400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тамшыбұлақ 11 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қасиетті Тамшыбұлақ туралы мәліметтерді жинақтап, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер, жарнама түрінде ұсыну.
Материалдың қысқаша нұсқасы
  • 1Авторы: Марсамбаева Райхан Макеновна

  • ААлматы облысы Талдықорған қаласы. «А.С.Макаренко атындағы №6 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі

  • ҚҚысқа мерзімді жоспар


Мектеп: №6 ОМ

Пәні: Қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Марсамбаева Р.М.

Сынып: 11 «Б»

Қатысқандар: 14

Қатыспағандар: 1

Сабақтың тақырыбы

Тамшыбұлақ – Жетісу таңғажайыбы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары

Қасиетті Тамшыбұлақ туралы мәліметтерді жинақтап, тақырып бойынша постер, сызба-кестелер, жарнама түрінде ұсыну.

Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді оқып, ортақ қорытындылар жасау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы орындай алады: топ мүшелерінің қолдау көрсетуі арқылы постер, сызба-кестелер, жарнама жасай алады және бағыттаушы сұрақтарға жауап бере алады.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады: тақырыбына қатысты қарапайым сөздер мен кейбір күрделі тіркестерді түсініп, мәселеге қатысты ойларын жеткізе алады;

Кейбір оқушы орындай алады: ұтымды ойлар айта алады, астарлы мағынаны таниды және тақырыпты өмірдегі жағдаяттармен байланыстыра алады.


Бағалау критерийлері

Мәселеге қатысты ойларын жеткізеді, постер, сызба-кестелер, жарнама жасайды.

Тақырыпты өмірдегі жағдаяттармен байланыстырады.

Тілдік мақсаттар


Лексикалық минимум: шипалы, шипажай, бұлақ, тамшы, ғажайып

Сөйлеу мәдениетін жетілдіру үшін қолдануға ұсынылған тілдік оралымдар: менің ойымша, біріншіден, қорытындылай келе т.б.

Құндылықтарға баулу

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру. «Туған жер» бағдарламасындағы идеялар ішінара іске асырылады.


Пәнаралық байланыс

Тарих, география, қазақ әдебиеті

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Интербелсенді тақта аудиовизуалды материалды демонстрациялауға қолданылады. Оқушылар онлайн сөздікпен жұмыс істейді, интернет мүмкіншіліктерін пайдаланады.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Жетісу өлкесіндегі көрнекті жерлер туралы түсініктері бар.



Жоспар

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттері


Дереккөздер

Сабақтың басы

3-5

Сан ғасыр мен дәуірлерді өткерген,

Тарлан тарих, өмір жайлы толғашы.

Адамзаттың киянатын көп көрген,

Тамшыбұлақ — Жер-Ананың көз жасы…

1.Психологиялық ахуал тудыру

2. Қызығушылықты ояту. Бейнематериал көру «Тамшыбұлақтың емдік қасиеті»

3. Мұғалім сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, сабақта орындалатын жұмыс түрлерімен таныстырады.









https://www.youtube.com/watch?v=KFxgA0sNit4

Сабақтың ортасы

3-5



















15-20







































7-8

І. Мәтіналды жұмыс.

1.Сөздік ( жаңа сөздерді мағынасымен сәйкестендіріп, орыс, ағылшын тілдеріне аударып жазады)

Жаңа сөздер

Сәйкестендіру бағаны

Мағынасы, синоним

1.Шипалы


А.Керемет, таңғажайып, тамаша, қасиетті, киелі

2.Шипажай


Б.Мөлдір су, су тамшысы, жаңбыр тамшысы

3.Бұлақ


В. Емдік қасиеті бар, дертке шипа, дертке дауа, кәусар, табиғи шипасу

4. Тамшы


С. Емдеу-сауықтыру мекемесі. Санаторий (лат. sano — емдеймін, айықтырамын)

5.Ғажайып


Д. Жер бетіне шығып жатқан табиғи жер асты су көзі. Көз, бастау, қайнар, тұма

КІЛТІ:1-В, 2-С, 3-Д, 4-Б, 5-А

ІІ. Мәтінмен жұмыс кезеңі.

1.«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдісі арқылы жұмыс жасау. Оқушыларға тақырып бойынша шығармашылық жұмыстар ұсынылады.

1-топ

Оқушылар Тамшыбұлақты туристтерге жарнамалау үшін «Ғажайып бұлақ» тақырыбында буклет әзірлейді.

Б уклеттің мазмұны бойынша нұсқаулық:

  • атауы;

  • жету жолы;

  • емдік қасиеті.



2-топ

«Сезім тербеткен өлке» тақырыбына мазмұнды сызба дайындайды.

Мазмұны бойынша нұсқаулық:

  • тамшылар сыры;

  • зерттеушілер;

  • аңыз.

3-топ

« Шипалы бұлаққа саяхат ізімен» атты саяхат картасын жасайды ( Тамшыбұлаққа саяхаттан естелік)

2. Топтық жұмыстың өнімін қорғау .

«Галереяға саяхат» әдісі арқылы өзге топтарға мәтінді 1 оқушы түсіндіреді.

Мәтінсоңы жұмыс.

3. Айтылым. Әр топ өз материалдары бойынша 2 сұрақ құрап, келесі топтарға қояды. ( бірін бірі тексеру жүзеге асырылады)

4. Зерттеу жұмысы. « Кәусар бұлақтың» сырлары. Ященко Татьяна


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискрипторлар

Мәтіндегі ақпаратты постер, сызба-кесте арқылы жеткізеді.

1

Мәліметтерді жинақтап, тақырып бойынша постер, кесте-сызбаға түсіреді.


2

Тамшыбұлақ туралы баяндайды, сапардың жағымды жақтарын атайды.

Мәліметтерді оқып, ортақ қорытындылар жасайды.

3

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, ойын білдіреді.







Таратпа қағаздар























« Жер жаннаты - Жетісу» энклопедиясы

Сабақтың соңы

5-7









3-5



3-4

Кері байланыс. Ойтаразы.

Think wane (синквейн) 5 жолдық өлең
• Бірінші жол- тақырып атауы;
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау – белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын сөйлем.

Мұқағали Мақатаев. «Отан туралы» (жыр марафоны)

Рефлексия. «3Т» Таныс. Таныс емес. Таңғаларлық

Оқушылар ой тамшыларын қағаздарға жазып береді.

Мұғалімнің қорытынды сөзі

«Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс»

Елбасы Н. Назарбаев

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы

Үй тапсырмасы:

«Таңғажайып Тамшыбұлақ» тақырыбына эссе жазу.



Қосымша ақпарат

Саралау

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданылады. 

Деңгейі жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беремін.

Топтық жұмыс кезінде қабілеті төмен оқитын оқушылар жақсы оқитын оқушылардан үйренеді. Қабілеті төмен оқушыларға мұғалім ұсынған сұрақтар сұхбатқа қатысуға көмектеседі.



Бағалау

Сабақта дискрипторларға негізделген жүйеде бағаланады.

  1. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.

  2. Оқушының кері байланысы.

Рефлексия айтқан пікірлерінен ақпарат аламын.

Топтағы талқылауларды, жұмыстарының мазмұнын бақылаймын.



Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты әдіс-тәсілдерді таңдап алдым.

Оқушыларға табысты оқу үшін жағымды жағдай жасалды.







































Теңізге тамдым тамшы боп... Тамшыдан жиналып дария болар.



















Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискрипторлар

Мәтіндегі ақпаратты постер, сызба-кесте арқылы жеткізеді.

1

мәтіндегі негізгі мәліметтерді сызбаға түсіреді;


2



3

Тамшыбұлаққа барғаны туралы баяндайды, сапардың жағымды жақтарын атайды.

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, шағын диалогке қатысады.



































































Сөздер

Білдіретін мағынасы, синонимі

иелену

еншілеу

құрмет көрсету

қошемет, сый

артта қалу

соңында қалу

жүлдегер

жеңімпаз

ұлықтау

құрметпен атап өту

жүлде

медаль

тарапынан

жағынан

есептемеу

қоспау

алдыңғы

озық

атқарушы

жүзеге асырушы

бедел

абырой, мәртебе

жақсы көру

сүю, ұнату




Сабақ бойынша өзіндік талдауым: 

Сабақ жоспарын жеті модульді ықпалдастыра отырып құрдым. Сынып оқушыларын ауыз әдебиетінің озық үлгілерін ала отырып,үш топқа біріктірдім.Топтық жұмыстың ережесін қайталай отырып, орындарын ыңғайлап сайлап алуына жағдай жасадым.Табыс критерийін анықтай отырып, басталған сабағым диалогтік оқыту әдісін қамтыды. Оқушылар сабақта не істейтініміз жөнінде айтты.Олардың жауабына өз үлесімді қоса отырып, қосымша ақпараттарды да қостым. Үй жұмысы «Серпілген сауал» допты оқушыларға лақтыра отырып, жауап алудан басталды. Бұл ойынды дөңгеленіп, тұрып орындадық. Алдыңғы тақырыптың толық меңгерілгені айқындалды. Оқушылар Жеті ата- жеті байлық өлеңдері бойынша ұнаған шумақтарын жатқа айтып, «жеті» санына байланысты мақалдарды көптеп орындады. Оқушыларға формативті бағалауды қолданып, мадақтама, қолпаштау білдіріп отырдым. Сыныптағы А деңгейіндегі Н. оқушы мен В деңгейіндегі А. деген оқушылар белсенділік танытты. С деңгейіндегі О. Атты оқушым, жоғарғы деңгейдегі мақалдарды айтса, С пен С атты оқушылар жеті атасын жазып әкеліп таңқалдырды. өткен сабақ осылайша қорытындыланып, жаңа сабақты видеоролик қараудан бастадық. Бұл жерде ой шақыру сәтін АКТ –ны қолдана отырып, уақытты үнемдеп, әрі танымдық қабілеттерін шыңдадым деп есептеймін.Ролик арқылы бата ұғымын қалыптастырдым. Бата қай кездерде беріледі? Деген сұрақтарға С. Есімді оқушым, алыс сапарға аттанған кезде десе, З. есімді оқушым екі жас үйленгенде деген жауап қайырды. А. есімді оқушы дастарханға берілетін бата болады десе, Ж. есімді оқушы бесіктегі балаға берілетін бата түрі болады деп нақтылады. Бата сөзіне нақты сауатты түрде түсінікті өзім беріп, ережесін түсіндірдім. Жаңа тақырыппен күн жадын жаза отырып, оқулықтағы мәтін мен оның авторына тоқталуды жөн көрдім. Авторы туралы түсінікті оқулықтан оқыды, интерактивті тақтадан қосымша мәлімет алды. Ол жұмысты жұпта талдады. Жұптық жұмыста Д. атты оқушым ешқандай түсінігін айтпай, көршісінде тыңдамай отырды. Сабаққа немқұрайлы қарап отырды. Жұптық жұмысты талдай отырып, оқулықтағы мәтінді мәнерлеп, нақышына келтіре тізбектеп оқу жұмысын жүргіздім. Сынптағы З. Ж. С. О. А. Ә. Есімді оқушылар өте жоғарғы деңгейде мәнерлеп оқып берді.Астанаға берілген ақ батаның мән-мазмұнына тоқталып, жіктеп , талдадық. Содан соң шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Оқушылар топта жұмыстанды. «ертеңгі Астана» туралы мәліметтерді ресурс парағынан ала отырып, постерге орналастырды. Әр топ өз спикерлерін сайлап, олар түсіндіру жұмыстарына дайындалды. Берілген уақыт аяқталған кезде топ жұмыстары қорғалды. 1-топта спикер: З. аттты оқушы, 2-топта Д. атты оқушы, 3-топта О. атты оқушы топтың жұмысын жақсы жеткізді.Әр топтың жұмысы «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» бағалауы арқылы жүзеге асырылды. Бұл жерде балалар, жай сөйлеммен ғана қысқа қайырған. Осы жерде оқушылардың кең ауқымды, жан-жақты талдауға үйрету керектігін өзіме түртіп алдым. Бұл жерде 2- топтан таңдалып тұрған спикер Д. оқушының дауысы жай болатын. Дауысының жай екенін ескертіп, бірнеше ұсыныс жазылыпты.Постерді қорғаған соң, сабақты қорытындылауға арналған сұрақтарға жауап берді. Қорытынды сұрақтарға белсене жауап берген С. А. М. Б. Д. есімді оқушылар. Әр топтағы оқушыларды бағалаушылардың кестесіне сай бағасын қойдым. Сабаққа қатысқан 24 оқушының 15-і бағаланды. 10 оқушы «5» деген баға алса, қалғаны «4» деген бағаға ие болды. Үйге тапсырмаға бата сөзді жаттау берілді. Рефлексияға «Сабақ соңындағы сезімім» атты баспалдақ арқылы кері байланыс ұйымдастырдым. Барлық бала жоғары сатыда орналасқан баланың қасына барып тұрды. Сабақ соңында С атты оқушы бата беріп, сол батағы барлығы қол жайды.
Бұл сабақты барлығы меңгерді деген қорытындыға келдім. 


Сабақ бойынша өзгертулер:

Келесі сабақта «Галерея» әдісін жеңіл тақырып бойынша алуды ұйғардым.

































Бағалау критерийі

Тапсырма

Дискрипторлар

Мәтіндегі ақпаратты постер, сызба-кесте арқылы жеткізеді.

1

Мәліметтерді жинақтап, тақырып бойынша постер, кесте-сызбаға түсіреді.


2

Тамшыбұлақ туралы баяндайды, сапардың жағымды жақтарын атайды.

Мәліметтерді оқып, ортақ қорытындылар жасайды.

3

Берілген сұрақты дұрыс түсініп, ойын білдіреді.















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 мамыр
628
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі