Материалдар / Ашық сабақ тақырыбы : “Өз еліңнің патриоты болу!”
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ тақырыбы : “Өз еліңнің патриоты болу!”

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтан тыс іс шара : “Өзін-өзі тану еліне саяхат!” тақырыбы аясында 3 класс оқушыларына жүргізілді. Сайыс 3 кезеңнен тұрды. 1кезең- Quizizz веб сервисі арқылы тест жұмысы. 2 кезең- жұмбақтың жауабын квест арқылы табу. 3 кезең- барабанды айналдырып сөзді тап!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2022
316
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану еліне  саяхат» сыныптан  тыс іс-шара жоспары.


Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Жақсылықова Жанна Жәрдемқызы

Мерізімі:

04.03.2022

Қатысушы класстар:

3 «а»

3 «ә»

3 «б»

Іс-шара тақырыбы:

«Өзін-өзі тану еліне  саяхат»

Іс-шара мақсаты

Оқушылардың өзін-өзі тану пәні бойынша білімдерін тексеру, өз-өздерімен жұмыс жасауға ықпал беру және адамгершілік құндылықтарын үйреніп, білім, біліктерін кеңейтуге жағдай жасау.

Іс-шара міндеттері


  • Өзін-өзі тану пәні бойынша білімдерін арттыру;

  • Шапшаң қимылдау арқылы өз өзіне менімділігін арттыру;

  • Өзін өзі басқара алуға, терең ойлауға бейімдеу.


Жоспары:


Мұғалім: Балалар бүгінгі  кешімізде  «Өзін-өзі  тану еліне» саяхаттаймыз. Ол  елде  орман-тау,өзен-көл,патшалықтар,елді-мекендер  мен сарайлар  бар. «Өзін-өзі тану елі» - «Тіл  табысу», «Білім», «Табиғат», «Атамұра», «Өнерлі ел», «Достық» деген  өлкелерден  тұрады. Бұл  елдің  ең  биік шыңы  «Адамгершілік» деп  аталады. «Адамгершілік» шыңына  жету  үшін әр  өлкенің тұрғындарының өз  тапсырмалары  бар .Сол  тапсырманы  орындай  отырып шыңға  қарай өрмелейік. «Адамгершілік» шыңында әрқашан  күніміз  жарқырап  бізге  шуағын  шашып  тұрады.


Бүгін «Адамгершілік» шыңына жетуге келген 3 класстың ең алғыр, зейінді 15 оқушылармен танысып өтейік:

3 «А» класс оқушысы Болатова Аяулым

3 «А» класс оқушысы Мызахмет Гауhар

3 «А» класс оқушысы Талгатова Раян

3 «А» класс оқушысы Туысбай Нұртас

3 «А» класс оқушысы Қуаныш Асылжан


3 «Ә» класс оқушысы Аманғали Айша

3 «Ә» класс оқушысы Избанова Айша

3 «Ә» класс оқушысы Сергей Айару

3 «Ә» класс оқушысы Серік Абдулазиз

3 «Ә» класс оқушысы Темирболатов Бекарыс


3 «Б» класс оқушысы Малик Саян

3 «Б» класс оқушысы Нұрқасымов Нұрислам

3 «Б» класс оқушысы Серік Елхан

3 «Б» класс оқушысы Темірхан Айлина

3 «Б» класс оқушысы Тұрғанғалиева Айару

«Адамгершілік» шыңына жету үшін біз бүгін 3 кезеңнен өтеміз:

1- кезең: «Quizizz» веб сервисы арқылы «өзін-өзі тану» пәніне байланысты 10 тест сұрақтарына тез әрі дұрыс жауап береміз!

2- кезең: «квест ойыны».

3- кезең: «Поле чудес» деп аталды.


Шарттармен танысып болсақ ойынды бастаймыз.

1- кезең: «Quizizz» веб сервисы арқылы «өзін-өзі тану» пәніне байланысты 10 тест сұрақтарына тез әрі дұрыс жауап беру! Сіздердің жинаған ұпайларыңыз бен орындарыңыз интербелсенді тақтада көрсетіліп отырады. Жинаған ұпайларымызға сай ең жоғарғы ұпайларды жинаған 10 оқушы 2 кезеңге өтеді. Сілтемеге өтіп тест жұмысын бастайсыз!

https://quizizz.com/admin/quiz/621fb8798b4be4001e39868e


Ендеше 2-кезеңді бастаймыз. «Квест ойыны». Бұл кезеңде тақтада 10 оқу-білімге және оқушыға қажетті мектептік құралдар жасырынған жұмбақтар беріледі. Ал ол жұмбақтың жауаптары осы кабинеттің кез-келген бұрышында жасырылған. Жұмбақтың 10 жауабынан бөлек, 3 жеңілдік те жасырылған. Жауапты табуға және жұмбақпен сәйкестендіріп қоюға 5 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауабын тауып, шапшаңдық танытқан оқушылар келесі кезеңге жолдама алады!

Ойын басталды, уақыт кетті.

1. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді?
Жазу


2. Теңіздей түбі терең ,
Сүңгіген жетер әрең?
Қалам


3. Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,
Жүргенде жол салады табандатып?
Кітап


4. Ақ жерде қара тары,
Кім шашса сол орады?
Білім


5. Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады? Сөйлем


6. Тiл жоқ өзiнде,

Сөзi бар iзiнде? Қаламсап


7. Оқу-бiлiм аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесi де бiрнешеу? Сөмке


8. Кең алаң – тақырдан,

Шиырлап қайтады.

Ақ қант қатырған? Бор

9. Білім менен тәлім,
Парақты ашқанда
Беттерінен мәлім.
Күнделік


10. Үстінде есігі,
Өзі орындық, әрі үстел,
Оқушылар бесігі.
Парта


Ендігі кезекте 3 кезең. Бұл кезең «Поле чудес» деп аталды. Бұл кезеңде мен 1 сұрақ беремін, ал ол сұрақтың жауабы жасырын түрде тақтада ілініп тұрады. Тек сіздерге сұрақ пен әріптер саны белгілі болады. Және интербелсенді тақтада айналмалы дөңгелек көрсетіледі.

Осы кезеңге шыққан оқушылар арасында жеребе тарту ойыны жүргізіліп, рет нөмерлеріңізді алатын боласыздар. Өз ретіңіз келгенде интербелгенді тақтада көрсетілген айналмалы дөңгелекті айналдырасыздар. Ол дөңгелектерде 100 ден 1000ға дейін ұпайлар, ұпайды 2 және 3 еселеу, сонымен қатар қара қорап деген нұсқа бар. Айналған кезде қай нұсқаға түсті сол нұсқадағы ұпайды немесе сыйды алу үшін «1» әріпті айтасыз, ол әріп жасырынған сөзде бар болса ашылады және сіз айналмалы дөңгелекте түскен ұпайды аласыз. Қателескенше ойынды әрі қарай әріп тандап жалғастыра бересіз. Ал егер, сіз айтқан әріп жоқ болса дөңгелекте көрсетілен ұпай немесе сыйдан айырыласыз. Және егер сізге қара қорап түсіп, сіз әріпті дұрыс тапқан болсаңыз мен сізге 2 қара қорап ұсынамын, оның біреуінің ішінде сыйлық жасырынса, екіншісінің іші бос болады. Егер қорапты ашуды таңдасаңыз сіз ойыннан қорапты ашып, шығасыз. Ал егер ашпаймын десеңіз ойынды әрі қарай жалғастырасыз. Осы ретпен әріптерді ашып жалғастыра бересіздер, егер сөзді толық біліп тұрған болсаңыз өз ретіңіз келгенде әріпті емес, сөзді айтсаңыз, ол дұрыс болған болса сіз «Адамгершілік» шыңына шығып бас жүлдесін иеленесіз.


Сұрақ:

Адамның не бір заттың өзіне тән сапалық болмысын, ерекшелігін айқындайтын ұғым?

Қ

А

С

И

Е

Т

Т

Е

Р


Осымен бүгінгі біздің «Өзін-өзі  тану еліне саяхат» атты іс-шарамыз өз соңына жетті.

Марапаттау сәтіне кезек берейік!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!