.
«Қазақтың ұлттық киімдерінің» суреттерін жасырып қойып,біреуін алып,ондағы киімдерге сипаттама беру.
Осымен бүгінгі «Қыздар сұлу көрінер өнерімен» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп екенің білу үшін әділ қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Жеңген топты марапаттау.
Мұғалім: -Балалар,бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып,тамаша өнер көрсеттіңіздер,сайысқа қатысқан барлық балалар мен көрермендерге үлкен алғысымызды айтамыз!
|
Жұмбақ |
Жауап |
Мақал- мәтел |
|
Тап-тап тап жорға Табаны жоқ, боз жорға. Желіп кетсе жеткізбес, Жерге түссе таптырмас. |
Ине |
Сабақты ине сәтімен |
|
Қарны жуан қампиған, Қос құлағы қалқиған. |
Қазан |
Қазаны басқаның, Қайғысы басқа. |
|
Қимылдаса қос шебер Қыруар-қыруар іс өнер. |
Қол |
Шебердің қолы көпке ортақ. |
|
Басы да екеу, аяғы да екеу. |
Қайшы |
Асыл ұайшы пішуге сән Күміс қасық ішуге сән. |
|
Дос үйіне түстіңбе? Түгел соның үстінде. |
Дастарқан |
Қоныс көркі-там Дастарқан көркі нан. |
|
Күн шыға апам піседі, Ішінен көп май түседі. |
Күбі |
Бос күбі күңгірлек |
|
Сүйегі бар, қаны бар Бірақ емес жануар. |
Балық |
Егінші жылда арманда, Балықшы күнде арманда. |
|
Құрғақ жерде сақтайсың Онсыз тамақ таппайсың. |
Тұз |
Доссыз адам-тұссыз ас |
|
Бір сусын бар жұртымда Ішсең уыз ұртыңда Бәрі содан шығады Ірімшік,май,құртыңда. |
Сүт |
Жылқыда өт жоқ Құста сүт жоқ |
АСЫҚТЫ ЖІЛІК ,ТӨС
ҰЛТАБАР ЖҮРЕК
СҮБЕ БҮЙРЕК ТІЛ , БАС ЖАМБАС ОРТАН ЖІЛІК
ЖАУЫРЫН
ТОҚПАН ЖІЛІК
ҚАБЫРҒА
ОМЫРТҚА

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген