|
|
|
|
Күні
|
21.09.2015
ж.
|
|
Сыныбы
|
11
|
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Исатай Тайманұлы мен
Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісі (1836-1838
жж)
|
|
Мақсаты
|
Көтерілістің себептері,
қозғаушы күші, басталуы, жеңілу себебі мен тарихи маңызын
ашу
|
|
Күтілетін нәтижелер
|
А. Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлы бастаған көтерілістің негізгі себептері мен қозғаушы
күшін ашып көрсетеді.
В. Көтеріліс қамтыған аумақты ,
басты басты шайқас болған тарихи орындарды картадан тауып
көрсетеді.
С. Истай Тайманұлының барлық
даулы мәселелерді бейбіт жолмен шешуге әрекет жасағанын фактілер
арқылы дәлелдейді.
|
|
Керекті жабдықтар
|
Қазақстан тарихы 11 сынып,авторлары: Т.Тұрлығұл,
С.Жолдасбаев, Л.Қожакеева, Г.Жусанбаева, электрондық оқулық,
әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер
және фломастер, электронды оқулық, карта, тірек- сызба, бағалау
парағы, рефлексия парағы, хронологиялық кесте.
|
|
Сабақ барысы:
|
|
Сабақ
кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы
әрекеті
|
|
Кіріспе
|
|
Амандасу. Сынып оқушыларына жағымды
ахуал туғызу. Жұпқа бөлу.
Үй
тапсырмасын сұрау үшін төрт жұпқа тапсырма
беремін.
І
жұптың тапсырмасы: ХҮІІІ ғасырдың екінші
жартысындағы патша үкіметінің отарлық саясатының күшеюіне нақты
мысалдар келтіріңдер.
ІІ
жұптың тапсырмасы: Орынбор өлкесінің басшысы
О.Игельстромның көтеріліс барысында Сырым бағытына қолдау
көрсетуінің мәні неде?
ІІІ
жұптың тапсырмасы: Көтерілістің қозғаушы күшіне,
жеңілу себептеріне, тарихи маңызына талдау
жасаңдар.
ІҮ
жұптың тапсырмасы: Хандық кеңеске қатысты
рубасыларының, сұлтан топтарының, Сырым Датұлының қарым- қатынасына
баға беріңдер.
Тапсырма орындалған соң «екі
жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы бағалатамын.
|
Оқушылар
түстер арқылы жұпқа бөлініп отырады.
Оқушылар
қолдарына берген сұрақтарға жауап әзірлейді.
Барлық жұп бір бірінің
жауаптарын тыңдайды «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы
бағалайды
|
|
Тұсаукесер
|
|
Оқушыларға «Истай Тайманұлы
мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілісі » жөнінде электрондық
оқулықтан мәліметтер көрсету.
|
Оқушылар видеороликті тамашалап болып тақырыпты
ашады.
|
|
Негізгі бөлім
|
|
Сыныпты екі топқа бөліп тапсырма беремін тапсырмалар
беремін.
І
топтың тапсырмасы: Көтерілістің алғышарттары мен
себептері.
ІІ
топтың тапсырмасы: көтерілістің басталуы, барысы,
көтерілістің жеңілу себептері , тарихи маңызы
Қосымша тапсырма:
1836-1838
жж болған осы оқиғалар көтеріліс пе әлде ұлт азаттық қозғалыс па?
Өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.
1836-1838
жж болған көтерілістің алдына қойған мақсаты , қозғаушы күші
жағынан алып қарағанда басқа көтерілістерден айырмашылығы
қандай?
|
Топтар
берілген тапсырма бойынша оқулықтан және 8 сыныптың оқулығынан және
интернеттен мәліметтерді толықтырып жинап өз ойларын дәлелдейді.
Шағын топтар бір бірінің жұмысын «екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісімен
бағалайды.
Оқушылар
берілген мәліметтер арқылы өз ойларын айтады.
|
|
Қорытынды
|
|
«Он сұрақ» әдісі арқылы
қорытындылау
Сабақтың басында берілген
табыс критерийлерімен оқушылардың өзін-өзі бағалауын
ұйымдастыру.
Оқушы
бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын
Оқушы
бағалауын тыңдап, өзім қорытындылап бағалаймын.
Үй
тапсырмасы: ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт
азаттық қозғалыстар тақырыбында хронологиялық кесте
сызу
Сабақ соңындағы рефлексия:
«Бағдаршам» әдісі
|
Ортаға бір оқушыны шығарып,
маңдайына стикермен сөз жазып жапсырмаын. Сол сөзді басқа
оқушылардың сұрақтары арқылы
табады.
Әр оқушы табыс критерийлеріне
қаншалықты жеткенін талдап, өзін-өзі
бағалайды.
Үй
тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Сабақты қаншалықты
түсінгендіктерін оқушылар стикерлер арқылы
көрсетеді.
|