400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тамырын жайып тереңге 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектеп : Ақтоған орта мектебі Мерзім:  сабақ :  14

Мұғалім:  Аралбаева А.Е.  Сынып: 7 «А» Оқушылар саны: 20

Тақырып: Тамырын жайып тереңге

Құндылық:  Дұрыс әрекет

Қасиеттер: сыйластық, мейірімділік, татулық

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасылық өмірдің маңыздылығын түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеттері:

Отбасындағы сыйластықтың адами қарым-қатынастағы мәнін аша отырып, татулық, мейірімділік қасиеттері туралы түсінік беру;

Оқушылардың бойында сыйластық дағдыларын дамыту;

Отбасы тәрбиесінің мән маңызын ашып, сүйіспеншілікке, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(интерактивті тақта, кітап, дәптер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Жағымды көңіл-күйге келу.

Жайлы, баяу музыка қойылады. «Нұрға бөлену»

Үй тапсырмасын тексеру. Жаңа сабаққа алдын-ала берілген дайындық жұмысы.

«Боз орамал» әңгімесі П.Джон

Сұрақтар:

1.Не себептен тақырып «Бозорамал» деп аталады?

2.Баланың іс -әрекеті дұрыс деп есептейсіңдер ме?

3.Ата–ана мен баланың арасындағы сағынышты қалай байқауға болады?

4.Жігіттің отбасына деген сезімінен не байқалады?

5.Сенің өміріңде отбасыңның алатын орнықандай?

6.Отбасының негізі неде деп ойлайсыңдар?


Дәйексөз

«Баланың өскен бесігі - кең дүниенің есігі» - Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді ұлдарға 1 рет, қыздарға 1 рет оқытып, мағынасын ашу. .


Әңгімелеу  «Ақылды ана» туралы өсиет әңгіме

Сұрақтар:

1.Жас Ана өз балаларын неге үйретті?

2.Неге Періште «соңы басына қарағанда жақсы болады» деді? Онда қандай мән жатыр?

3.Балалар қиындыққа қалай төтеп береді?

4.Ер жеткен балаларының бойынан нені байқадыңыз?

5.Қарт анаға балалары өз ризашылықтарын қалай білдірді?

6.Сендер ананың бойынан қандай қасиеттерде көрдіңдер? Айтып берші.

7.Сендер аналарыңды қандай бейнеге ұқсатасыңдар? Ананың бейнесін сипаттаңыздар.


Шығармашылық іс-әрекет, топпен жұмыс.

Оқушылар түсті дөңгелктер бойынша үш топқа бөлінеді.

Оқушыларға шығармашылық жұмыс үшін бүгінгі сабақтағы тақырып ұсынылады.

Бірінші топ: «Отбасы» деген сөзге сөзжұмбақ құрастыру.

Екінші топ: Адамның жақсы қасиеттері туралы мақал-мәтел жазу.

Үшінші топ: «Мейірімді бала» тақырыбында отбасындағы сыйластықты көрсететін, бір-біріне деген риясыз сүйіспеншілікті жағдаятты сахналау.


Музыка және топпен ән айту «Әке-ана» әні

Жанашырым ана дара шыным ана

Бар асылым анна шуағымсың

Бағбанымсың әке зұрбағымсың әке

Қорғанымсың әке шырағымсың

Ана аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана мен сені Меккеге апарамын

Ана баланың қолдаған бақ талабын 

Бұлағымсың

Әке бір жылы сөзіңе шаттананым

Әке мен сені Меккеге апарамын

Әке биекке самғатып баптағаның

Шынарымсың әке

Өмір берген маған, көңіл бөлген маған

Сенім берген ай күнімсің

Қамқорларым дана сүйенішім дара

Әке мен ана байлығымсың

Ана аяулым өзіңмен мақтанамын

Ана мен сені Меккеге апарамын

Ана баланың қолдаған бақталабын 

Бұлағымсың

Әке бір жылы сөзіңе шаттананым

Әке мен сені Меккеге апарамын

Әке биекке самғатып баптағаның

Шынарымсың әке



Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 65 бетіндегі 15 сабақта берілген Р.Акдемір «Ана махаббаты» әңгімесін оқып келу.

2. «Отбасыма алғыс» атты эссе жазып келу.


Сабақтың қорытынды сәті.

Бүгінг ісабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге сақтап аламыз. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі