400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ тақырыбы :"Абай әлеміне саяхат"тәрбие сағаты 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақта тәрбиелік мәні бар, оқушының ой өрісін дамытады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты



"Абай әлеміне саяхат"

(Абай Құнанбаевтің 175 жылдық мерейтойына орай )



9"ә" сыныбы

Сынып жетекші: Нурниязова Ш.А





2019-2020 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: "Абай әлеміне саяхат"

Тәрбие сағатының мақсаты:

-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

- Адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге, қасиетті нәрселерді қадір тұтуға тәрбиелеу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту, көрініс көрсету, СТО, ,

Көрнекілігі:  Абай портреті,  кітаптар, фотослайдтар, буклеттер.

Техникалық жабдықталуы: ноутбук, проектор, бейнетаспа

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті, ,тарих, ән

Тәрбие сағатының кезеңдері:

1.   Ұйымдастыру                             

2. Ой шақыру

3. "Абай дара, Абай дана қазақта"

4. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

Барысы

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыздың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында дара ақын, дана ақын – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

Мұғалім:Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз... Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…

I. Ұйымдастыру

Балалар, Абайдың жыл мезгілдеріне байланысты жазылған өлеңдерін бастауыш сыныптардан бастап оқып, жаттап келесіңдер, иә.Қазір менің қолымда жыл мезгілдеріне байланысты суреттер бар . «Мозайка» әдісі арқылы 3 топқа бөлінейік те, сол суреттегі жыл мезгіліне байланысты Абайдың 1 шумақ өлеңін айтайық, иә

Қыс- 1-топ Күз-2-топ Жаз-3-топ

II. Ой шақыру (әр топ өз тақырыбына қатысты бір шумақ жол өлең айтады)

Жарайсыңдар, балалар тақтаға, слайдқа назар аударайықшы.



«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

1.Абай алғашқы өлеңдерін қай ақынның атынан жариялап отырды? ( Көкбай ).

2. Абай туралы ең алғаш мақала жазған кім?

( Әлихан Бөкейханов, 1903жылы Петербургта  жазған).

3. Абайдың шын аты кім?(Ибраһим).

4.Абайдың қанша күйі бар? Аттарын ата.

( Үшкүйі бар: «Тоқжанға», «Май түні», Абайдың желдірмесі»).

5.Абайдың аяқталмаған поэмасы.(«Әзім әңгімесі».)

6.Абай Лермонтовтан қанша шығарма аударған?

(Жиырма жеті шығарма аударған).

7.Абайдың әжесінің және шешесінің аттарын ата.( Зере, Ұлжан.)

8. Ділдәдән туған балалары.(Ақылбай, Әбдірахман, Мағауия).

9. «Қазақтың бас ақыны  -Абай Құнанбаев» деп атаған кім?( Ахмет  Байтұрсынов).

10.Әйгерім кім? Әйгерімнің шын атын ата.

(Абайдың екінші әйелі, шын аты Шүкман.)

11.Абай өлеңдер жинағы қайжылы басылып шықты және қай қалада?( 1909 жылы Петербургта).

12. « Абай жолы» романын кім жазды?( Мұхтар Әуезов).

13. Абай ескерткіші алғаш қай қалада қоыйлды?(Алматы қаласында мүсінші-Х. Наурызбай.)

14.Абай кімге ғашық болды? (Тоқжанға)

15. Шәкәрімнің Абайға қандай  туыстық жақындындығы болды?(Абайдың ағасының баласы.)

III."Абай дара, Абай дана қазақта"

Мұғалім: Пікірталас, Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?

(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)

IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"

Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз

білеміз. Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік.

Аудио тыңдалым. Абайдың 29 қарасөзі.

1-топ. Көрініс

2-топ. Эссе

3-топ. ПОПС формуласы.

Басбармақ» бағалау.

Мұғалім: Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына. Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.


Мұғалім: Жұппен жұмыс. Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады. 37 қарасөзін негізге ала отырып орындасаңыздар болады. «Екі жақты күнделік»әдісі.
1. Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
2. Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы
3. Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы

Мұғалім:Пікірталас: Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?

Абай – ойшыл.

V."Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"

Мұғалім: Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік.

1- оқушы: Жаз
2- оқушы: Күз
3- оқушы: Қыс
Мұғалім: Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген Енді Абайдың "Көзімнің қарасы" Гүлжайнаның орындауында тыңдайық. Жарайсыңдар , балалар енді сабағымызды мына сөздермен қорытындылағым кеп отыр.

Мұғалім: Абай өз өлеңдерінде, әндерінде табиғат сұлулығын, адамнің көңіл-күйін әсерлі бейнелеген Енді Абайдың "Көзімнің қарасы" Гүлжайнаның орындауында тыңдайық. Жарайсыңдар , балалар енді сабағымызды мына сөздермен қорытындылағым кеп отыр.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
9 мамыр
1497
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі