жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Табиғи ресурстардың жіктелуі 8 сынып
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:Т.Әубәкіров атындағы №43 Экономикалық география . ЖОМ КММ
Табиғат ресурстары . Күні: 24.04.2019 Мұғалімнің аты-жөні :Султанова Р.П
Сынып – 7»ә» Қатысқандар:14 Қатыспағандар:1 |
|
Сабақтың тақырыбы |
Табиғи ресурстардың жіктелуі |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.5.1.1 табиғи ресурстарды жіктейді; 7.5.1.2 табиғи ресурстардың таралу заңдылықтарын талдайды 7.5.1.3 табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсетеді |
Сабақтың мақсаты |
Оқушылардың ойлау әрекеттерін дамыта отырып, табиғат ресурстарын жіктеу туралы білімді меңгерту және талдай алуына баулу; Атлас қартаны қолдана отырып табиғи ресурстардың шоғырлануын картада көрсету; |
Бағалау критерилері |
«Жетті» деп есептеледі, егер:
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге тән арнайы сөздік және терминология: Табиғи ресурстар, қалпына келетін, сарқылмайтын, қалпына келмейтін,энергетикалық ресурстар |
Құндылықтарға баулу |
«Мәңгілік ел»құндылықтарын іске асыру. Сыйластықты, ынтымақтастықты даарыту топтық жұмыстар арқылы жауапкершілікпен қарау өзін-өзі реттеу жүзеге асады |
Пәнаралық байланыс |
Биологиялық ресурс түрлерін сипаттауында биология пәнімен; Ресурстың физика-химиялық ерекшелігін сипаттағанда физика және химия пәндерімен байланыс жасайды. |
АКТ қолдану дағдылары |
АКТ дағдыларын дамыту. өздеріне қажетті ақпараттарды іздеп табуда ғаламторды қолдануда және карталар мен презентация қолдану барысында жүзеге асады. |
Алдыңғы білім |
5-6 сыныптың Жаратылыстану пәнінен алған тау жыныстары туралы білімдері |
|
Сабақтың барысы |
||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||
Сабақтың басы 0-3
4-10 |
Ұйымдастыру кезеңі: «МЕН.....» тренингі арқылы оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. «Гүлдер» әдісі арқылы топқа біріктіру.Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару. Өткен тақырыпты пысықтау Гүл жапырақтарында жазылған сұрақтарға жауап береді. 1.Аймақ дегеніміз не? 2.Тарихи-географиялық аймақ дегеніміз не? 3.Достық,қақтығыс дегеніміз не? Қазақстанда ұлттар мен ұлыстар арасындағы келісімді нығайту шаралары. |
Г слайд
|
|||||
Сабақтың ортасы 11-29
30-35 |
«Миға шабуыл» Суреттер арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламыз. (Бұл өз кезегінде оқушыларға сабаққа деген қызығушылығын оятып, өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді)
Суреттерге қатысты қойылатын сұрақтар:
Тақырыпты ашқаннан кейін сабақтың оқу мақсатын оқушылармен бірге талдаймыз.
Табиғат ресурстарының қандай түрлері бар? (түрлерін жай ғана атап шығады. Мысалы, су, мұнай, газ, көмір, темір, т.б.) Оқушылардың әрқайсысы өздері айтқан табиғат ресурстарын әртүрлі топтарға жіктейді де, сыныппен ортаға салып сызбанұсқаларымен бөліседі. (Бұл оқушылардың жинақтау,сыни ойлау дағдысын дамытуға көмектеседі) Оқушылардың әрқайсысы өздері айтқан табиғат ресурстарын әртүрлі топтарға жіктейді де, сыныппен ортаға салып сызбанұсқаларымен бөліседі. (Бұл оқушылардың жинақтау,сыни ойлаудағдысын дамытуға көмектеседі) Осы тапсырманың қорытындысы ретінде төмендегі кестелерді ұсынамыз: 1.Табиғат ресурстарының шығу тегіне қарай жіктелуі
2.Табиғат ресурстарының экологиялық жіктелуі
3.Табиғат ресурстарының шаруашылықта пайдалану мүмкіндігі тұрғысынан жіктелуі Энергетикалық: Жанғыш пайдалы қазбалар,ядролық энергия көздері
Энергетикалық емес: Әртүрлі өнеркәсіп салаларына арналған немесе өндірісте қатысатын шикізат,өнеркәсіп өндірісіне пайдаланылатын пайдалы қазбалар,су, орман ресурстары,өнеркәсіп тұрғыдағы биологияллық ресурстар Ауылшаруашылық өндірісінің ресурстары: Агроклиматтық,топырақтық-жер,өсімдік биологиялық ресурстар 1-тапсырма. Жеке тапсырма 1. Терминдерді анықтамалармен сәйкестеңдіріңіз. 2.Берілген семантикалық картаны толтырыңыз ( + ). Дескриптор: Білім алушы − табиғат ресурстарының анықтамалары мен атауларын сәйкестендіреді; − семантикалық картаны толтырады. Өзін-өзі бағалау :«5»----13-15 «4»-----8-12 «3»-----1-7 2-тапсырма. Топтық жұмыс «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісімен мәтінді пайдалана отырып, әр топ өз тапсырмаларын қорғайды. І топ .Минералды ресурстар ІІ топ. Жер ресурсы ІІІ топ.Су ресурстары Дескриптор: Білім алушы Оқушы мәтін бойынша ой қалыптастырады; Өз ойын жұпта, топта талқылайды; Бағалау: «Басбармақ»әдісі арқылы әр топ бірін-бірі бағалайды
3-тапсырма.Картамен жұмыс Мұнай қоры шоғырланған екі ірі аймақты кескін картаға белгілеңіз
|
Суреттер, слайд
слайд
слайд
Плакат. маркер, стикерлер, оқулық
Қима карталар
|
|||||
Сабақтың соңы 36-40 |
«Сөйлемді толықтыр»әдісі арқылы сабақты қортындылаймын. Әр табиғат ресурсының таралуына географиялық орналасуы, сол жердің климаты, табиғат жағдайы, жерінің геологиялық құрылымы, жер бедері ж.т.б. факторлар әсер етеді. Ағаш сүрегі............. көп шоғырланған, себебі ол жақтың климаты жылы әрі ылғалды, металл кендері –............., себебі сол жерлерде лава атқылау көп болады, лава көптеген элементтерге бай, рекреациялық ресурстар –........көркем, климаты қолайлы жерлерде, құнарлы топырақтар – ................. таралған. Кері байланыс :«Ойды жалғастыр»
Мұғалім сабақты қорытындылайды, белсенді оқушыларды марапаттайды Үй жұмысы: «Табиғи ресурстар» альбомын жасау |
Қима карталар , слайд
стикерлер
|
|||||
Саралау –
|
Бағалау-
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. |
«Мен ...................»тренингі, «Гүлдер», «Миға шабуыл», «Ойлан,бірік,бөліс», «Картамен жұмыс», «Сөйлемді аяқта.»,«Ойды жалғастыр»әдістерін қолдану арқылы тақырыпты меңгертуге көмектесемін. |
Жетістік критерийлері арқылы бағалау; Өзін-өзі бағалау; Өзара жұптық бағалау
|
Техникалық қауіпсіздік ережелерін ғаламтормен жұмыс жасағанда тоқ көзін дұрыс қолдануда сақ болу.
|
Сабақ бойынша рефлексия |
Кері байланыс «Ойды жалғастыр»
|
|
үлдер,

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген