400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғи сұрыпталу дегеніміз, табиғатта болып жатқан түрлі заттарды. Әр түрлі жағдайлардың болуы. Түрлі жағдайларға әсер етуі
Материалдың қысқаша нұсқасы

10 жалпы білім беру орта мектебінің 3 «З» сыныбының

3 тоқсан бойынша өтілген сынып сағаттары мен тәрбие сағаттарының ақпарламасы

ІІІ тоқсан басында 3 «3» сыныбы 25 оқушымен оқуды бастап, 26 оқушымен аяқтадық. Тоқсан бойынша 3–сыныптарда сынып сағаттар, тәрбие сағаттар өткізілді. Сынып сағаттары мен тәрбие жұмыстарын өткізудің мақсаты мен міндеттері оқушылардың патриоттық және азаматтық сана, адамгершілік, жалпы мәдени, салауатты өмір салтын, шығармашылық қабілетін іске асырудың жоғары деңгейін қалыптастыру, ұлттық тәрбие жүйесін дамыту және жаңғырту, девиантты мінез- құлықтардың алдын алу.

1.Отанының тағдыры үшін жауапты, белсенді азаматтық позициясы бар Қазақстан азаматы мен патриотының

тұлғасын қалыптастыру және дамыту.

2. Тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

3. Балалар мен оқушы жастарда адамдарға қатысты адамгершілік тәрбие,қазақ халқының, Қазақстан Республикасында тұратын басқа этностар мен этникалық топтар мәдениеті мен дәстүріне құрмет, ұлттық мұраға бейімдеу, толеранттылық сана, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру білігін қалыптастыру негізінде ұлтаралық қатынастар мәдениетін арттыру.

4.Өскелең ұрпақ тәрбиелеуде ана тілі, мәдениеті, дәстүрі және басқа да құндылықтар арқылы отбасы рөлін күшейту.

5. Оқушы жастар арасында әлеуметтік жетімдік, бейәлеуметтік мінез-құлық және идеологиялық экстремизм, нашақорлықты тарату және басқа да келеңсіз құбылыстарды жеңуде қажет шарттарды қамтамасыз ету.

Нәтиже

Тәрбиелік шаралар арқылы оқушылар өздерінің қоғамдағы орнын табуға талпыныс жасайды, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, оларды тиянақты орындайтын дәрежеге жетеді. Халқымыздың салт- дәстүрі мен мәдениетін қастерлеп ұстауды үйренеді.Мектепте басқа да әлеуметтік ортада оқушылардың өзін әдепті ұстауға, жан- жақты дамытуға тырысу,өзгеріп жатқан өмірге икемделу сияқты қасиеттерді бойына сіңіруге саналы түрде бетбұрыс жасайды.

Сонымен қатар өткізілген сынып сағаттарды атап айтатын болсақ

«Ата-анаңды сыйлау парыз»

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелей отырып, ата-ананы құрметтеуге, отбасы құндылықтарының қасиеттерін білуге үйрету және олардың ата-анасына, отбасына деген сүйіспеншілігін, махаббатын күшейту, өз ойларын ашық айтуларына, пікір білдірулеріне мүмкіншілік беру. «Әке-асқар тау, шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» демекші, осы бір қарапайым мақалдың астарында терең ой жатыр. Әрине, мақал қысқа, алайда оның мағынасы шектеусіз. Біз шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап ең алғаш рет алдымызға ана бейнесі келеді. Ананың құшағына енгеннен бастап-ақ кіп кішкентай жүрегіміз ана жүрегімен бірге соға бастайды. Мейірлене құшақтап, «айналайын, балапаным» деген сөзімен өмірге әкелген сәбиін сол күннен бастап мейірім мен жылулыққа орай бастайды. Анадан соң сәбиін алғаш көрген әкенің сезімі қандай болатыны әкелерге ғана аян. Осыдан соң оқушылардың бойынан ата-анаға деген құрметтері еселеп артады деген сенімдеміз.

«Сәлемдесе білеміз бе?» Рухани байлықтың түп қазығы –зара сәлемдесу әдебі болып табылады. «Сәлем» сөзі араб тілінен аударғанда «амандық» , «есендік» деген ұғымды білдіреді.

Сәлемдесу яғни « Әс-сәләғмугалейкум» - «Аллаһтың амандығы, есендігі сіздерге болсын » деген тілек. Аллаһтың Адам атаға және оның ұррпақтарына үйреткен есендік сөзі. Сәлем-әдептілік белгісі.

Сәлемдесу адамдардың бір-бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі, тілдесуі яғни ізеттілік пен инабаттылық нышашын білдіруі. Оқушылар әр ұлттың сәлемдесу әдебі мен салт-дәстүрімен танысты.

«Ұлттық ойын туралы білеміз бе?»

Мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы кеңінен түсінік беру. Көкпар, аударыспақ, күрес, ақсүйек, тоғызқұмалақ, алтыбақан, асық, тымпи ойындары туралы кеңінен түсінік алды.

«Шынықсаң шымыр боласың» Мақсаты: Оқушыларға ағза үшін шынығудың маңызы туралы әңгімелеу, түсіндіру. Сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттырып, алған білімдерін дамыту. Ағзаны күн сәулесімен, ауамен шынықтыра түсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: дене шынықтыруға арналған суреттер.

«Ас атасы-нан»

Мақсаты: Нанның дастарқанға қалай келетінін,оған көптеген адамдардың еңбек сіңіретінін түсіндіру.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз нанды қастерлеуге үйрету. Балалар өздері білетін мақа-мәтелдерімен бөлісті. Нанның бізге қалай келетінін білді.

«Тыйым сөздер»

Мақсаты: Білімділік: оқушылардың тыйым сөздер туралы түсінігін кеңейту, алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтау; тәрбиелік: қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу; оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, үлкеннен өнеге ала білуге үйрету; дамытушылық: балалардың сөздік қорын толықтыру, есте сақтау,ойлау қабілеттерін арттыру; коррекциялық: дұрыс сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге дағдыландыру. Балалар қазақтың тыйым сөздерінің астарында үлкен мағына жатқанын түсінді.

«Зерде интеллектуалды ойын»

Мақсаты: Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Оқушыларды шапшаңдыққа, зеректікке, топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа баулу.

Тақырыбы: «Алғысым шексіз»

Мақсаты: Алғыс айту туралы түсінік беру; үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту; әдептілік, кішіпейілділік, ізгілікке тәрбиелеу. Оқушылар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу. 

«Айналайын анашым»

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Оқушылар аналарына арнап ізгі тілектерін білдірді.

«Еңбек түбі береке»

Мақсаты: Оқушарды ақиқат, сүйіспеншілік мейірімділік, қайырымдылық, адал еңбек, өз - өзін сенімділік, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларға «еңбек» құндылығы туралы түсінік беру.
- еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру.
- еңбекке қызығушылықтарын арттыру.
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

«Ұлыстың ұлы күні-Наурыз»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзілік халықтардың Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру.

Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

«Наурыз» - қазақ халқының жаңа күн (жыл) мерекесі. Бүгінде Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері бұл мерекені тойлайды. Әрбір қазақстандық ғасырлар қойнауынан жеткен бұл мейрамның өткізілуі салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын білу қажет. Біздің мақсатымыз  осы  мереке жайлы айтып және оның Қазақстанның  қазіргі жағдайымен байланысты кейбір дәстүрлерін көрсету.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі