400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ Таным білім беру саласы.Бөлімі жаратылыстану. Тақырыбы: Уй жануарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
шағын орталық тәрбиешілері үшін өте қажет.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы; Таным.Жаратылыстану

Тақырыбы; Үй жануарлары

Мектеп: «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» КММ.


Күні: 6.11.19ж

Мұғалімнің есімі: Рахметова Разия Байтукешевна

Шағын орталық «Балдырған» ортаңғы тобы.

Қатысқандар саны: 17бала Қатыспағандар саны: 3бала

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

.Үй жануарлары және төлдері туралы толық мағлұмат беру,олардың тіршілік ету ортасы,ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту,тілдерін жетілдіру және қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Қойылған сұрақтарды тыңдайды,түсінеді,дұрыс қабылдайды,дұрыс жауап бере отырып,түсінгенін көрсете біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: көрнекіліктерге қарап дұрыс жауап бере алады.Оларды дұрыс байланыстыра алады.

Кейбір оқушылар: Сурет бойынша сөйлем құрай алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:Тақырыпқа қатысты сөздерді орынды қолданады,үй жануарларын төлдерінен айыра біледі, сипаттайды.

... (істей) алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Корова - сиыр,түйе - верблюдь,ешкі - козел

Алдыңғы тақырып


Жоспар

Жоспарланған

Уақыт 20 минут.


Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Магнитті тақта

Көрнекіліктер.

Қиылған суреттер.

Ән әуен.

Басталуы





Шаттық шеңбері

Күннің көзі ашылып,көкке шуақ шашылып,

Құтты қонақ келіпті,төрімізге еніпті,

«Сәлем» бердік үлкенге,

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Музыка ойналады.Шопан ата атқа мініп келеді.Амандасады.Балалар сендерге жақсы жаңалығым бар,көрші ауылда сайыс өтеді «Кім көп біледі,кім көп айтады» Білгіш адамға жақсы сыйлық береді,соған қатыссам,сендердің көмектерің қажет.

Балалар бір ауыздан қолдай кетті.


Ортасы









Шығармашылық сәт;

Балалар үй жануарлары туралы білетін тақпақтарын айтып,сол жануар суретін тауып тақтаға іледі.

жылқы

Жылқы деген бір мал бар,жігіттердің ырысы

Қымызын ішкен жарлының,бай кісідей тынысы.

Қошақан

Қой қозысы қоңырым,тәртіп бұзбас момыным,

Кепе бопты қошақан,бұйрасын қара тонының.

Құлыншақ

Жібек жолды құлыншақ,бөкен санды құлыншақ,

Құндыз жүнді құлыншақ,қоңырау үнді құлыншақ.

Бұзау

Әукім,әукім,әукешім,қасиыншы әукешін

Сүйсін сен маған сүйеніп,қасы деп тағы әуре етсен.

Дұрыс айтасыңдар балалар,қандай қызықты өлең жолдары,олай болса тақтадағы көрнекіліктерге көз жүгіртейік.Біздің келесі тапсырмамыз;

Сәйкестендіру.

Балалар жұптасып магнитті тақтадағы үй жануарларын

төлдерімен сызу арқылы сәйкестендіреді.Келесі тапсырма;

«Суретшінің қатесін тап»

Келесі екі жұп тақтаға шығып суреттегі қатені түзейді,яғни қиылған үй жануарларының суреттерін дұрыс орналастырады.


Сергіту сәті.

Келесі тапсырма; Ұйқасын тап.


Қы қы қы жүйрік екен - жылқы

Кі кі кі сүзеген ғой - ешкі

Із із із сиырда бар - мүйіз,

Та та та үлкен көзді- бота.


«Сипаттап бер» ойыны.


Балалар жұптасып ойыншық арасынан үй жануарларын төлімен тауып,оны сипаттайды,алатын өнімдер жайлы атап береді.


Келесі жұптар үстел үстіндегі карточкаларды іріктеп,жануарлардың пайдасы және олардан алынатын өнімдер,тоқыма бұйымдар,ұлттық тағамдар көрсетілген

карточкаларды тақтада ілінген тиісті бағаналарға орналастырады.


Топтық жұмыс


Балалар екі топқа бөлініп берілген тапсырманы топтасып орындайды.

Тәрбиеші балалардан бір сәт көздерін жұмып атамыздың ауылын,яғни жайлауды қалай елестететіндерін сұрайды.

-Ал енді көздеріңді ашып сол елесті қағаз бетіне түсірейік.

- Балалар топтасып қағаз бетіне жапсыру арқылы композиция құрайды және жайлау туралы өз түсініктерін айтып береді.

- Қойшы ата балалар біліміне ризашылығын білдіріп,қоштасып шығып кетеді.

- Балалар,бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма? Балалар өз ойларын айтады


Аяқталуы







- Балалар, шеңберге тұрып,бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз.

Балдай тәтті баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Ойынменен өседі,

Ойымызбен,санамыз.

Қол ұстасақ бәріміз,

Жарасады сәніміз.

Көріскенше күн жақсы,

Сау болыңыз бәріңіз.


Тіл ұстарту жаттығуы

Бағалау. «Бас бармақ» әдісі


Пəнаралық байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Қоршаған орта,математика.

Рефлексия


Үй жануарлары,олардың адам өміріне пайдасы жайлы толық мағлұмат алды

Көңілді,жақсы.

Тиімді болды

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

2:қызығушылықтарын ояту дағдылары.

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: топтық жұмыс, жұптық жұмыс,суретті құрастыру.

2: күйді ойнатып,атқа отырып қойшы атаның келуі.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетінін ( білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
9 қаңтар
489
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі