Ашық сабақ Тантамареска театры "Мақта қыз бен мысық" ертегісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Тантамареска театры "Мақта қыз бен мысық" ертегісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйымдаға балаларға театрдың өзге бір түрін сомдауға үйртеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымы: «AZIM» бөбекжайы

Топ: «Балдырған» ортаңғы тобы

Жасы: 3 жас

Тәрбиеші: З.М.Меңдіханова

Үйірме жұмысының тақырыбы: Тантамареска театры «Мақта қыз бен мысық»  ертегісі
Мақсаты: Балаларға ертегіні түсіндіріп айта отырып ертегі кейіпкерлері туралы түсініктерін кеңейту , негізгі ойды, идеяны ұғындыру, балалардың сөзді анық айтып, дұрыс сөйлей білуге баулу.Топпен жұмыс жасай білуге, өзіндік жұмыс істеуге, ойлауға үйрету. 

Сын тұрғысынан ойлауын, сөздік қорларын, тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.Ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Ұқыпты жұмыс жасауға , тазалыққа, ұйымшылдыққа , алға қойған мақсатына жетуге, бастаған ісін соңына дейін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Қолданылған әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,сұрақ -жауап, сахналату, көрсету, көрнекілік.

Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру.

Оқыту құралдары: Фетрадан жасалған кітапшалар, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, қазақи нақыштағы заттар, үнтаспа, интерактивті тақта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолданылатын технологиялар:Триз,ойын технологиясы.

Сөздік жұмыс:құйрығын жұлып алды.

Оқу қызметінің жүру барысы:

Медина: Бүгін қаладан немерелерім келушң еді. Соларға арнап етімді асып,бауырсағымды пісіріп дастарханымды жайнатып қойдым. Күндерім сол, әжелерін қатты сағынған шығар.

Мұхаммад пен Лолахан: әже, әже сізді қатты сағындық.

Медина: Құлындарым, сол қалдерін қалай, қарындарын ашқан шығар, келіңдер дастарханға, жолдан келдіңдерғой бауырсақтан алыңдар.

Мұхаммад пен Лолахан:әже, әже ертегі айтып берініші.

Медина:Құлындарым, сол сендерге арнап ертегі дайындап қойдым, келіңдер, менің жаныма.

Қараңдаршы, қандай ертегілерім бар, «Шалқан», «Бауырсақ», «Үйшік», «мақта қыз бен мысық» ертегісі, қай ертегіні айтып берейін.

Мұхаммад пен Лолахан:әже, «Мақта қыз бен мысық» ертегісін айтып беріңізші.

Медина: жарайды, құлындарым, олай болса тыңдандар.

Медина: Ертеде Мақта қыз деген қыз болыпты. Мақта қыздың жақсы көретін мысығы болған екен, бір күні Мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады. Бөлісіп жемек болып Мақта қыз мысығын шақырады:
-Шахмина:Мысығым, мысығым! Ау, мысығым, мысығым! - деп.
Мысық күннің көзінде маужырап ұйықтап жатқан түрі Мақта қызға баруға ерінеді. Мақта қыз мысығы келмеген соң, мейізді өзі жеп қояды. Біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық Мақта қызға келеді.
Мирас:Ия, Мақта қыз, мені неге шақырдың? - дейді.
Шахмина:
- Шақырғанда келмегенсің, енді айтпаймын! - дейді
Мысық:
Айтпасаң, мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын! - дейді
Шахмина:Мақта қыз:
Ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын! - дейді.
Сонымен мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.
Біраз уақыт өткен соң мысық Мақта қызға келіп құйрығын сұрайды.
Мақта қыз: Менің қатығымды төле! -дейді.
Мысық Мирас: сиырға барады.

-Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Айзере Сиыр:- сен, сүт өнімдерінен қандай тағамдар дайындауға болады білесің бе? Ата.

Мирас: Сүт пайдалы тағам. Сүт дәрумендерге бай. Сүттен ірімшік, қаймақ, құрт, май, қымыз, шұбат, көже жасауға болады.

Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! - дейді.

Жапырақты қайдан аламын?

Ағашқа барып көрші.
Мысық ағашқа барып: -Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! - дейді.

Ағаш: - Мен шаршап тұрмын.

Ағаш, сен шаршама кел, менімен жаттығу жасап серігіп қал.

Ал, балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп,

Бір отырып бір тұрып.

Бойымызды созайық.

Белімізді жазайық,

Оңға оңға түзу тұр,

Солға, солға түзу тұр,

Жоғары- төмен қарайық,

Қолымызды созайық

Бойымызға күш жинап,

Бір шынығып алайық.

Мысық мен шөлдеп кеттім ғой,су әкеліп берсең, мен саған жапырағымды беремін.

Мирас:

Мысық суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.

- Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! - дейді. Мысық судың пайдасын білесің бе?

Мирас: су тіршілік көзі табиғи ресурс. Су түссіз, иссіз, пішінсіз. Сусыз адамдар да, жануарлар да, өсімдіктер де, тіршілік ете алмайды. Су пайдалы.

-Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, - дейді. Мысық дүкенге барады.

- Дүкенші, дүкенші, маған сағыз берші! -дейді.

Мысық менің жұмыртқаларымды санауға көмектесесін бе?

Жарайды дүкенші, санап берейін.

Мысық дүкеншіге жұмыртқаларын 1- ден 5- ке дейін санап береді.

Ой менің жұмыртқаларым азайып қалыпты ғой.

Дүкенші: - Мысық маған жұмыртқа әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін. Мысық тауыққа барады.

- Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! - дейді.

Мысық, сен жаңылпаш білесің бе, айтып бер.

Үйір, үйір балапан,

Үйірге кім үйретті.

Үйір, үйір балапан,

Үйірге өзім үйреттім.

Тауықтар: - Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, - дейді. Мысық: «Енді не қыламын?» - деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанға бас салады. - Жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? -дейді. Тышқан қорыққанынан: - Үйімде бір табақ тары бар, - дейді. Мысық: - Маған бір уыс тары бер, - дейді.

Мысық сен менің оюларымды безендіріп берсең, мен саған тары беремін.

Әжей: Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді; мысық тарыны апарып тауыққа береді, тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді; дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді; ағаш жапырақ береді; жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді; қатықты апарып Мақта қызға береді, Мысық, сен тышқан мен мысық ойының білесің бе?

Мысық: Ия білемін

Мақта қыз: Сен, мені мен ойнасаң, мен саған құйрығынды қайтарамын.Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегіні сахналайды.

Түсінеді: Ертегі кейіпкерлерінің сөздерін нақышына келтіріп айтады.

Жасай алады: Ауызекі сөйлеу,ойын еркін жеткізу дағдысын қолданады.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі