400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Таным Мектепке дейінгі балалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Квест (ағылшынша Quest – «іздеу, іздеу пәні, шытырман оқиғаны іздеу») - мақсатқа жету жолында бірқатар проблемалар мен қиындықтарды жеңу арқылы өтетін сюжет түрі (әдеби, компьютер, ойын). Квест – технологиясының негізі тұлғаға бағытталған және әрекетке негізделген тәсілдер болуы керек. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың эмансипациясын, шығармашылық дербестігін және белсенділігін ынталандырады. Осылайша, балаларға қолайлы және эмоционалдық жағдайына ықпал етеді, ізгі ниет атмосферасын және жайлы атмосфераны орнатады. Сонымен қатар, квест процесі кезінде балалар ақпаратты енжар қабылдамайды, ал, оқу процесіне белсенді қатысады. Қорытындылай келе, квест технологиясын қолдану тәрбиеші мен балалардың өзара әрекеттесуінің инновациялық түрі болып табылады және тәрбиеленушілердің жеке қасиеттерін дамыту үшін білім беру кеңістігінің ауқымын айтарлықтай кеңейте алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру.

Жаңа технологиялар: Квест технологиясы, жырту әдісі,

Тақырыбы: «Логикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту»

Мақсаты: Балалардың сенсорлық қабылдауларын дамыту, геометриялық фигуралар, салыстыру, ақыл-ой белсенділігі күшейту, шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту,сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру. Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу

Керекті құралдар: Әр-түрлі пішіндер, аудиожазба, тақырыпқа байланысты суреттер,.т.б

Әдіс – тәсілдер: шаттық шеңбері, түсіндіру, сұрақ – жауап, Квест технологиясы, дидактикалық ойындар, логикалық сұрақтар.


Оқу іс-әрекет кезеңі

Педагогтың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық кезең

 

Шаттық шеңбері

Бірге қол ұстасайық,
Үлкен шеңбер жасайық,
Бір-бірімізге күлім
деп,          
Мәңгі дос болайық.

Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды

Ұйымдастырушылық – ізденушілік

Осы кезде есік қағылады.

-Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

-Қараңдаршы, бізге қонаққа кім келді?

Аудиожазба

“Салеметсіздер ме ,балалар! Мен сендерге шарлар алып келдім. Ол шарлардың ішінде тапсырмалар бар. Егер ол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, менің сендерге тәтті сыйлығым бар. Тапсырмаларды орындайсыңдар ма?»

Тәрбиеші: 

-Қараңдаршы шарлардың түстері қандай?

-Қай түсті таңдайсыңдар?

-Кәне тыңдайықшы, ішінде бірнәрсе бар сияқты. Жарып көреміз ба?

-Олай болса, сол тапсырмаларға жол табайық.

Балалар қараңдаршы жерде тапсырмаларға жетуге арналған жолдар бар екен.


  Дымбілмес.  

Балалар: Салеметсіз бе,

    

Иә



Жасыл, сары, қызыл

  Сары түсті шарды

иә 

Ұйымдастырылған іс-әрекет

 

1-ші тапсырмаға бару үшін сары үшбұрыш жолмен жүру керек.

-Балалар жерде де түрлі түсті шарлар жатыр екен.

-Кәне онда қандай тапсырма бар екенін көрейік.

«Алманы түсіне қарай топтастыр» (аз көп ұғымы)

2-ші тапсырмаға бару үшін қызыл шаршымен жүреміз.

Үстел үстінде қызықты тапсырма тұр екен.

Кәне бұл тапсырманы орындап көрейік.

«Кім зейінді» (пішіндерді топтастыру)

3-ші тапсырмаға бару үшін көк шеңбермен жүреміз.

«Логикалық сұрақтар»

Ал Дымбілмес, біз тапсырмаларды орындап болдық

«Аудиожазба»

Дымбілмес: Жарайсыңдар балалар, ақылды екенсіңдер.



Сары үшбұрышты көрсетеді

  Қағазды қызығушылықпен жыртады

 Сары үшбұрышты тауып, сол жолмен жүреді











Қызыл шаршыны көрсетеді













Көк шеңберді көрсетеді

Қара қораптан шыққан түрлі логикалық сұрақтарға жауап береді

Рефлексиялық –түзетушілік

-Балалар бізге қонаққа кім келді?

-Сендерге сабақ ұнады ма?

-Олай болса, кімге қандай тапсырма ұнады, сол тапсырманың астына бір шарды орналастырыңдар.

Енді Дымбілместің сыйлығын ала қойындар

 Дымбілмес

Иә



Күтілетін нәтиже:

Жаңғыртады: заттың кеңістікте орналасу ретін түсін,пішінін ажыратады.

Түсінеді: "ұзын-қысқа", "аз-көп" ұғымдарын дұрыс қолданады.

Қолданады: Берілген тапсырманы түсініп,өз бетінше әрекет етуді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28 қазан
245
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі