Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ тақырыбы : “Өз еліңнің патриоты болу!”
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңдері / Уақыт |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) 1. Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин) |
Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. Мұғалім 5 Т – ережесі: 1. Тәртіп. 2. Талап. 3. Тыныштық. 4. Тазалық. 5. Татулық. Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізуді ұсынады. «Су асты патшалығына ойша саяхат» тыныштық сәтін өткізеді. (Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалайды. Жайлы, баяу музыка қойылады). Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз. Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз. Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. |
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді. Оқушылар 5 Т ережесін еске түсіреді. «Су асты патшалығына ойша саяхат жасап» өз әсерлерімен бөліседі. |
Оқулық. Презентация. https://www.youtube.com/watch?v=GwQlGR4mKTw |
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин) |
|
Оқушылар тақырып бойынша салынған үй жұмыстарын көрсетіп, таныстыру жүргізеді. |
А4 қағаздағы суреттер |
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин) |
«Адам болу – қасиет, азамат болу – міндет, патриот болу – парыз!» Бауыржан Момышұлы -Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңдер? - Не себепті патриот болу парыз? Мұғалім дәйексөзбен таныстырады. Дәйексөзді дауыстап оқып береді Оқушыларға дәйексөзді қайталап, дәптерге жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрайды. Мұғалім оқушылардың жауаптарына сүйене отырып, өзі қорытынды жасайды. |
Оқушылар нақыл сөздің мағынасын талқылайды, оны 2-3 рет қайталайды және дәптерге жазады. |
Презентация |
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (3-7 мин) |
Мұғалім «Әлия Молдағұлова» туралы деректі бейнежазбаны көрсетеді. Сұрақтар:
|
Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, батыр қызымыз Әлия Молдағұлова туралы таным көкжиектерін кеңейтеді. |
https://www.youtube.com/watch?v=8OzV28QhjE8 |
5. Шығармашы-лық жұмыс (12-15 мин) |
Мұғалім оқушыларды 3 топқа біріктіреді және топта жұмыс ұйымдастырады. Мұғалім экранда 1ден-12 аралығындағы ұяшықтарды көрсетеді. Топтың әр мүшесі кезекпе кезек ұяшықтарды таңдап, жасырылған сұрақтарға жауап береді. 1-сұрақ: Қазақстан Республикасы қай жылы және күні өз тәуелсіздігін алды? (1991 жылы 16-желтоқсан) 2-сұрақ: Мақалды жалғастыр? «Отан үшін күрес – елге тиген …….? (Отан үшін күрес – елге тиген ҮЛЕС.) 3-сұрақ: Суретте бейнеленген кім? (Бауыржан Момышұлы) 4- сұрақ: Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңыз?
5- сұрақ: Қазақтың 3 батыры кімдер? (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай) 6- сұрақ: Қасиетті киіз үйдің құрылысы? (Шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық) 7- сұрақ: Қазақтың тұңғыш педагогы кім? (Ыбырай Алтынсарин) 8- сұрақ: Суретте бейнеленген кім? (Ләззат Асанова (желтоқсан қаhарманы)) 9- сұрақ: Мақалды жалғастыр? «Отансыз адам, ........ ......» (Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.) 10- сұрақ: Қазақтың 3 биі? (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би) 11- сұрақ: «Сүйгенім қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын» деген кімнің өлең жолдары? 12- сұрақ: Сиқырлы билет! Өз еліңнің нағыз патриоты болу үшін не істеу керек? (Оқушының өз ойы!) |
Оқушылар кезекпен тақтаға шығып, 1 ұяшықты таңдайды. Жасырылған сұраққа 10 секунд дайындалып, өз жауабын айтады. |
Лед экран Ұяшықтар |
6. Үй тапсырмасы (1-2 мин) |
Мұғалім 116 бетте берілген 3-тараудың қорытынды тестілеу жұмысын дәптерге жасап келуге тапсырады. |
Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. |
Оқулық 116 бет |
7. Топпен ән айту (2-3 мин) |
Мұғалім оқушылармен бірге «Атамекен» әнін орындайды. Атамекен Әні: Ескендір Хасанғалиев Сөзі: Қадір Мырза Әлі Жасыл жайлау-түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды, Қазагымның алақаны деп білем Қайырмасы: Қайда жүрсем ,атамекен , Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен Жасыл жайлау-түкті кілем көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем, Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем Қайырмасы: Қайда жүрсем, атамекен , Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі ұясына Қимай оны батады екен |
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды. |
Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі. https://www.youtube.com/watch?v=BO6HnkGe8yk |
8. Сабақтың қорытынды сәті (1 мин) |
Мұғалім оқушыларға сабақта не түсініп, қандай жаңа ақпарат алғандығы туралы алдарында берілген стикерлерге жазып, тақтадағы қалташаларға салуды тапсырады. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық. |
Оқушылар рефлексия жасайды. |
Стикер Қалташалар https://www.youtube.com/watch?v=JZZ3y30leUM |