400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Тақырыбы: "Бағдаршам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: 1.Көлік түрлерінің атауын үйрету. 2.Көшеде жүру ережесі туралы білімдерін арттыру. 3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап. Блингивтік компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорого.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық

картасы

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Сабақтың мақсаты:

1.Көлік түрлерінің атауын үйрету.

2.Көшеде жүру ережесі туралы білімдерін арттыру.

3.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, түсіндіру, ойын сұрақ - жауап.

Блингивтік компонент: Бағдаршам – светофор, жол – дорого.

Көрнекіліктер: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, тақпақ(мнемотехника арқылы жаттау).


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері.

Қуан шаттан,

Қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қайырлы таң,

Қайырлы күн,

Күліп шықты, күн бүгін.

Шаттық шеңберінде балалар бір – біріне жылулық сыйлайды.




Балалар шеңберде тұрып қимылмен жасап, айтады.

Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар кәне мен сендерге жұмбақ жасырайыншы?

Жасыл көзі «жүр» дейді.

Қызыл көзі «тұр» дейді

Сары көзі «дайын бол» дейді.

Бұл не?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Бүгін «Бағдаршам – біздің досымыз» атты тақырыпты өтеміз, яғни жолда жаяу жүру ережесімен танысамыз. (балалардың назарын слайдқа аудару)

- Суретте не көріп тұрсыңдар?

- Үш түсті кім атап береді?

- Осы үш түсті біріктірсе, не пайда болады?

Бағдаршам-үш түсті дөңгелек бар.

- Қызыл түс.

- Сары түс.

- Жасыл түс.

II. Негізгі бөлім: Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.

Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.

- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.

- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар.

Жарайсыңдар, балалар! Енди біз жол сақшысымен танысамыз , оның қызметімен. Жол сақшысы жолда жүру ережесін қадағалайтын маман иесі. Қанекей балалар, жол сақшысымен жолда жүру ережесімен танысайық!

Ойын: «Жолдан өту»

Шарты:Жол сақшысының көмегімен жолдан өтуі тиіс.

- Жарайсыңдар балалар,

Сергіту сәті.

- Ал, балалар, кәне сәл демалып алайық.

- Олай болса балалар, «Бағдаршам» ойынын ойнаймыз.

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.

- Жарайсыңдар балалар, ойын сендерге ұнады ма?

- Ендеше балалар, сабағымызды ары қарай жапсырумен байланыстырайық! Бүгінгі ұйымдастырылған ойын іс – әрекетіміз «Бағдаршамды» ақ қағазға рет – ретімен орналастырайық!

- Жарайсыңдар балалар!

- Кәнекей бәріміз

«Тәртіп керек баршаға» өлеңін жаттап алайық

«Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа»






-бағдаршам.









Балалар сұрақтарға жауап береді.










Балалар мұқият тыңдап отырады.







Балалар сұрақтарға жауап беріп отырады.

Тапсырмаларды орындай бастайды.








Балалар ойынды қызығушылық танытып, ойнайды.





Тапсырмаларды орындай бастайды.











Балалар өлеңді мұқият тыңдап, жаттап алады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар өлеңді қайталап, жаттайды.

- Балалар бүгінгі сабақта не туралы өттік?

- Бағдаршамның неше көзі бар?

- Қандай?

- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?

Жол тәртібін білейік.

Аман - есен жүрейік.


Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жолда жүру ережелеріне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен және жолда жүру ережесін біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Көшеде , жолда, жаяу адам жүретін жол және көліктер туралы түсініктерін қалыптастырады.

Меңгерген дағдыларымен іскерліктері: «Байқаңдар, балалар!», «Жаяу адам жүретін жол» сынды жол белгілері туралы білім беру және оларды айыра білуге  жетілдіру.

 





МҚКК «Айналайын» балабақшасы







Тақырыбы: «Бағдаршам»

Ересек топ











Дайындаған: Адылханова Г.М.












Аққу 2018 жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19 қаңтар
4430
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі