400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға, тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ілеспе жазба

Модуль атауы: Бизнес негіздері

Топ : Р-011б, Р-013б, Пв-011б, Фт-011б

Сабақтың тақырыбы: №8. Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы


Жұмыс барысы

1. 8 тақырыпқа конспект жазасыздар

2. Видео сабақты көресіздер


Тақырып 8. Қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы


1.Бәсеке түсінгі мен түрлері, қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы.

2.Бәсекелік артықшылық пен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі және оған әсер ететін факторлар.

3.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау және бағалау әдістері.


Мақсаты:Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке мен бәскеге қабілеттілік түсініктерін беру

Негізгі терминдер:бәсеке,бәсекеге қабілеттілік


1. Бәсеке түсінгі мен түрлері, қазіргі жағдайдағы бәсекенің дамуы.

Бәсеке – объективті және субъективті қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бәсекелестермен күресте жеңіске жету мақастында субъектінің өзінің бәсекелестік артықшылықтарын басқару үрдісі.

Бәсекені зерттеуші ғалымдар оны келесі үш аспектіде сипаттайды:

1) мінез-құлық (іс-әрекеттік);

2) құрылымдық;

3) функционалдық.

Бәсеке 3 жақты рөл атқарады.

1)Бәсекелестіктің арқасында өндіріс пен айналымның қалыпты жағдайы бекітіледі.

2)Нарықтық бәсекелестік барлық жаңаға, озық үлгіге жол ашады.

3)Барлық тиімсіз және артта қалған шаруашылықтар нарықтан ығыстырылады.

Бәсекелестіктің негізгі қағидаларына келесілер жатқызылады:

1)жарыспалылық;

2)адалдық;

3)заңдылық;

4)тұтынушылардың құқықтарын сақтау.

Бәсекенің функциялары:

1)Реттеуші функция.

2)Орналастыру функциясы.

3)Инновациялық функциясы.

4)Бейімдеу функциясы.

5)Үлестіру функциясы.

6)Бақылау функциясы.

Экономикалық сферада барлық түрлі бәсекелік қатынастар 3 деңгейде жүзеге асырылады:

1) микродеңгей- жекелеген өнім түрлері, өндіріс, кәсіпорындар деңгейіндегі бәсекелестік қатынастар;

2) мезодеңгей – кәсіпорындардың салалық бірлестіктері, салалар арасындағы бәсекелік қатынастар;

3) макродеңгей –экономика немесе мемлекет деңгейіндегі бәсекелік қатынастар.

Бәсекені бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады:

1) жеке-дара;

2) жергілікті;

3) салалық;

4) ұлттық;

5) халықаралық.

Бәсеке тікелей немесе жанама болуы мүмкін.

Тілекей бәсеке – бір өнім түрі немесе сауда маркасы ішінде болатын бәсекелік күрес.

Жанама бәсеке – бәсекелік күрес әртүрлі санаттағы өнімдер арасында орын алады, бірақ сатып алушылық таңдау кезіңде баламалар ретінде әрекет етеді.

Даму сипаты бойынша бәсеке еркін және реттелетін болуы мүмкін. Бәсеке жүргізу әдісі бойынша бағалық және бағадан тыс болып бөлінеді.

Бағалық бәсеке – баға жөнінде және бағаны көтеру, арттыру және төмендету көмегімен жүргізілетін бәсекелік күрес. Бағалық бәсекеге келесі факторлар жатқызылады:

-сапа, жаңашылдық, дизайн, прогрессивтілік, халықаралық стандарттарға сәйкестілік, техникалық қызмет көрсетудің сервисі жатқызылады.

Бәсекенің нарықтағы иеленетін үлесіне байланысты олигополиялық бәсеке және таза монополия болып бөлінеді. Олигополиялық бәсеке – нарықтың едәуір бөлігін бақылайтын бірнеше ірі кәсіпорындардың бәсекелік күресі. Таза монополия – берілген өнімді өндіретін тек бір ғана жеке фирманың болуын және ол өнімді ауыстыратын басқа өнімдердің болмауын айтамыз.

Майкл Портер нарықтағы бәсекенің жағдайын 5 бәсекелік күшпен сипаттаған:

1) Бәсекелесуші жүйелер арасындағы бақталастық;

2) Баға бойынша бәсекеге қабілетті және ауыстыруышы-тауарлар жағынан бәсеке;

3) Жаңа бәсекелестердің пайда болу қауіп-қатері;

4) Жеткізушілердін саудалық қабілеттері мен экономикалық мүмкіндіктері;

5) Сатып алушылардын саудалық қабілеттері экономикалық мүмкіндіктері.




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.11.2020
695
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі