400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: " 7 саны және цифры" (Математика)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Математика

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бактыбаева С.Р.

Сынып: 3 А

Қатысқандар:30

Қатыспағандар:

Ортақ тақырып: 1А бөлімі: Сандар мен цифрлар

Бөлімше: 1.1 «Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер»

Сабақтың тақырыбы: 7 саны және цифры

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.1** натурал сандардың және нөл санының құрылуын түсіну;

10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау .

1.1.1.2 **біртаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.

1.1.1.3 **біртаңбалы сандардың құрамын анықтау .

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

7 санының натурал сандар қатарындағы орнын біледі; 7 цифрын жазып үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

7 санын басқа сандармен салыстырады.

Кейбір оқушылар:

7 санының құрамын анықтайды; 7 санын алу тәсілдерін біледі.

Бағалау критерийлері

1. 7 саны — натурал сан және сандық сәуледе 6 санынан кейін тұратынын түсіндіреді.

2. 7 санын басқа сандармен салыстырады; “+”, “–”, “=”, “≠”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

3. 7 санының құрамын анықтайды.

Тілдік мақсат

Оқушылар : 7 санымен, оны алу тәсілдерімен және сандық сәуледегі орнымен танысады, 7 цифрын жазып үйренеді.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Жеті, апта,кемпірқосақ, түстер палитрасы, қылқалам.

жеті – семь – seven

апта – неделя - week

кемпірқосақ – радуга – rainbow

палитра – палитра – palette

қылқалам – кисточка - brush

Талқылауға арналған сұрақтар:

— Тура және кері ретпен 10-ға дейін сана.

— 7 саны қанша заттың санын білдіреді?

— 7 саны сандық сәуледе қай жерде орналасқан?


— 7 санын қалай алуға болады?

— 7 санын басқа сандармен салыстыруға болады ма?

— Аптаның жеті күнін білесіңдер ме?

— Кемпірқосақтың жеті түсін кім айтады?


Жазылым бойынша ұсыныстар:

7 саны және цифрын үлгіге сай көркем жазу.



Ишара: Ауа райы

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерінің түсінген, түсінбегенін білдіру үшін ауа райы белгілерімен көрсетеді.


Рисунок 1

Рисунок 2

Рисунок 3

Жалғастыруға дайынмын

Толық түсінбедім, әлі толықтыруым керек

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет





Алдынғы оқу:

«Серпілген сауал» әдісі.

Оқушыларға ауызша жаттығулар қатарын жасауды ұсыну.

1) тура және кері ретпен 10-ға дейін сана.

2) 2-ден 5-ке дейін, 6-дан 3-ке дейін, 4-тен 9-ға дейін, 9-дан 5-ке дейін сана.

3) “Жалғастырып сана” ойыны. Бір оқушы 10-ға дейінгі кез келген санды атайды, екінші оқушы келесі санды айтып жалғастырады.

4) “Алдына тұр” ойыны. Бір оқушы тақтаға шығып 10-ға дейінгі кез келген санды атайды, келесі оқушы оның алдына тұрып, сол санға дейінгі санды айтады.

5) “Жаңғырық” ойыны. Алақанмен бірнеше рет қол соғып және оқушылардан сіз неше рет соқсаңыз, сонша рет қол соғуын сұрау.


1-ден 10-ға дейінгі цифрлар жазылған парақшалар;











Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері (төмендегі жазбаларды сіз жоспарлаған жаттығу түрлерімен ауыстырыңыз)

ресурстар

Басы



Психологиялық ахуал.

Амансың ба алтын күн!
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба достарым!
Амансыздар ма қонақтар!
Сабағымызды бастайық.
Жамандықты тастайық
.


Сыныпты топқа бөлу: Мозайка әдісі

Кемпірқосақ Палитра ҚылқаламРисунок 4 Рисунок 5 І топ ІІ топ ІІІ топ

АКТ – ны қолдану








Кемпірқосақ, түстер палитрасы, қылқалам суреттерінің мозайкасы

Ортасы







Ой қозғау. “Кім кемпірқосақты тез әрі дұрыс жинап бітіреді?”

Жұмбақ.

Қызыл, сары, жасылды,

Көкте бір зат асылды (Жауабы: кемпірқосақ).

- Кемпірқосақты көргендерің бар ма?

- Кемпірқосақта неше түс бар?

- Олар қандай түстер?

Шыққан кемпірқосақтың жолақтарын санайық.

- Кемпірқосақта жеті түсті жолақ бар.

Жеті саны сандық сәуледе алты санынан кейін тұрады.



1 2 3 4 5 6 7 8 9


Тапсырма - 1. «Түстер палитрасы» .

Әрбір палитрада жеті түстен болу үшін әрқайсысына неше бояудан қосу керек?

Рисунок 6

Жауабы: біріншіге бір бояу қосу керек, екіншіге — екеу, үшіншіге — үшеу.

Дескриптор:

1. Палитрадағы түстерді санайды.

2. Палитрадағы қосу керек түстердің санын анықтайды.

3. Палитра түстерін ажыратады.

Қ/б. Смайликтер

Тапсырма - 2. «Сандарды салыстыр».

Қай белгіге (> , = , <) бояу жағылып кетті?

Рисунок 7

Дескриптор:

1. Салыстыру (> , = , <) таңбаларын қайталайды.

2. Сия тамшыларының орнына салыстыру таңбаларын қояды.

3. 7 санын басқа сандармен салыстырады.

Кері байланыс

Қ/б. Смайликтер

Тапсырма - 3. «Кемпірқосақта неше түс бар?» Сәйкестендіру.

1 қызыл

2 қызыл сары

3 сары

4 жасыл

5 көгілдір

6 көк

7 күлгін

Жауабы: 7 түс.

Дескриптор: 1.Кемпірқосақтағы түстердің атын атайды.

2. Кемпірқосақтың түстерін санайды.

3. Кемпірқосақтың түстерін дұрыс сәйкестендіредіҚ/б. Жұлдызша

Сергіту сәті : Кемпірқосақ әні

Тапсырма – 4. Жұптық жұмыс.

Рисунок 8

Жауабы: жеті жаста.

Русланның жасы қанша болса: “Сыныпта сонша жастағы балалар бар ма, әлде жоқ па?”

Дескриптор: 1. Оқушылар өз беттерінше санайды.

2. Жауаптарын жұптар арасында анықтайды.

3. Жеті жастағы ұлдар мен қыздардың санын біледі.

Қ/б. Смайликтер

Жұмыс дәптерімен жұмыс: 24-жұмыс парағы

Тапсырма -5. «Ойлан,тап»

Рисунок 9

Жауабы: 1 + 6 = 7; 5 + 2 = 7; 3 + 4 = 7.


Деңгейлік тапсырма. Берілген сандардың құрамын толықтырып жазыңыз.

5









6









7











Дескриптор: 1. 7 санының құрамын анықтайды;

2. 6 санының құрамын анықтайды;

3. 5 санының құрамын анықтайды

Рисунок 10 Қ/б. Бағдаршам көздері

әр топқа түстеріне қарай жолақтарға бөлінген қағаздан жасалған кемпірқосақ (3)беріледі;




7 цифрының жазбаша үлгісі;




әр топқа “Түрлі түсті палитра” тапсырмасын орындауға арналған қатты қағаздан жасалған палитра мен желім;

диаметрі 3 см тең түрлі түсті қағаздан жасалған дөңгелектер;







Смайликтер













Постер, маркер









Бармақ көрсетеді











АКТ – ны қолдану











Жұлдызшалар







қосымша тапсырмасы бар парақша.

Әр жұп жауап береді.











Смайликтер





7 цифрының жазбаша үлгісі

қосымша тапсырмасы бар парақша.Постер, маркерДөңгелектер

С оңы







Кері байланыс-Бүгін сендерге бәрінен де не ұнады?

Оқушылар сабақ соңында:

- сандық сәуледегі 7 санының орнын табуды;


  1. - 7 санын басқа сандармен салыстыруды;

  2. - 7 санының құрамын анықтауды;

  3. - 7 цифрын жазуды меңгереді.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін білу


үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдау:

— 7 саны сандық сәуледе қай жерде орналасқан?


— 7 санын қалай алуға болады?

— 7 санына байланысты қандай мақалдар білесіңдер?

Рисунок 11

Рисунок 12



Қосымша мәліметтер


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

А - Қабілетті оқушы 7 санының құрамын анықтайды.

В – 6 санының құрамын анықтайды.

С- 5 санының құрамын анықтайды.

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Топты бағалау, баланы бағалау. Смайликтер.


Алма ағашымен өзін- өзі бағалау.


Пәнаралық байланыс

– денсаулық және қауіпсіздік, АКТмен байланыс.


Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Қазақ халқында 7 саны киелі сан

болып саналады.

Жаратылыстану, дүниетану.

Байқағыштыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.


Қорытынды бағалау.

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)

1. «Түстер палитрасы» стратегиясы.

2. Алма ағашымен өзін- өзі бағалау.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Ресурстармен тиімді жұмыс жасау, өмірмен байланыстыру.

2. АКТ тиімді қолдану.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.Ресурстарды тиімді пайдалану арқылы алға ілгерілеудің жүзеге асатынын білдім.

2. АКТ тиімді қолдану арқылы үдемелі оқудың жүзеге асатынын білдім.


























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23 қазан
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі