|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
-Балалар,күннің шуағын көргенде сендер не
сезінесіндер?
-Ия,дұрыс айтасыңдар.Күн бізге жылу,жарық
береді.Қане,бізде күнге ұқсап шеңбер құрайық та,бізге келіп отырған
апайларымызбен амандасып алайық.
Қайырлы
таң!
Доброе утро!
Good morning!
-Балалар орнымызға отырайық.
- Балалар қазір жылдың қай
мезгілі?
Күз-осень-autumn. Күз мезгілі екенін қайдан
білеміз?
-Қандай өзгерістер болады?
-Дұрыс айтасыңдар балалар.Күзде бақтағы
жемістер,бақшадағы көкөністердің бәрі піседі.Күзде күн
суытады,құстар жылы жаққа ұшып кетеді
(Балалар
үш
тілде күз туралы тақпақ оқиды)
Үнтаспадан балаларға құстардың дыбыстарын
тыңдатамын.
-Балалар қараңдаршы,жылы жаққа құстар ұшып
бара жатыр.
(құстар
ертегілер елінен хат әкеледі)
|
Көңіліміз көтеріледі.Күнге
қуанамыз.Күн бізге жылу береді.
Апайлармен амандасады.
Қайырлы таң!
Доброе утро!
Good morning!
-Қазір күз мезгілі.
Күз-осень-autumn
-Күз мезгілі екенін табиғаттың өзгеруінен
білеміз.
-Күн суытады,жаңбыр жауады,құстар жылы жаққа
ұшып кетеді,бау-бақшада жемістер,көкөністер піседі.
Балалар
үш
тілде күз туралы тақпақ оқиды
Балалар
құстарды қызықтайды.
|
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Балалар бізге ертегілер елінен хат
келіпті.Хатты ашу үшін білетін ертегілерімізді есімізге
түсірейік.
-Қандай ертегілерді білеміз?
(хатты ашып, балалардан
қай ертегі кейіпкері екенін сұрау).
-Дұрыс балалар,бұл хатты
«Бауырсақ»ертегісіндегі аңдар беріп жіберген
екен.
(хатты оқу)
-Ата-әже беріп жіберген сыйлықты бауырсақ
бізге аман-есен жеткізуі үшін, жолда оның алдынан шығатын аңдардың
тапсырмаларын орындауымыз керек екен.
-Бауырсаққа көмектесіп, тапсырмаларды
орындаймыз ба?
-Бауырсақ домалап келе жатса алдынан қоян
шығады.
(қоянның тапсырмасы)
Қоян-заяц-rabbit
Қоян: Күз мезгілінде пісетін жемістер мен
көкөніс-
терді атап,түсін,пішінін айтып
беріңдер.
Балалар ертегіні әрі қарай өздері жалғастырып
айтады.
(қасқырдың
тапсырмасы)
Қасқыр: Жұмбақ шешу
1.Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз палауды.(Сәбіз)
2.Бақшамызда өседі,
Керек тағам деседі.
Бар қызыл,көк,сарысы
Ащы-тұщы бәрісі. (Бұрыш)
3.Әрі қызыл,әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.(Алма)
4.Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп.(Жүзім)
5.Қайнатсаң –томатың,
Турасан-салатың(Қызанақ)
6.Әр жапырақтың асты толған көк
қоян,
Жаз болғанда көк қоянды жеп
қоям(Қияр)
-Жарайсыңдар балалар,қасқырдың да тапсырмасын
жақсы орындадыңдар.
Қасқыр-волк-wollf
(ертегіні жалғастырып
айтады)
Сергіту
сәті:
Қанатымды жазамын,
Жоғары төмен қағамын.
Биік көкте айналып,
Жапырақ боп жерге қонамын.
(аю шығады
)
-Енді аюдың тапсырмасын
орындамас бұрын саусақтарымызды жаттықтырып
алайық
Саусақ жаттығуларын
орындау.
1.Бақшадағы қызанағы-
Бағдаршамдай қызарады.
2.Өте ұзын боп өскен,
Бақшадағы қиярым
3.Қызғылт сәбіз пісіп тұр,
Жұлып,жұлып аламыз.
4.Бостан-босқа тұрмайын,
Алмұрттарды жинайын
5.Алманы да терейін,
Досым келсе берейін.
(аюдың
тапсырмасы)
-Балалар бізге аю өте күрделі тапсырма берген
екен.
Бұл тапсырманы мұқият орындауымыз
керек.
(жеміс-көкөністердің дайын
суретін гуашқа батырып ақ қағазға жапсыру)
-Балалар ненің суреті шықты?
(түлкінің тапсырмасы)
Ойын:
«Бақта ма,бақшада
ма?»
Бақша-огород-gтarden
Шарты: Жеміс пен көкөніс
қайда өсетінін сұрау.Ыдыста тұрған жемістер мен көкөністер араласып
жатыр,қәне біз жемістерді жеміс ағашына, ал көкөністерді бақшаға
апарып реттеп қояйы
Жарайсыңдар
балалар, түлкінің тапсырмасын жақсы орындадыңдар.
|
-Үйшік,қолғап,жеті лақ,ұр тоқпақ
т.б
«Бауырсақ» ертегісіндегі
бауырсақ.
Ертегіні естеріне
түсіреді.
Балалар тыңдайды.
-Ия,
көмектесеміз,орындаймыз.
Қоян-заяц-raddit
Балалар қоянның тапсырмасын
орындайды.
Балалар қасқырдың жасырған жұмбақтарын
шешеді.
Балалар жұмбақтың шешуін табады
Ертегіні жалғастырып айтады
Қасқыр-волк-wollf
Тәрбиешімен бірге сергіту
сәтінің қимылдарын орындайды.
Жаттығуды орындайды, саусақтарымен
көрсетеді
Жеміс-көкөністердің дайын
суретін гуашқа батырып ақ қағазға жапсырады.
Алманың,қиярдың,алмұрттың...
Бақша-огород-gтarden
Балалар
тапсырманы қызыға орындап,жеміс пен көкөністі бір-бірден алып
орнына қояды.
|