Материалдар / ашық сабақ Тақырыбы: «10 саны мен цифры».

ашық сабақ Тақырыбы: «10 саны мен цифры».

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «10 саны мен цифры». Мақсаты: Білімділігі: 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Үштілділікті меңгерту арқылы балалардың құзіреттілігін дамыту. Дамытышылығы: Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Дамытушы ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелілігі: Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «10 саны мен цифры».

Мақсаты: 

Білімділігі: 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Үштілділікті меңгерту арқылы балалардың құзіреттілігін дамыту.

Дамытышылығы: Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Дамытушы ойындар арқылы балалардың ой-өрісін, ойлау қабілетін математикалық тілін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілігі: Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Билингвальды компонент: он-десять-тень.

Сөздік жұмыс: екі таңбалы сандар

Көрнекілігі: Сан таңбалары, слайд, сурет.

Ұйымдастыру барысы:

- Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте! Good moning!

Жылулық шеңбері

Оқу білім аламыз,

Біздер зерек баламыз.

Математика пәнінде,

Тапқыр, алғыр боламыз.

Тәрбиеші: Иә, балалар! Біз өскенде зерек болып өсу үшін қандай болуымыз керек?

Балалар: Әдепті, ақылды, сабырлы, білімді болуымыз керек?

Тәрбиеші: Ендеше математикалық білімімізді толықтыру үшін оқу қызметімізді бастаймыз.

Математика оқу қызметінде нелерді үйренеміз?

Балалар: Санауды, сандарды, есеп шығаруды

Тәрбиеші: Балалар біз өткен оқу қызметінде қандай сан мен таныстық?

Балалар: 9 санымен

Тәрбиеші: Олай болса, тағы бір есімізге түсіріп көрейікші.

1 ден 9 ға дейін тура және кері санайық. ( 3бала үш тілде тақтаға шығарып айтады)


Ойын: «Көршісін ата»

Мақсаты: Сандардың ретімен орналасуын пысықтау.

Ортаға 9 баланы шығарып, әр бала өзінің көрші санын табу .


Түсіндірме жұмыстары: (Экран арқылы)

10 саны 10 бірліктен, 1 мен 0 санынан құралады.

9 бірлікке 1 бірлікті қосқанда, 10 бірлік шығады.

9+1=10

5, 7, 9 сандарын жазу үшін неше цифр, 10 санын жазу үшін неше цифр қолдандық?




Жеке баламен жұмыс «Жіпке тіз» ойыны

Балалар түрлі-түсті жіпке 10 пішінді тізіп, түстерді үш тілде айту.


Тапсырмалар:

Шаршы, шеңбер пішіндері арқылы балаларды екі топқа бөлу. Орын алмасу.

1 тапсырма «Есепте».

10ға дейінгі сандардан есеп шығару

Сергіту сәті

Біз ботақан екеуміз,

Есептеуге бекембіз.

Ақтөс келіп қосылса,

Үшеу болып кетеміз.

Бір ауылда бірге өскен,

Бар қызықты бір кешкен.

Өжет бота Аямен,

Біз үшеуміз Ақтөспен.

Өжет бота Ая және мен

Біз үшеуміз Ақтөспен

Дейсің бе, біз нешеуміз

Біз бесеуміз, бесеуміз

Санамаққа жаттығып,

Алғыр болып өсеміз

Біз бесеуміз, бесеуміз

Алғыр болып өсеміз.


2 тапсырма «Түрлі-түсті түймелер»

Табақшадағы түймелерге сәйкес санды орналастыру.


10 санын ауада және баспа түрін жазғызу

Саусақ жаттығуы

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ

Бесті беске қосқанда

Болады екен он саусақ

Қорытынды:

10 санын орыс тілінде десять, ағылшын тілінде тень дейміз.

- Балалар, бүгін біз қандай санмен таныстық?

- Бүгінгі тапсырмалар ұнады ма?

- 10 саны неше цифрдан тұрады?































































14 Қаңтар 2022
374
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі