15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Табиғи сұрыпталу-эволюцияның бағыттаушы факторы
Ақпарлама
III тоқсан бойынша 3 «А» сыныпқа өткізілген сынып сағаттарының ақпарламасы.
3«А» сыныпта 26 оқушы бар. Ұл-12 , қыз-14
Қаңтар 2019 жыл
Тақырыбы: «Ата-анаңды сыйлау парыз»
Мақсаты:
жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың өмірдегі
рөлін анықтау, ата-ананы, отбасын
қадірлеуді, үлкенге-құрмет, кішіге ізет
көрсетуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
ата-ана, отбасы туралы суреттер,
мақал-мәтелдер.
Тақырыбы:«Сәлемдесе білемізбе!»
Мақсаты: Оқушыларды әдептілікке баулу, амандасуды үйрету. Сыйлауды, кішіні құрметтеуді, ана тілін ардақтауды,халықты, салт-дәстүрді құрметтеуге үйрету.Оқушылардың өзін-өзі басқару дағдыларын қалыптастыру, оқушы танымын, ақыл-ойын сөйлеу мәдениеті, әдеби шығармашылық қабілетін, ізденушілік қабілеттерін дамыту. Оқушыларды имандылыққа адамгершілікке,әдептілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Мақал-мәтел жазылған плакаттар, суреттер
Тақырыбы:«Ұлттық ойын туралы білемізбе?»
Сабақтың мақсаты: Халқымыздың ұлттық ойындарының қалай қалыптасқандығы, оның атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырғандығы туралы мағлұмат беру. Ұлттық ойын түрлерінің мазмұнын түсіндіре отырып, ойнату арқылы қызығушылықтарын арттыру. Ата бабамыздан бізге жеткен баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз ұлттық ойындар екендігін біліп өсуге, денсаулығын шыңдай түсуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: ұлттық ойындарға байланысты суреттер,шарлар.
Ақпан 2019жыл
Тақырыбы:«Шынықсаң шымыр боласың»
Сабақтың
мақсаты: Балаларға
денені шынықтырудың пайдасын,адамның
дені сау сергек болуына көмектесетінін
түсіндіру. Оқушыларды салауатты өмір
сүруге қызығушылығын арттыру.Спортпен
айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру
жаттығуларының әдістерін үйрену және
оларды қолдану.
Сабақтың
көрнекілігі:Доп,
себет,доға.
Тақырыбы: «Ас атасы -нан»
Мақсаты:
Оқушыларға
қасиетті тағамның бірі - нан екенін,
нанның дастарханға қалай келетіні
туралы түсінік беру.
"Ас атасы –
нан"екенін түсіндіру, дүниетанымын,
ой-өрісін, еңбекқорлығын, адамгершілігін
ояту және дамыту, нанды қастерлеуге,
ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай
білуге, еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың
көрнекіліктер: нақыл сөздер, сөзжұмбақ
тірек сөздер, кесте.
Тақырыбы:«Тыйым сөздер»
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру, әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: плакат, нақыл сөздер.
Тақырыбы: «Зерде интеллектуалдық ойын»
Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын арттыру, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету, оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекіліктері: Топ аттары жазылған қағаздар, қима қағаздар,үш бидің портреті, кері байланыс парағы, әріптер, тапсырма жазылған парақтар т.б.
Наурыз 2019жы
Тақырыбы:«Айналайын анашым»
Мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Сынып мерекеге сай әсем безендірілген шарлар, нақыл сөздер.
Тақырыбы: «Еңбек түбі береке»
Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, т.с. с.
Тақырыбы: «Ұлыстың ұлы күні –Наурыз»
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру, балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту, грамматикалық жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, шарлар.
.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген