400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Тақырыбы: 1836-1838 жылғы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Материал туралы қысқаша түсінік
- 1836-1838 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы күресінің себебін анықтайды; - Көтерілісті кезеңдерге бөліп, көтеріліс болған аймақтарды картадан көрсетеді; - ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға береді;
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Мерей ЖОББ мектебі

Күні: 14.01.2019

Мұғалімнің аты-жөні: Жангирова Улбике Изтелеуовна

Сынып:8

Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы

1836-1838 жылғы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Зерттеу сұрағы:Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлын қандай ортақ идея біріктірді?

Оқу мақсаты

7.3.1.5. - халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күрес салдарын анықтау

7.3.1.6. – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Сабақтың мақсаттары

  • 1836-1838 жылдардағы халықтың отаршылдыққа қарсы күресінің себебін анықтайды;

  • Көтерілісті кезеңдерге бөліп, көтеріліс болған аймақтарды картадан көрсетеді;

  • ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға береді;

Бағалау критерийлері

- отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістің себебін анықтап, көтеріліс болған аймақтарды картадан көрсетеді;

- көтеріліс басшыларының қызметіне баға береді;

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты термнология: отаршылдық, старшын, хорунжий, шекаралық комиссия, жазалаушы отряд

Диалогққа арналған тармақтар:

  • Көтерілістің шығу себебін және мақсатын айтады

  • 1836-1838 жылғы көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын айтады

  • Исатай мен Махамбеттің қызметіне баға береді

Жазылымға арналған тармақтар:

  • Көтеріліс болған аймақтарды картаға түсіреді

  • Исатай мен Махамбеттің көтеріліс барысындаға ерліктері мен ерекшеліктерін жазады



Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау және шығармашылыққа баулу, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы білім

Бөкей Ордасының құрылуы және тарихи тұлғалары жөнінде біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы іс әрекеттер:

Құрал - жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы

Ширату жаттығуы:

"Сұрақты ұстап ал" әдісі арқылы алдыңғы білімді ескетүсіру


« Миға шабуыл» фотоколлаж көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу





Оқушыларға әртүрлі таңдау арасында өзара байланыс орнатуға мүмкіндік беру үшін «Исатай», «Махамбет», «Жәңгірхан» суреттері арқылы топқа бөліемін, оқушылар берілген суреттерден ақпарат айтады. Сол арқылы оқушы нені білетіндігін анықтаймын.


Стикер



Сабақтың ортасы




1-тапсырма: мәтінді оқып, топта берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды.

Әдіс: «Екеуі үйде, екеуі қонақта»

І топ: Көтерілістің шығу себебі және мақсатын топтастырыңыз

ІІ топ: Көтерілістің барысы және орталықтарын картадан көрсетіңіз

ІІІ топ: Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызын топтастырыңыз


Бағалау критеийі

Дескриптор

отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық көтерілістің себебін анықтап, көтеріліс болған аймақтарды картадан көрсетеді


- Оқулықтағы мәтінді толығымен меңгереді

- Мәтіннен топ тапсырмасына қатысты мәліметті табады

- Өздері барған топқа ақпаратты толық жеткізеді


ҚБ Оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Бағдаршам» әдісі қолданылады. Егер сары немес қызыл түстер көтеріп отырған оқушылар болса дер кезінде сұрақтарына жауап беріледі. Жауапты оқушылардың өздеріне жауап беруге мүмкіндік беріп, қолдау көрсетемін.

Қызыл - түсініксіз

Сары - сұрағым бар

Жасыл - барлығы түсінікті


2-тапсырма

Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының көтерілісті басқарудағы ерекшеліктері мен ерліктерін жаз

Жеке жұмыс: «Ақпараттық органайзер» әдісі


Исатайдың қызметі

Махамбеттің қызметі

Екеуін біріктірген ортақ идея









Бағалау критерийі

Дескриптор

Көтеріліс басшыларының қызметіне баға береді

  1. Исатай мен Махамбет туралы ақпаратты талдап, жазады

  2. Ақпаратты жұпта талқылайды

  3. Исатай мен Махамбеттің көтерілісті басқарудағы ерекшеліктері жазады

  4. Исатай мен Махамбеттің көтерілісті басқарудағы ерліктерін жазады


Тапсырманы орындауға қиналып отырған оқушыларға қолдау көрсету мақсатында сәйкестендіруге арналған тірек сөздер беремін. Берілген сөз тіркестерін «Исатайдың қызметі» «Махамбеттің қызметі», «Екеуін біріктірген ортақ идея» ұяшықтарына орналастырады.

Қосымша тапсырма:

Тірек сөздер: қазақтарды Жәңгір ханға және патша үкіметіне қарсы үгіттеді, 1836-1838 жж көтеріліс басшылары, 21 жасында өз руының жайық атасына старшын болып тағайындалды, патша әкімшілігінің қол шоқпары, хан, сұлтандарды озбырлықтарын айыптады, 1836 ж Қарауылқожа Бабажанұлы бастаған хан жасағына қарсы шықты.

ҚБ: Жұптар өзара бір бірін бағалау үшін «Медаль және миссия» әдісі арқылы талдау деңгейін бағалайды

ҚБ

«Ашық микрофон» әдісі


  • Исатай мен Махамбет неліктен ханнан гөрі халыққа жақын болды?

  • Егер Исатай мен Махамбеттің ісі әділ болған болса,Бөкей Ордасының халқы неліктен екіге бөлінді?

  • Егер көтерілісшілер хан ордасын талқандағанда көтеріліс барысы қалай аяқталар еді?

Саралау. «Ашық микрофон» әдісі кезінде жабық ашық сұрақтарды таным деңгейі төмен және қабілетті оқушыларға қарап сараладым. Қарқыны күшті оқушылар өз қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және де орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға оқушыларға диалогтық қолдау көрсетіліп, жетелеуші сұрақтар беріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақ бойынша өзіндік ой-қорытынды шығарады.





Суреттер, слайд, бағдаршам түстері, карта































Кесте, оқулық

Сабақтың соңы



Кері байланыс: «ҚҚҚ» кестесі

Құнды болғаны

Қиын болғаны

Қызық болғаны


















Саралау:

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бұл сабақтағы қалыптастырушы бағалаулар

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай топқа бөлемін. Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар беріледі. Оқушыларға интербелсенді әдістерді қолдану арқылы барлық оқушыларды жұмысқа тартамын. «Екеуі үйде екуі қонақта»әдісі арқылы барлық оқушылар диалогққа түсуге мүмкіндік алады, сонымен қатар оқушылар тақырыпты қызығушылықпен орындап, тақырыпты меңгереді. Оқушылардың жұмысын жеңілдету және қолдау мақсатында кейбір оқушыларға жетелеуші сұрақтар қолданамын. Жетелеуші сұрақтар: Көтерілістің басталу себептері қандай? Көтерілістің алғашқы кезеңдері? Көтеріліс болған жерлерді ата? Көтерілістің жеңілу себептері қандай? “Ақпараттық органайзер” әдісі кезінде оқушылар тақырыптан алған ақпаратты жинақтап, талдап, жазады. Тапсырманы орындауға қиналып отырған оқушыларға қолдау көрсету мақсатында сәйкестендіруге арналған тірек сөздер беремін. Берілген сөз тіркестерін «Исатайдың қызметі» «Махамбеттің қызметі», «Екеуін біріктірген ортақ идея» ұяшықтарына орналастырады.

“Бағдаршам”, “Дескриптор”, «Медаль және миссия» әдістері арқылы қалыптастырушы бағалаулар жүргіземін. Суреттер арқылы аралас гендерлік топтарға бөлінді.


Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарладыңыз?

«Екеуі үйде екуі қонақта» әдісінен кейін «Бағдаршам» қалыптастырушы бағалау қолданамын, сол арқылы оқушылардың тақырыпты қай деңгейде меңгергендігін анықтаймын. «Ақпараттық органайзер» әісінен кейін «Медаль және миссия» әдісі арқылы оқушылар тақырыптағы ақпаратты жинақтап, талдау деңгейін анқытаймын.

«Ашық микрофон» әдісі кезінде оқушы өз қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді және оқушыларға диалогтық қолдау көрсетіледі.

Сыныпқа жарықтың түсуі мен сыныптағы парталардың орналасуы талапқа сай болуы қадағаланады.

«Сұрақты ұтып ал» әдісі бойынша ширату жаттығуы өткізіледі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
739
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі